№ 11 Лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Биотехнологияда қолданылатын сепараторлар
Сабақтың мақсаты: Студттерді сепараторлармен таныстыру
Жұмыстың орындау реті:
Биотехнологияда қолданылатын сепараторлар
Жабдықтардың жіктелуі
Барабанды сепаратордың принципиадды кұрылғысы
Өздігінен түсіретін және тұңбаны үздіксіз түсіретін сепараторлар
Бактерияны боліп алуга арналган сепараторлар
Қысқаша теориялық материал
Бнотехнологияда қолданылатын сепараторлар
Сепарациялау қолданылады:
-нан және желе ашытқыларын концентрлегенде;
-эмульсияны бөлгенде;
-булағыш аппараттары мен ультрасүзгіш құрылгыларды концентрлеу алдында биологиялық белсенді заттардың ерітінділерін түссіздендігенде (тазалауда).
Жабдықтардың жіктелуі
Биотехнологияда технологиясы жағынан сепараторлар 5 топқа бөлінеді:
1) Бөлгіштер - эмульсияны болу үшін, яғни 2 бірдей ерімейтін суйықтықтарды (мысалы, су және парафин).
2) Тазалағыштар - катты фазаны суспензиядан бөлу үшін (мысалы, сұйықтықтан микробиологиялық суспензияның тасушыларын).
3) Тазалағыш-бөлгіштер - роторды жинауда тазалағыштар және бөлгіштер ретінде жүмыс істеу үшін.
4) Қоюлатқыштар (концентраторлар) —эмульсияны сепарирлеу кезінде коллоидтық немесе өлшенген компоненттерінің концентрацияларын жоғарлатумен бірге өнімді бөлу үшін.
Классификаторлар —затгың тығыздығы мен мөлшері бойынша суспензияның өлшенген компоненттерін жіктеуге арналған.
Ротордан тұнбаны (қатты фазада) жою әдісі бойынша:
1.Ротор тоқтағанда тұнбаны қолмен түсіретін сепараторлар.
2.Ортадан тепкіш піспектік тұнбаны үздікті түсіру сепараторлары (өздігінен түсіретін).
3. Тұнбаны үздіксіз ортадан тепкіш түсіру сепараторлары (соплалық сепараторлар).
Түссізденген және тазаланған сұйықтықтарды беру және жою бойынша барлық сепараторлар 3 топқа бөлінеді:
1. Ашық сепараторлар.
2. Жартылай жабық (жартылай герметикалық) сепараторлар.
3. Жабық (герметикалық) сепараторлар.
Достарыңызбен бөлісу: |