№ 9 жұмыс
ПОЛИАМФОЛИТТІҢ (ЖЕЛАТИНА) ИЗОЭЛЕКТРЛІК НҮКТЕСІН АНЫҚТАУ
Теориялық материал
Полиэлектролиттер ерітінділері. Полиқышқылдар, полинегіздер. Полиамфолиттер. Полиамфолиттің изоэлектрлік нүктесі, оған әсер ететін факторлар. Полиэлектролиттік ісіну.
Оқулықтарға сілтеме.
1. Ерғожин Е.Е., Құрманәлиев М.Қ. Полимерлердің химиясы мен физикасы. – Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012.
2. Абдықалыкова Р.А., Рахметуллаева Р.К. Полимерлердің химиясы мен физикасы // Оқу құралы. Алматы, «Қазақ университеті», 2015.
3. Қаржаубаева Р.Ғ. Полимерлеу процестерінің химиясы //Оқу құр. -Қазақ унив.-2002.
4. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения. – Н. Новгород: Издательский центр “Академия”, 2003.
5. Зезин А.Б. Высокомолекулярные соединения: учебник и практикум для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2016.
6. Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: учебник и для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2015.
Жұмыстың сипаттамасы
Жұмыстың мақсаты:
Реактивтер:
Желатина
0,02 н NaOH судағы ерітіндісі
0,03 н HCl судағы ерітіндісі
Қажетті құрал-жабдықтар:
Аналитикалық таразы
Иономер
Оствальд вискозиметрі
Секундомер
Ризина сорғыш
Өлшегіш цилиндр (20 мл, 50 мл)
Стакан (50 мл)
Жұмысты жүргізу тәртібі
Желатинаны қышқылмен және сілтімен титрлеген кезде ерітіндінің тұтқырлығының өзгеруі бойынша оның изоэлектрлік нүктесі анықталады. Ол үшін желатинаны 40°С температурада суда ерітіп, 1%-дық 50 мл ерітіндісін дайындайды. Осы дайындалған ерітіндінің 20 мл-ін стаканға құйып алып, 0,03 н HCl ерітіндісімен титрлей отырып, ерітіндінің рН-тарын 4,75; 4,5; 4,25; 4,0; 3,5; 3,0; 2,5; 2,0 келтіріп, әр келтірілген рН мәндерінде Оствальд вискозиметрінің көмегімен ерітіндінің тұтқырлығын өлшейді.
Титрлеу біткен соң электродты дистилденген сумен жуып, фильтр қағазымен құрғатып, желатина ерітіндісінің екінші жартысын, 20 мл ерітіндіні 0,02 н ΝaOH судағы ерітіндісімен титрлеп, ерітіндінің рН-тарын 6,0; 7,0; 8,0; 9,0; 10,0 мәндеріне келтіріп, әр келтірілген рН мәндерінде ерітіндінің тұтқырлығын өлшейді.
Зертханалық сабақ онлайн режимде өткен жағдайда жұмыс edpuzzle.com парақшасында бейнежазбаны көру және сұрақтарға жауап беру арқылы орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |