Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты : Мәтіннің мазмұнын ашу. Қазақ батырларының өмір жолын үлгі ете отырып



Дата11.06.2016
өлшемі70.18 Kb.
#128747
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: Мәтіннің мазмұнын ашу. Қазақ

батырларының өмір жолын үлгі ете отырып,

оқушыларды мәнерлеп оқуға,

мәтінді өз сөздерімен әңгімелеуге үйрету.


Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сабақта түрлі сызбалармен жұмыс істей

отырып оқушыларды жеке пікір айтуға,

өздіктерінен қорытынды жасай білуге

жаттықтыру, сөздік қорларын арттыру,

байланыстырып сөйлеуге қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Батыр ата-бабаларымыздың өмірін үлгі ете

Отырып оқушыларды елін, жерін сүюге,

ұлтжандылыққа, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, сызбалар, тірек сигналдары.
Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ (интер тақта)
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды сабаққа дайындау

ә) Ой- сергіту сәті. 10 сұрақ, 10 жауап.

ә) Сыныпты топқа бөле отырып топ басшыларын сайлау.

б) Сыныпты үш топқа бөліп, топ басшылары өздерінің топ аттарына сипаттама береді.

1-топ Абай ауылының балалары.

2-топ Ыбырай ауылының балалары.

3-топ Ахмет ауылының балалары.


Үй тапсырмасы:
1.Әбілмансұр мәтінінің мазмұнын айтуды ұсынамын.

2.Мәтінді азат жолмен кезектестіре отырып оқытамын.

3.Мәтін бойынша топтардан сұраққа жауап аламын.

4.Мәтінді өткен сабақтармен байланыстыра отырып үш жүз, үш би туралы оқушылардан сұрап естеріне түсіремін.



Әбілмансұр

Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалған екен. Ол Төле бидің қолында малшы болыпты. Абылай басына үлкен сеңсең тымақ киіп, түйе жаяды. Үсті басы алба-жұлба, қалай болса солай жүреді екен.Сонда Төле би мұның аты Сабалақ болсын депті.

Бір күні Төле би ауылдан келе жатса, Сабалақ қол-аяғын жан-жаққа жазып, шалқасынан ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарына айтыпты: «Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр, мұны білдіңдер ме?»- депті. Жолдастары: «Біз қайдан білейік»,- депті. Төле би: «Бұл түбі ел билейді екен.»,- депті. Содан Төле кешке келгеннен кейін Сабалақты түйеден шығарып, жылқы бақтырыпты.

Сол уақытта қазақ, қалмақ соғысуға жиналыпты. «Мен де осы соғысқа барсам екен»,- деп, Төле биден Сабалақ рұқсат сұрайды.Төле би: «Балам, қой, бір жерде өліп қаларсың»,- деп рұқсат бермепті. Абылай: «Ата барам!» - деп болмапты. «Жарайды, балам, барсаң бар», - деп батасын беріпті.Сабалақты бір бәйге атқа мінгізіп, қазақтың көп қолына қосып қоя беріпті.

Қалмақ, қазақ екеуі беттесіп соғысқа келіпті. Қазақтың батыры Қанжығалы қарт Бөгенбай жасы 80-ге келген екен. Қалмақтың жекпе-жекке бір қасқа атты батыры шығыпты. Қазақтан оған қарсы ешкім шықпапты. Содан кейін Бөгенбай мынаған ешкім бармадыңдар ма деп, өзі белсеніп майданға шығуға айналады. Бір кезде Сабалақ тұра шауып, Бөгеңе жетіп келіпті. «Мен барайын ата»,- депті. Бөгең бетіне қарап тұрып: «Барсаң бар , балам»,- деп батасын беріп, астындағы аты мен қолындағы найзасын беріпті. Сонда Сабалақ «Абылай, Абылай!» деп ұран шақырып, жауға қарсы шауыпты. Екеуі де найзаны тіке салысыпты. Найзамен екеуі бірін-бірі ала алмай,ат үстінен жағаласып қанжарласыпты. Сол жерде Абылай қалмақтың батырын жағасынан ұстап, бастан қанжармен бір салыпты. «Абылайлап» ұран салып, жауға кіріп кетіпті.

Қалмақтар мұны көрген соң қаша жөнеледі. Қашқан қалмақтарды «жау қашты» деп қазақтар қиратып салыпты.

Абылайдың өз аты Әбілмансұр еді, жауға Абылайлап ұран шақырғаннан Абылай атанып кетіпті.
1.Әбілмансұр –Сабалақ – Абылай есімдері жайында не айтасың?
2.Төле би Абылай туралы қандай жорамал жасады?
3.Абылайды кім деп білеміз?
4.Ол қазақ хандығына қалай қол жеткізді?


Мәтін кейіпкерлері

Ол кім?

1.Төле би

2.Бөгенбай батыр

3.Әбілмансұр


Абылай ханның шын аты

.... (Әбілмансұр)




Сергіту сәті:
Жаңа сабақ:

1.Сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақ




Р
















А



















Й















Ы
















М







Б
















Е

























К




1.Қанағат ... ойлап қой.

2. Бес ... іс көнсеңіз

3.Талап, еңбек, терең ... .

4. Бес нәрседен ... бол.

5. ... болам десеңіз.

6. ... нәрсеге асық бол

7. Талап, еңбек. ... ой,

8. Талап ... терең ой,
2.Райымбек батыр оның ерлігі мен өмірі туралы әңгімелеу.

3.Мәтінді оқып, әңгімелеп түсіндіру сұраққа- жауап ала отырып мәтін мазмұнын ашу.

4.Оқушыларға мәтінді азат жолмен кезектестіре отырып оқыту.

5. Жаңа сөздермен жұмыс


Атан түйе шөккен жер

Соңғы шайқаста Райымбек батыр қатты жараланды. Бұл оның жасы сексенге тақаған кезі еді. Райымбек батыр еліне: «Мені ана тұрған ақ атанға отырғызып, көштің басын Хантәңіріге түзеңдер. Жете алмасақ дәмнің таусылғаны. Ақ атан шөккен жерге елді қоныстандырыңдар. Менің де сүйегімді сол жерге табыс етіңдер»,- депті.

Бәрі қарт батыр айтқандай болады. Ел көшін тауға қарай бұрады. Ұзақ жол жүреді. Көш қазіргі Алматы қаласы Райымбек даңғылы бойындағы Орталық зират орналасқан жерге жетіп тоқтайды. Сол араға атан түйе де шөгеді. Ел жүгін түсіріп, осы араға қоныстанады. Көп ұзамай Райымбек батыр дүние салады. Батырдың зираты сол жерге орнайды.

Халық қазір де батыр зиратына мінәжат етіп тұрады.


1.Мәтіннен Райымбек батырдың сөзін тауып оқы.

2.Батыр неге солай деп айтты

3.Райымбек батырдың өтініші қалай орындады.

4. Халық Райымбек батырды қалай құрметтейді?

5. Райымбекті кім деп танимыз?


Қорытынды:
Топтық жұмыстар:
1- топ ВЕНН диаграммасымен жұмыс жасайды.

Әбілмансұр Абылай



2- топ Семантикалық картамен жұмыс жасап шығады.




Сұрақ

Жауап


Ақын

Қазақ

батыры

Қазақ ханы

Елін қорғады

Төле бидің қолында болды.

Өз аты Әбілмансұр

Алматы қаласында тұрады

Атан түйе шөккен жерге жерленді.

Райымбек

























Абылай

























3- топ ИНСЕРТ статегиясымен жұмыс жасайды.




Білемін

-Не үйрендім?

Жаңа ақпарат

? Мені таңқалдырды.

1.Ұлы Отан соғысы батырлары жайлы.

2.Желтоқсан қаһарманы

Абылай хан мен







4.Сабақты осы топтық жұмыспен қорытындылаймын.


Үйге тапсырма: «Атан түйе шөккен жер» мәтінін мәнерлеп оқу, түсінгендерін өз сөздерімен әңгімелеу, Райымбек батыр туралы жинастыру мәлімет.
Бағалау:

Сабақта белсенді қатысқан оқушыларды және топты бағалап, топтың қорытынды балын шығарып сабақты аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет