Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғаттағы заттың үш күйімен таныстырып, олардың бір бірімен айырмашылығын ажырата білуге үйрету



бет1/4
Дата01.03.2024
өлшемі32.28 Kb.
#493481
түріСабақ
  1   2   3   4
Заттың агрегаттық күйлері 11 сын


Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғаттағы заттың үш күйімен таныстырып, олардың бір - бірімен айырмашылығын ажырата білуге үйрету.
Білімділік: Оқушыларға заттың агрегаттық күйінің өзгеруі оның молекулалық құрылымының өзгерісімен байланысты болатынын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды заттың үш күйі - газ, сұйық, қатты дене болатындығымен таныстыру, балқу және қатаю құбылыстарының мағынасын түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың пәнге деген ынтасымен қабілетін дамыту:
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кристалл дене моделі, қатынас ыдыстар, мензурка, түсі боялған ыдыстағы су.
Тәжірибе жасау:
1. Сұйықтардың белгілі бір формасы жоқ, көлемін сақтай алатындығын көрсету.
2. Кристалл денелердің молекулаларының ретпен орналасуын көрсету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Заттың агрегаттық күйінің өзгеруі оның молекулалық құрылымының өзгерісімен сәйкес келеді. Заттың бір агрегаттық күйден екіншісіне өтуін оқып үйренгенде, оқушыларға табиғат құбылыстарында үнемі болып отыратын ауысулар мен өзара әсерлесулер жөнінде, аздаған сандық өзгерістердің түбегейлі сапалық өзгерістерге түрлену жөнінде айтамыз.


Барлық зат (кейбір заттан басқасы) үш түрлі – қатты, сұйық және газ тәрізді агрегаттық күйде болады. Мысалы, су p=101 325 Па=760 мм сын. бағ. қалыпты қысымда және Т=0°С температурада мұзға, Т=100°С температурада қайнап, буға айналады. Плазма заттың төртінші агрегаттық күйі болып есептеледі. Заттың агрегаттық күйі температура мен қысымға тәуелді. Заттың агрегаттық күйін анықтайтын негізгі шама – молекулалардың өзара әсерінің орташа.
Қатты денелердің қасиеттеріндей (мықтылығы, морттылығы, қаттылығы) және сұйық денелердің қасиеттеріндей (аққыштығы, уақыт өту мен формасының сақталмауы) қасиеттері бар аморф денелер туралы айтуға болады. Үлкен пробирканың ішінде қайнауға дейін жеткізілген суы бар ыдысқа саламыз. Шыққан графикті талдаған кезде оқушылардың назарын балқу процесі өтетін температура тұрақтылығына аударамыз. Балқу температураларының кестесін қарастырамыз.

1. Кесте мен жұмыс. 3 - кесте 59 - бет


Барлық металдармен олардың қорытпалары кристалл денелерге жататынды ғына тап көрсетіп, оқушыларға кестеден ең жоғары және ең төмен балқу температуралары бар металдарды табуды ұсынамыз. Оқушыларға нашар балқитын металдар мен қорытпалардың космос корабльдерін реактивтік двигательді жасауда, жылу, электр приборларының спиральдарын дайындау үшін қолданылатынын түсіндіреміз.

1. Мұз қай температурада ериді? (°С)


2. Сынап қай температурада қатады? (- 39°С)
3. Қай метал өте баяу балқиды? (вольфрам 3387° С)
4. Қай металл тез балқиды? (қалайы 232 °С)
5. Күміс қай температурада балқиды? (961° С)
6. 1064° С болатын қай металл. (алтын)
7. Неліктен суық жерлерде солтүстік ендіктерде ауаның температурасын өлшеу үшін сынапты емес, спиртті термометр пайдаланылады? Өйткені сынап (- 39 °С - де) қатты аязда қатып қалады.
8. Алтын қасықта күмісті балқытуға боладыма? (болады t күміс< t алтын)
9. Алюминий ыдысқа салып мысты балқытуға бола ма? (болмайды, өйткені t алюминий < t мыс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет