Сабақтың мақсаты: Тәрбиелігі



Дата30.06.2016
өлшемі93.92 Kb.
#167060
түріСабақ
Сынып: 6
Мерзімі: 23.02.09.
Тақырыбы: «Елдің елдігін сақтайтын - ерлер»
Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелігі: Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Қазіргі ер балалардың қандай болу керек екендігін және де жасөспірім кезіндегі туындайтын әке мен бала, аға мен іні арасындағы қатынас туралы түсінік беру.
Сабақтың түрі: көрініс түрінде
Көрнекілігі: Қазақ батырларының, үш бидің және Абылай ханның суреттері.

Ерлік, батырлық туралы нақыл сөздер: «Батыр жауда сыналады, жуас жайда сыналады».



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру;

  2. Кіріспе сөз (Мұғалім сөзі)

  3. Көрініс қою

«Үш бидің батырларға берген батасынан көрініс».


Қорытынды: Жалпыға ынта бөліп, жігер-қайрат болса, өз-өзін сенген кәміл иман болса, ер жігіттің істей алмайтын ісі жоқ.

Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала туған-туысына, жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды. Соның ішінде ұл баланың тәрбиесінде әке рөлі маңызды. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі», «Жақсы әкенің атағы жаман ұлға қырық жыл азық», «Ата сөзін сыйлаған адал ұлды, хат оқыған молдадан кем демеңіз» деп, бекер айтылмаған. Ұл балаға намысшыл, қайсар, өжет, инабаттылық, жолын көрсететін - әке!

Осымен біздің ағаларымызға арналған «Елдің елдігін сақтайтын - ерлер» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Ат салысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет айтамыз!

2. Кіріспе сөз
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Іргесі берік елден қашан да жау тайсалған. Сондықтан тәуелсіз Қазақстанды қорғау үшін мемлекетіміздің қарулы күші болуы қажет. Бүгінгі ұлдар – ертеңгі елдің қорғаны. Бабаларымыздай жерімізді, елімізді, егемендігімізді сырт көзден қорғар қайсар азамат болыңыздар. Біздің елдің тарихында ер әр кезде қорғаушы азамат болған. Қазақ тарихында басқа елдің жеріне таласқан халық емеспіз. Біз осыны мақтанышпен айта аламыз. Біздің бабаларымыз Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай тағы ұлы батырларымыз – елін, жерін қорғау үшін қолдарына қару алып, елінің болашағын қорғаған.

Елім, жерім деп жаудан қорғаған, азат еткен, қазақтың қазақ болып қалуына зор үлес қосқан ұлы бабаларымыз аз емес. Ел қорғаны болған Абылай ханды неге айтпасқа?

Абылай 30 жасқа жетпей алғыр, жігерлі қайрат-қуатымен ел билігіне араласады. Бірінші – ел бірлігі, екінші – қарулы күш болуы қажет екендігін түсінеді.
3. Көрініс қойылады.

Көріністің мәтіні:

Абылай хан: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр. Ел тыныштығын ойлап батырларымыз жорыққа аттанбақшы. Батырлардың жеңіске қол жеткізуіне күш-қуат беріп, ақ тілек батамен шығарып салайық!

Төле би: Халықтың қамын ойлайтын күн туды. Алаштың басын біріктіріп, ақылы мен айласын іске асыратын кезі келді.

Қазыбек би: Елдің кегін қайтаратын күн туды.

Әйтеке би: Келсін алдымызға батырлар, берейік ақ батамызды.

Абылай хан: Шақырыңдар батырларды!
Батырлар келеді: Қабанбай, Бөгенба, Наурызбай.
Абылай хан: Келді алдарыңызға батырлар. Ел намысын қорғау, жерімізді бөліске түсірмеудің бір жолы – сендердің қолдарыңда. Алдарыңда отырған үш бидің ақ батасымен жорыққа аттанасыңдар.

Қазақтың туын биік ұстап, елге жеңіспен оралыңдар! Айтыңыздар өсиет сөздерді, біріңіздер баталарыңызды.



Төле би: Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің баласы бол.

Бір үйдің атасы болма,

Бір елдің санасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп елдің ағасы бол.

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе көпшілікті сағала.

Өзіңе-өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол.

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол.



Қазыбек би: Біз қазақ – мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Үкіге найза таққан елміз!

Дәм-тұзды ақтай білген елміз,

Досымызды сақтай білген елміз!

Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға – найзаң тисін.

Бай болсаң елге пайдаң тимесе,

Батыр болыпжауға найзаң тимесе,

Елден бөлек күйің күйсін.

Батырлар: Абылай ханның ақ туының астында елімізді, жерімізді қорғауға дайынбыз. Шығып кетеді.
Оқушы сөзі: Жігіттер күн болды ойланарлық....

Асыл сол ақыл, білім ойды барлық.

Жігіттер, өнер үйрен заманыңда,

Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ.


Біздің қазіргі ер азаматтарымыз қандай болуы тиіс?
Оқушылардың сөзі: «Ел елдігін сақтайтын - ерлер»

  1. Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттан сабырлы болу;

  2. Сөз бен істе әділ болу;

  3. Қимыл қозғалыстың ақылға қонымдылығы;

  4. Тез тоқтамға келе алу;

  5. Өзің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау;

  6. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу;

  7. Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұру, көрсе қызарлыққа салынбау;

  8. Әр кез өзін істеген іске мұқият есеп беріп отыру;

  9. Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда болатын ісіңмен мақтанбау.



Сабақ жоспары

Пән: Ежелгі дүние тарихы

Сынып: 6

Күні: 03.02.09
Тақырып: Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі Египет жеріндегі әдеби шығармаларындағы өнеріндегі және дініндегі ерекшеліктерін көрсету. Ежелгі Египет жеріне ғасырлардағы тникалық өзгерістер сияқты күрделі мәселелерге кең түрде тоқталу.
Дамытушылық: Египет халықтарының аңыз-әңгімелерімен мифтерін және сонымен бірге египет құдайлары туралы әңгімелерді және керемет пирамидалардың қыр-сырын түсіндіру, дамыту.
Тәрбиелік: Әдебиеттің шығу тегін, пирамидаларының құрылыс саясатын зерттеу деректерінде олар орны ерекше екендігін айтып, оларды тануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Карта
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Амандасу, оқушыларды тізім бойынша түгендеу;

  2. Үй тапсырмасын сұрау


ІІ. Жаңа тақырыпқа көшу.

  1. Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру;

  2. Тақырыптың негізгі төрт сұрағы қарастырылды:

  1. Әдебиеті

  2. Ежелгі Египет діні

  3. Египеттегі храмдар

  4. Пирамидалардың салынуы.

3. Тақырыпты қысқаша конспектілеу.

IV. Қорытынды.

  1. Әр топтан бір оқушы шығып, жаңа тақырыпты түсінгендері бойынша сабақ қорытындысын шығарады.

  2. Оқушыларды бағалау.

  3. Сабақ соңында үй жұмысы беріледі: оқулықпен жұмыс істеу, қосымша сұрақтарына жазбаша жауап беру, тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер әкелу.

Ежелгі Египеттегі көптеген әдеби шығармалар блған. Шығармалардың мазмұнында халықтың өмір, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен жұмысы және батырлардың ерлігі сипатталған. Сонымен бірге египет құдайлары туралы аңыз-әңгімелер мен мифтер де көп болған. Соның бірі «Осирис пен Исида туралы миф». Мифтің мазмұнында Египет патшасыОсирис пен оның әйелі Исиданың халыққа жасаған қайырымдылы мен қамқорлығы суреттеледі.

Египеттіктер табиғат пен адам өмірін құдайлар басқарады, сондықтан табиғаттың әр түрлі құбылысына табыну керек деп түсінді. Ең алғашқы діни сенімдер Күн құдайы Ра мен тас құдайы Бен-бенге сиынудан бастаған. Олар құдайларды жондар басты адам бейнесінде елестеткен.

Ежелгі Египеттің Фивы, Гелиополь және Мемфис қалаларында ірі храмдар салынған. Перғауындар храмдарды салдыру үшін жер-жерден мыңдаған қолөнерші, тас қалаушы, шаруа және құлдар жинады. Храмдар қаладағ ең үлкен және әсем құрылыс болып есептелген.

Храм ішіндегі бөлмелер 200-ден астам мүсіндер бар. Залдардың қабырғалары мен төбелері алтын жалатылған тақтайшалармен қапталған.

Египеттегі пирамидалар Ніл өзенінің батыс жағында аспанмен тілдескен «Әлемнің жеті кереметінің» бірі – пирамидалар тұр. Олар Египет елінің елтаңбасы сияқты. Бұлар – перғауындардың мазарлары Пирамидалар Каир қаласының маңындағы Ризада тұрғызылған. Ол жерде Хеопс, Хефрон және т.б. перғауындардың пирамидалары бо түзеген. Ең бірінші пирамида Жосер перғауынға арнап салынған. Ең биік пирамидаб.з.б. 2600 жылдардың шамасында Хеопс перғауынға арнап салынды. Оның биіктігі 150 метрге жуық.

Пирамидаларға таяу жерде басы адам, ал тұлғасы арыстан бейнесіндегі алып мүсін – Үлкен Сфинкс бар. Тастан жасалған алыпқа қараған адамның зәресі ұшатыны сондай, жұрт оны «үрей атасы» деп атаған.


Сабақ жоспары

Пән: Ежелгі дүние тарихы

Сынып: 6

Күні: 09.02.09
Тақырып: Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалай пайда болуын, қай жерде орналасқанын, қандай іспен шұғылданғандарын және де табиғаты ерекшеліктерін көрсету.

Дамытушылық: Ежелгі Ассирия мемлекетінің халықтарының аңыз- әңгімелеріне сүйене отырып, көркем шығармаларды сонымен қатар қосымша мәліметтер іздеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ежелгі Ассирия мемлекетінің қоғамдық қатынастарын басқа өтілген тақырыптармен байланыстыра отырып, ерекшелігін салыстыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақтар қою

Сабақтың көрнекілігі: Карта, сызба түрінде
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:


    1. Амандасу, оқушыларды тізім бойынша түгендеу;

    2. Үй тапсырмасын сұрау.


ІІ. Жаңа тақырыпқа көшу.

  1. Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру;

  2. Тақырыптың негізгі төрт сұрағы қарастырылды

1. Ассирия мемлекетінің құрылуы

2. Ассирияның шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы

3. Табиғатжағдайлары.

3. Тақырыпты қысқаша конспектілеу.



IV. Қорытынды.

  1. Әр топтан бір оқушы шығып, жаңа тақырыпты түсінгендері бойынша сабақ қорытындысын шығарады.

  2. Оқушыларды бағалау.

  3. Сабақ соңында үй жұмысы беріледі: оқулықпен жұмыс істеу, қосымша сұрақтарына жазбаша жауап беру.


    1. Ассирия мемлекетінің құрылуы

Ассирия ежелгі елді мекендер уақытының өте келе шағын мемлекеттерге айналды. Солардың бірі Ашшур қала-мемлекеті болды. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басында мұндағы мемлекеттік мәселелерді негізінен ақсақалдаркеңесі шешіп отырды. Ассирия жері ұзақ уақыт көршілес ірі мемлекеттердің қол астында болып келді. Тек б.з.б. ХV ғасырда Ашшур қала-мемлекеті көтеріле бастады. Бұған көрші мемлекеттердің әлсіреуі әсер етті. Ашшурдың әскербасылары мен көпестерінің рөлі артты. Оларға сүйенген билеуші бар билікті өз қолына алып, патшаға айналды. Ал оның патшалығы Ассирия деп аталды. Ассирия патшасы қалалық кеңесті өзінің жақтастары мен туыстарынан құрды. Сөйтіп, бұрыңғы қалалық ақсақалдар кеңесінің рөлі төмендеді. Ассирия билеушілері әскери іс пен соғыс өнерін дамытуға көп көңіл бөлді. Әрбір аймақтардың әкімі әскер жасақтап, оны өздері басқарып, соғыс кезінде белгіленген жерге келуге міндетті болды. Ассириялықтар үшін мықты бекіністердің қабырғаларын талқандау көп қиындық келтірмейтін. Олар жасаған төрт дөңгелекті арба сияқты мықты қарудың алдында, ұш жағына үшкіртемір орнатылған бөрене болды. Ол бөрене арбаға шынжыр арқылы бекітілген.

Ассириялықтар үшін өткел бермейтін өзендерден де өту оңай болған. Олар тері торсықтарды үрлеп, өзеннен жүзіп өтті. Кейде торсықтардың үстіне ағаш төсеп, көпір жасап өтетін еді. Міне, осындай Ассирия ежелгі дүниедегі ең қуатты әскери мемлекеттің біріне айналды.


2. Ассирияның шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы
Ассириялықтардың шаруашылығы мал бағудың маңызы үлкен болды. Негізіне қой, ешкі өсірілді. Жылқы күш-көлік ретінде, көбінесе әскери іс үшін пайдаланылды. Кейінірек бір өркешті түйелер бағылды. Ассириялықтар түйелерді соғыс кезінде, сауда керуендерінде жүк тасу үшін пайдаланды.

Жер шаруашылығның ішінде бау-бақша кең таралды. Тау аңғарлары мен беткейлерде әр түрлі жеміс ағаштары өсірілді. Ассириялықтар – тасты құрылыс ісі үшін кең пайдаланған елдердің бірі. Метеа кендері жеткілікті болды. Мыс пен темірден әр түрлі еңбек қүралдары мен қарулар жасады.



Ассирияда рулық, қауымдастық құрылыс белгілері ұзақ сақталды. Отбасында әке негізгі рөл атқарды. Үлкен ұлмұраның көп бөлігін иеленді. Бай иеленушілердің малы, жері, құлдары көп болды.
3. Табиғат жағдайлары.
Ассирия қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік – шығыс бөлігінде пада болған еді. Бұл аймақта Қосөзеннің оңтүстігімен салыстырғанда құнарлы жазықтар өте аз болды. Тек Тигр мен оған ағып ққятын Үлкен және Кіші Заб өзендерінің аңғарында шағын жазықтықтар болды. Аймақтың негізгі бөлігі таулы, үстіртті болып келді. Шығысында Загра, солтүстік-батысында Масиостаулары жатты. Оларда әр түрлі ағаштыр мен өсімдіктер өсіп, неше түрлі ерте кездерден-ақ құрылыс пен қолөнерге қажетті тастар мен металдар тауып, пайдаланған.

Қосөзеннің оңтүстігімен сылсытырғанда Ассирияның ауа райы өзгешелеу болды. Көктем мен күз жаңбырлы болып келді. Әсіресе, көктемде қар еріген кезд, тіпті ыстық болатыны соншалық, шөптер қурап кетіп отырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет