Тақырыбы:Жұмыр құрттар
типіне жататын
жәндіктердің негізгі
ерекшеліктері
Жамбыл облысы,Жуалы ауданы №30 Көктөбе орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Қалдасбекова Айшат
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып,жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктерге түсінік беру.
Міндеттері:
-
Жалпақ құрттардың құрылысы,тіршілік әрекеттері туралы танысады.
-
Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарларға тигізетін пайда-зиянын талдауда теориялық білімдерін пайдаланады.
Күтілетін нәтиже:
- Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.
- Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады
-
Жұмыр құрттардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін пайда-зиянын талдай алады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Электронды оқулық,суреттер,маркер,постер,А3форматты қағаздар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а)оқушылармен сәлемдесу.Түстер бойынша топқа бөлу.Топ басшысын сайлау.Бағалау парағын тарату.Критериймен таныстыру
ә)Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеруМиға шабуыл
1.Жалпақ құрттар қалай көбейеді?
2.Сірқабық деген не?Ол қандай қызмет атқарады?
3Мүшелер жүйесі деген не,жалпақ құрттарда қандай жаңа жүйе пайда болған?
4.Сорғыш құрттар не себептен бауырсорғыш деп аталады?
5Энтопаразиттер,эктопаразиттер деп қандай жәндіктерді атайды?
6.Паразит құрттарды зерттейтін сала қалай аталады?
7.Жалпақ құрттардың денесі неше қабаттан тұрады?
8.Жалпақ құрттардан сақтану шаралары туралы не білесіңдер?
Суретке қарап құрттарды ата: Цепен бауырсорғыш сұлама
Жұмбақтар
1)Төрт сорғышпен қармақшалар басында,
-
Етпен бірге қосылады асыңа,
-
Шала піскен етті жесең байқамай,
-
Қауіп – қатер туғызады басыңа. (Сиыр цепені)
2). Кірпікшелер көп денесін қаптаған,
-
Су ішінде тыным тауып жатпаған,
-
Екі құлақ, екі көзі тағы бар,
-
Осы құрттың атын өзін тауып ал. (Ақ сұлама)
Жалпақ құрттар типінің
кластарын ата:Кірпікшелі,таспа ,сорғыш .
Ойланып сұрақтарға жауап беріңдер:
1.Әбден пісірілмеген сиыр етін жеген адам қандай паразит құртты жұқтырып алуы мүмкін.(таспа құрт-сиыр цепені)
2.Мысалы,бақша иелері отырғызған көкөністерін жақын маңдағы шалшықты судан суарады делік.Егер сол бақшадан алынған көкөністерді жақсылап жумай жесек,қандай паразит жұқтырып алуымыз мүмкін. (Бауырсорғыш)
IIІ Жаңа сабақ
Тақырыбы: Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері:
Жұмыр құрттар-
денесі буылтықтарға
бөлінбеген,шұбаланқы,
цилиндр пішінді немесе
ұршыққа ұқсас
жәндіктер
Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен бұл типке жататын құрттар жұмыр құрттар деп аталады.
Жіпшеқұрт-өсімдік тамырында ауру
тудыратын паразит жәндіктер
Шаруашылыққа зианы көп
Мөлшері 1мм-ден аспайды
ІV Электронды оқулық
V. Мәтінмен жұмыс.
Рольдегі оқушылар
“Оқы, жұптас, талқыла”
І-топЖұмыр құрттардың ерекшеліктері,қылтыңбас,зымырақ.
ІІ-топҮшкірқұрт,жіпшеқұрт
ІІІ-топІшексорғы,қылқұрт,суыртқы
VІ. Термин сөздермен жұмыс
“Кір жаятын жіп” (глоссарий)
VІІ. Ішексорғының көбеюін сызбанұсқа түрінде көрсетіңдер
VІІІ. Семантикалық карта
ІХ. Қорытындылау
1-тапсырма.І-топ
Жұмыр құрттар типіне жататын құрттарды ата
бауырсорғыш зхинококк
сүт сұлама үшкірқұрт
адам ішексорғысы қылтыңбас
шошқа жармасқағы қылқұрт
2-тапсырма. ІІ-топ. Сөйлемдерді толықтыр
1.Жұмыр құрт деп _________ атаймыз
2.Денесінің сыртынан _______________ қапталған.
3.Денесінің үшінші қабаты ___________ қабаты.
4.Денесінің алдыңғы жағында _____________ орналасады.
5.Денесінің соңғы бөлігінде ____________ болады.
3-тапсырмаІІІ-топ.Ойланып, сұраққа жауап бер.
Жуылмаған таңқурайды жеген балада бір аптадан соң жөтел басталып,өкпеге суық тигендіктің(күн жылы болатын)белгілері байқалады.Екі жарым айдан соң зертханалық сараптаманың нәтижесі балада паразит құрттардың жұмыртқасы бар екенін анықтады.Бұл қандай құрт болуы мүмкін?(Ішексорғы)
Х.Бағалау
ХI Үйге тапсырма
Жұмыр құрттар типін қайталап оқу
Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің пайда-зияны туралы әңгімелеңдер.
ХІI Рефлексия.
Достарыңызбен бөлісу: |