Сабақтың тақырыбы : Біржасушалы қарапайымдылар Өткізілу күні: Пәні: Биология Сынып-7 Мақсаты



Дата13.06.2016
өлшемі3.07 Mb.
#132093
түріСабақ
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз орта мектебінің биология пәні мұғалімі

Өтегенова Шарбану Мұхамбетиярқызы

Сабақтың тақырыбы: Біржасушалы қарапайымдылар

Өткізілу күні:

Пәні: Биология

Сынып-7

Мақсаты: Қарапайымдылардың жіктелуі, түрлері ,құрылысы, тіршілік әрекеті ,

табиғаттағы маңызы туралы түсінік беру



  • Білімділік: Бір жасушалы жәндіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын, паразит жәндіктер қоздыратын аурулар және олармен күресу жолдарын түсіндіру, қарапайымдардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру, қызығуын арттыру.

  • Дамытушылық: Қарапайымдылардың көптүрлілігі туралы көзқарастарын кеңейте отырып , өз беттерімен қорытынды жасай білу, салыстыру, сараптау, сұраққа нақты жауап беру дағдыларын дамыту;

  • Тәрбиелік: Қарапайымдылардың тіршілік ету ортасы және бейімделушіліктері туралы түсіндіре отырып, олар да табиғаттың құрам бөлігі деген көзқарас қалыптастырып, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Проблемалық

Ұйымдастыру әдісі: Зерттеу- ізденушілік

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың жоспары:

1.Оқушылардың қызығушылығын ояту. Миға шабуыл (Қарапайымдылар тақырыбын ашу)

2. Қарапайымдылаға тән қасиеттермен танысу видеоларды қарау арқылы зерттеу жұмысын жүргізу;

3.Зерттеу жұмыстарының қорытындысы;

4. Сабақты қорытындылау (жазбаша тапсырма- кесте толтыру).

5. Бағалау;

6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, ынталандыру.



ІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Слайд №1«Тірі ағзалар» Сұрақтар :

  • Алдымыздағы слайдқа назар аударайық, қандай қорытынды жасар едіңіздер?

Жауап:Тірі ағзалар патшалығы

  • Барлық тірі ағзаларға ортақ белгі?

Жауап:Барлық тірі ағзалар жасушадан түрады, жасуша тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі.

  • Тірі ағзаларға тән қасиеттерді есімізге түсіреміз

«Адасқан хаттар » өсімдік және жануар жасушасының құрылысын сипаттау

Көрсеткіштер

Жасыл өсімдіктер

жануарлар

Қоректену типі

Зат алмасу

Жасунықтық жасуша қабығы

Өсуге қабілеттілігі

Қозғалыс та болуы

Қорек іздеудегі белсенділігі

Қоректік тізбектегі маңызы

Мүшелер жүйесі



Автотрофты

Ағзалық заттардың ыдырауы

Бар

Өмір бойы өседі



Тропизм, таксис

Белсенді емес

Продуценттер

Вегетативті, генеративті



Гетеротрофты

Қоректік заттардыңыдырауы

Жоқ

Жас шағында өседі



Белсенді қозғалады

Белсенді қорек іздейді

Консументтер

Сомалық , жыныстық



Сұрақ: Бір ғана жасуша тірі ағза бола ала ма? / слайд -1/

Оқушылар жауабынан кейін тақтаға сабақтың тақырыбы шығарылады.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады.

Қарапайымдылардың ашылу тарихынан үзінді.



І. Базалық білімді қайталау

Сұрақ Жасуша органоидтарын, олардың қызметін есімізге түсіреміз.

  • Жасуша қабықшасы

  • Цитоплазма

  • Ядро

ІІ. Жаңа сабақ

Тек қана қарапайымдыларға тән қасиеттер:

  • Қозғалуы

  • Жиырылығыш вакуоль (ішкі орта тұрақтылығын сақтау)

  • Көбеюі

  • Қоректенуі

  • Тітіркенгіштігі

  • Цисталануы

«Ғалымдар сөйлейді » біржасушылылардың тарихы туралы оқушылар мәлімет береді.

Қарапайымдылардың жіктелуі:

Әр тип өкілдеріне, ерекшелігін қарастырамыз

Қарапайымдылардың типтерге жіктелуі олардың қозғалысына негізделген.

Мысалы : Тамыраяқтылар, талшықты қарапайымдылар, кірпікшелі қарапайымдылар,

Енді саркодалар класына тоқталайық.

Класс тармағы:Тамыряқтылар, сәулелілер, күнтәрізділер







Видео ұсынылады «Амебаның қозғалысы» «Амебаның қоректенуі»

Көбеюі- тек жыныссыз жасушаның екіге бөлінуі арқылы, циста түзу арқылы көбейеді

- Дене тұрқы тұрақты

-қозғалысы жалғанаяқтары (псевдоподиялар арқылы)

-Қозғалысы амебоидтық деп аталады, ол жасуша ішіндегі цитоплазмасы қай жаққа ақса жалған

аяқтары пайда болып орын ауыстырады.

-Қоректенуі жалғанаяқтары тек орын ауыстыру емес қорегін ұстау да қызметін атқарады,

жалған аяқтарын шығарып қатта қоректік затты фагазитоз арқылы, сұйық затты пиноцитоз

арқылы. Ас цитопзмаға түскен соң жиырылғыш вакуоль пайда болып ас қорытылады,

қорытылмаған астың қалдығы дененің кез –келген жерінен шығарылады.



Амебалар отрядтары:

Дизентерия амебасы- адамның ішіне лас қол арқылы тамақпен бірге түседі,

Адамның иммунитеті төмендесе адамның ішегін зақымдап жараға

айландырады, қан ағады сондықтан «қан тышқақ амебасы» деп аталған



Қабыршақты амебалар:


Біздің су қоймаларында Арцелла, Дифлюгия т.б туысқа жататын түрлері кездеседі. Айырмашылғы денесі қабыршақпен қапталған.Арцелланың қабықшасы сары табақ тәрізді органикалық заттан тұрады,кейбір түрлерінде хитинді.

Амебалар отрядын салыстыру


Кәдімгі амеба

Қабыршақты амеба

Дизентериялық амеба

Өте қарапайым құрылысты, денесі жалаңаш. Диаметрі: 10-15 мкм. Ядросы біреу, денесі цитоплазма лық жарғақпен қапталған, оның астында мөлдір тығыз эктоплазма мен қоймалжың эндоплазма орналасады.

Денесі қабыршақпен қапталған, ал басқа құрылыстары өте ұқсас. Қабыршақ эктоплазма шығаратын хитинді заттардан құралады.

Паразиттік жолмен тіршілік етеді. Амеобиоздың қоздырушысы. Диаметрі- 20-30мкм, қозғалғыш.

Псевдоподияларының көмегімен асты жұту-фагоцитоз.

Жиырылғыш вакуоль көмегімен сыртқа шығады.



Қабыршақ жасалып жатқан кезде жәндік цитоплазма сына майда қиыршық құмды тартып алып, дене сыртына шығарады.

Цистаға оралады.


Фораминифера отряды

Құрылысы басқа тамыраяқтыларға қарағанда күрделірек. Тек теңізде тіршілік етеді. Қабыршақтары көбінесе көп камералы. Қарапайым қабыршақ тығыз органикалық зат псевдохитиннен тұрады. Қабыршақтарының формалары әр түрлі: созылған қапшық, түтікше, спираль тәрізді. Қабыршақты сыртқы дүниемен байланыстырып тұратын псевдоподияларды сыртқа шығаратын тесікті саңылау(устье) деп атайды. Осы тесіктердің болуына байланысты (“foramen”-тесік) тасымалдау отрядтың аты берілген







фораминифера сәулелілер

Ерекшелігі: минералды ішкі қаңқасының болуына байланысты формаларының геометриялы дұрыс болуы.Сәулелілердің денесінің эктоплазма мен эндоплазмасы хитинді капсуланың ішінде орналасады, капсула сыртындағы плазмада пигменттер көп болады.

Теңіздің барлық тереңдіктерінде кездеседі
Талшықтылар класс

Ерекшелігі дене тұрқы тұрақты- жасунықты – өсімдіктектестерде, пелликула-жануартектес талшықтыларда.



Қозғалыс, қоректенуі талшықтар арқылы іске асады.Көп талшықтыларда ұзын-кинетопласт (базальды денесінің қасындағы ірі митохондрия) бар. Талшық сұйық ортаға бұранда тәрізді оратылып, секундына 10-40 айналым жасап енеді. Талшықтың ультрақұрылымы өте күрделі. Әр талшық екі бөлімнен құралады. Жасушаның сыртқы қабаты талшықты қозғалысқа келтіреді, екіншісі эктоплазмаға батып тұратын базаль денешігі –кинетосома. Талшықтың сырты 3 қабат жарғақпен қапталған, ал талшықтың ішінде 11 фибрилла орналасқан, талшықтың өн бойына аксиальді түйіршіктен басталатын 2 орталық фибрилла өтеді.шеткі жағында қабыққа таяу тағы 9 фибрилла болады.Шеткі фибриллалар талшықты қозғалысқа келтірсе, орталықтағылары тірек қызметін атқарады. Талшықтар тек қана қозғалыс үшін емес, сол сияқты асты ұстау қызметін де атқарады. Талшық қозғалысының нітижесінде қоршаған ортада су иірімі пайда болып, судағы ұсақ бөлшектер талшықтың түбіне қарай тартылады. Талшықтыларда қорек алдымен-жасушалық ауыз цистастомға кейін оған жалғасқан цитофарингсқа жалғанады.цитофарингс эндоплазмаға өтіп ол жерде ас қорыту вакуолі пайда болады.Қорытылмаған ас жиырылғыш вакуолі арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

Талшықтылардың көбеюі жыныссыз, кейбір колония түзетін түрлерінде -жынысты. Бұлардың жасушалары қалыпты жағдайда гаплоидты, зиготасы ғана диплоидты сондықтан әр жасушасы гаметаға айнала алады..Жыныссыз көбеюі -жасушаның екіге бөлініуі арқылы, жынысты көбеюі – изогамия (гаметалар көлемі, пішіні жағынан бірдей), анизогамия- (немесе гетерогамия гаметалар пішіні , көлемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар,оогамия- (үлкен қозғалмайтын аналық жасуша мен қозғалатын ұсақ аталық жасушаның қосылуы)

Зигота алғашында 2 рет мейозбен кейін митозбен көбейе алады.

Талшықтылардың маңызы

Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы аралық форма екендігінде


Жасыл эвглена құрылысы

Кесте түрінде толтырылады.

Басты ерекшелігі қоректену типі миксотрофты, яғни күндіз күн сәулесі жеткілікті болған жағдайда өсімдіктерше автотрофты қоректенсе түнде жанурлар сияқты гетеротрофты қоректенеді.



Кинетопластылар отряды. Өкілі: трипоносома

Паразит түрлер. Ұзындығы 20-70мкм. Оларда талшықпен байланысқан ерекше органоид-кинетопластың болуы тән. Тіршілік айналымы күрделі,



  • 1- сатысы шыбынның ас қорыту мүшесінде, 2 -сатысы адам қаны арқылы миды зақымдайды

  • Трипоносома омыртқалылардың қанында тіршілік етеді, оларды қансорғыш жәндіктер таратады. Африкада трипоносома ұйқы ауруын тудырады, оны таратушы цеце шыбыны, адамда аурудың белгілері дененің ысып сууынан басталады, біртіндеп адамды қатты арықтатып, ұйқы баса береді, емдемесе өлімге душар етеді.Қозғалмалы тирпоносомдарды ауру адамның қанынан, лимфа безінен, және жұлын сұйықтығынан көруге болады.

Өкілі: : лямблия

  • Бірнеше талшықтары және тербелмелі жарғағы бар паразит. Тік ішекке түскен лямблия талшықтарын жоғалтып тығыз қабықпен қапталады да, цистаға айналады. Лямблия-лямблиоз ауруын тудырады . Лямблияда 4 жұп талшық пен ішектің шырышты қабатына бекінетін сорғыш диск болады. Алғаш рет 1681ж Антони Ван Левенгук байқаған. Бұл паразитт профессор Лямбльдің (ІІ рет байқаған ғалым) құрметіне аталған

  • Лямблиоздың 2 түрі бар, дерматотропты, висцетропты-ішкі мүшелер:бауыр, көкбауыр зақымдайды, Орталық Азия елдерінде адамдарды зақымдайды, ішкі мүшелерін зақымдап,адам қатты жүдейді, тері жамылғысы қарайады сол себепті “ Қара азар” деп атаған

Отряд : Опалина Ірі көп ядролы әр түрлі амфибиялардың артқы ішегінде тіршілік ететін қарапайымды. Аузы болмайды, сапрофитті қоректенуде пиноцитоз маңызды. Денесі көп талшықтармен қапталған. Көп уақыт опалиналарды инфузорияларға жатқызып келген. Бірақ жатпау себептері:1. барлық ядролары біркелкі, инфузориядағы сияқты макро, микронуклеоустарға бөлінбейді.

2. Жынысты процесс капуляция арқылы жүреді. Олар ұсақ 1 ядролы гаметалар түзеді.



Инфузориялар немесе кірпікшелілер типі ВИДЕО ҰСЫНЫЛАДЫ «инфузорияның көбеюі »



  • Кірпікшелі инфузория

  • Сорғыш инфузория

Сорғыш инфузория- Ересек күйінде кірпікшелері, аузы, жұтқыншағы болмайтын қозғалмайтын формалар.Бүршіктену арқылы көбейеді.

Кірпікшелі инфузория- 7000 астам түрлері бар

Ерекшелігі: кірпікшелері арқылы қозғалады.Инфузория . Дене тұрқы әр түрлі, бірақ көбінің денесі сопақша,эктоплазманың сырты созылмалы пелликуладан тұрады. Пелликула сырқы қосарлы жарғақтан, ішкі қосарлы жарғақтан ортасында саңылау болады. Инфузорияның денесі эктоплазманың базальды денешігі кинетосомнан басталған кірпікшелермен қапталған.Кірпікшелер тек қозғалу қызметін ғана емес талшықтар тәрізді қоректену қызметін атқарадыЕгер қатар орналасқан кірпікшелер бір бірімен біріксе тербелмелі жарғақша түзеді, егер олар шашақ тәрізді біріксе оларды цирри деп атайды.Кейбір инфузориялардың эктоплазмасында мионемалар бар (жіп) бұлшық ет тәрізді ол арқылы тез денесін жиыра алады.Сол сияқты көпшілік инфузорияларда эктоплазмасында ерекше қорғаныс бейімділіктер- трихоцисталар болады.Жәндік тітіркеген кезде трихоциста сыртқа атылып, ұзын жіпке айналады жіптер жауының денесіне қадалып, улы зат бөледі.Жансызданған қорегін кірпікшелері арқылы жасушалық аузы- цистостомға бағыттап одан ары цитофаригс арқылы жұтады.жиырылғыш вакуольдер пайда болып ферменттер әсерінен ас қорытылып, қорытылмаған қалдығы денесінің артқы бөлігіндегі қылаулатқыш арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

Инфузоряның көбеюі жыныссыз- қарапайым 2 бөліну арқылы, жынысты конъюгация процессі жүреді. Конъюгация кезінде инфузория жасушалары құрсақ жақтарымен жұптасып араларында цитоплазмалық көпір пайда болады.Жасушадағы Макронуклеус ыдырап цитоплазмаға сіңіп кетеді. Микронуклеус алдымен 2 рет мейозбен бөлінеді де , диплоидты жиынтық 4 гаплоидтыға айналады, 3 жасуша ыдырап цитоплазмаға сіңіп кетеді де қалғантбіреуі тағы бөлінеді сөйтіп әр жасушада гаплоидты 2 нуклеус пайда болады-жынысты пронуклеустар, көбеюдің келесі сатысында шартты түрде аталық жасуша немесе донор , аналық жасшаға-рецепиент микронуклеусын береді, 2 гаплоидты микронуклеус қосылып диплоидты жиынтығы қалпына келеді. Макронуклеустары қалпына келіп екі жасуша бір-бірінен алшақтайды.

Көрсеткіштер

Саркодалар, талшықтылар

класы

Инфузория

класы

Мекен ету ортасы

Дене тұрқы

Қозғалу органоидтары

Ядро саны

Бақалшақтың болуы








Қоректену типі

Бөліп шығару

Тыныс алуы

Көбеюі








Паразит қарапайымдар:талшықты лейшмания, дизентерия амебасы, олардан сақтану ережесі туралы мәлімет.

Біржасушалы қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Бекіту жұмысы: «Өзіңді тексер »1. Тест сұрақтары

2. логикалық сұрақтар

Үйге тапсырма : Біржасуалы қарапайымдардың табиғаттағы маңызы туралы мәлімет жинақтау

Қорытынды





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет