Орындаған: Кусаинова Меруерт Мұратқызы
Жұмыс орны: СКО, Уәлиханов ауданы, Өндіріс ауылы, Өндіріс орта мектебі
Қызметі: Химия және биология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: § 23-24 Сүйек типтері.
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
Білімділік: Сүйек типтерінің өзара байланысуы, пішіні мен құрамы туралы түсінік беру.
Көрнекі – құрал: кестелер, сызбанұсқалар, слайдтар, интерактивті тақта
Түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: талдау, синтездеу, салыстыру, қорытындылау.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Тірек – қимыл жүйесінің маңызы және атқаратын қызметі қандай?
2.Бас сүйек қандай бөлімдерден тұрады?
3.Омыртқа жотасының құрылыс ерекшіліктері қандай?
4.Кеуде қуысы қандай сүйектерден құралған?
5.Иық белдеу сүйектерін ата?
6.Жамбас белдеуі, аяқ қаңқасы қандай сүйектерден тұрады?
Кестені толтыру.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сүйек құрылысы және пішіні жағынан әртүрлі болып келеді. Ұзын сүйектер – жілік деп аталады. Олар тығыз заттан тұрады. Оның іші қуыс, қуыста жілік майы болады. Жілік денеде таяныш қызметін атқарады. Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады. Олар: омыртқа, табан мен қол сүйектері. Жалпақ сүйектер жұқа болады. Бұларға бас сүйек, жамбас, кеуде қуысындағы қабырға, жауырын, самай, бет және жақ сүйектері жатады.
Адамның денесіндегі сүйектер бірімен – бірі байланысты болады. Сүйек байланысының 3 түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және шамалы қозғалмалы. Қозғалмайтын сүйектерге бас сүйегі және жамбас, шамалы қозғалмалы сүйектерге – омыртқа жотасы, қозғалмалы сүйектерге буын арқылы жалғасқан сүйектер жатады, қол, яақ, иық, кеудеге жалғасқан қабырғалар. Қозғалмайтын және шамалы қозғалмалы сүйектер бүкіл мүшелерді сүйемелдеп, денеге белгілі пішін беріп,кеңістіктегі қалпын сақтау қызметін атқарады. Қозғалмалы сүйектер және оған бекінген бұлшықеттер дененің қозғалтқыш мүшесі болып саналады. Көптеген сүйектер созылмалы және иілгіштігі жоғары, шеміршекті астармен омыртқа дискісін түзіп байланысқан. Бұл – омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамасыз ететін сүйектердің жартылай қозғалатын болып байланысуы.
Буын – сүйектердің қозғалмалы байланысын айтады. Буын тұтас сүйектерден тұрады. Әрбір буын күрделі құрылысты, ол екі немесе бірнеше сүйектерді байланыстырады. Буынның сыртын буын қалтасы қаптайды.Буын
шеміршекті сүйек бөлшектерінен, қоймалжың сұйықтық толы қуыстан, май ұлпасынан тұрады.Буын қабының ішкі беті үйкелісті азайтатын және байланысқан сүйектер арасындағы қозғалысты қамтамасыз ететін аз мөлшерде тұтқыр сұйықтық бөледі.Шеміршек сүйек қабына жұқа ұлпамен жабылған және сүйектің өсуін қамтамасыз етеді.
Дұрыс отырмаған кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін. Ал ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар және өкшесі биік аяқкиім кигенде – жалпақтабандылық пайда болады.
Қаңқаның сүйектену процесі дене өсуі тоқтағанда 22 – 25 жасқа қарай аяқталады. Ересектерде сүйек заты баяу жаңарады.
Жаңа сабақты пысықтау барысында оқушыларға тапсырмалар бірнеше нұсқада бердім.
Сызықтық диктант.
1.Сколиоз – омыртқа жотасының бір бүйіріне қисаюы.
2.Мойын омыртқаның саны – 8.
3.Буын құздама ауруынан зақымданады.
4.Қаңқаның дамуына А дәрумені әсер етеді.
5.Мешел ауруы Д дәруменінің жетіспеуінен болады.
6. Ми сауытының сүйектері қозғалмалы байланысқан.
7.Ұзын сүйектер жілік деп аталады.
+, -, +, -, +, -, +
Адам мен жануарлар қаңқасының ерекшілігін көрсетіңдер.
1.Ми сауыты мен бет бөлімінің сүйектері.
2. Ми сауыты мен астыңғы және үстіңгі жақ сүйектері.
3.Мықын, шат, шонданай сүйектері.
4. Иық белдеуі мен қол сүйектері.
5. Иық белдеуі мен алдыңғы аяқ сүйектері.
6.Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері.
7.Жамбас белдеуі мен артқы аяқ сүйектері.
Дұрыс жауаптары реттік саны бойынша кестеге енгізіледі.
Адам қаңқасы
|
Жануарлар қаңқасы
|
1,2,3,4,6,
|
1,2,3,5,6,7
|
Сүйектің түрлерін анықтау кестесі
Берілген сүйектерге + белгісін тиісті бағанаға қойыңыздар
Р/С
|
Сүйектер
|
Бассүйектер
|
Иық белдеуі
|
Жамбас белдеуі,
аяқ сүйектері
|
1
|
Бұғана
|
|
+
|
|
2
|
Шыбық (садақ) сүйек
|
|
|
+
|
3
|
Шүйде сүйегі
|
+
|
|
|
4
|
Ортан жілік
|
|
|
|
5
|
Шынтақ сүйегі
|
|
+
|
+
|
6
|
Жауырын
|
|
+
|
|
7
|
Асық жілік
|
|
|
+
|
8
|
Тоқпан жілік
|
|
+
|
|
9
|
Толарсақ сүйектері
|
|
|
+
|
10
|
Білезік сүйектері
|
|
+
|
|
11
|
Жамбас сүйектері
|
|
|
+
|
12
|
Башпай сүйектері
|
|
|
+
|
13
|
Саусақ сүйектері
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Адам
|
Ұқсастықтары
|
Жануарлар
|
Тік жүреді, кеуде қуысы жалпақ. Омыртқа жотасы 4 жерден иіледі. Ми сауыты бет бөлімінен көлемді
|
Қаңқа бөлімдері, жылықаңды
|
Тік жүруге бейімделмеген. Кеде қуысы сопақша, омыртқа жотасында иілім болмайды, жақ сүйектері жақсы дамыған
|
Сүйектердің негізгі қасиеттерін атаңыздар
1.
|
Атлант
|
А. Бірінші мойын омыртқа
|
2.
|
Дәнекер
|
В. Сүйек ұлпасы
|
3.
|
Сүйек қабығы
|
С. Сүйектің сыртқы қабаты
|
4.
|
Буын
|
Д.сүйектің қозғалмалы байланысы
|
5.
|
Жетім қабырғалар
|
Е. Төске жетпей қысқа күйінде болатын қабырғалар
|
6.
|
Сүйек кемігі
|
Г. Сүйек қуысында болатын қан түзілетін мүше
|
IV. Сабақты бекіту:
Тест тапсырмаларын орындау I – нұсқа
1.Адамның қаңқасы неше жасқа дейін өседі? А. 24 – 25 Ә. 25 – 26
Б. 21 – 22
2.Сүйектің дамуына қандай дәрумендер көмектеседі? А. Д Ә. С Б. В
3.Қарт адамның сүйегінде қандай заттар көп болады?
А. Органикалық Ә.минералды Б.химиялық
4.Адамда неше қабырға болады? А.20 Ә.25 Б.24
5.Жамбасқа жалғанатын жілік: А.кәрі жілік Ә.ортан жілік
Б. асықты жілік
6. Қозғалмайтын сүйектерді атаңыз: А.бас Ә. омыртқа
Б. қол сүйектері
1.а 2.а 3.ә 4.б 5.ә 6.а
II – нұсқа
1.Сегізкөз қай омыртқаға жалғанады? А.арқа Ә. бел Б. мойын
2.Асықты жілік ненің жілігі болып саналады? А. қол Ә. аяқ Б. бас
3.Адамда неше мойын омыртқасы болады? А.4 Ә. 7 Б. 2
4.Қандай химиялық элементтен айырылған жілік иілгіш болады? А. Са Ә.Na Б.Mg
5.Омыртқа жотасының қисаюы қалай аталады? А.скалиоз Ә. артроз Б.цитиноз
6. Жалпақтабандылықтың пайда болу себебі? А.оқушылардың партада дұрыс отырмауы. Ә.ауыр салмақты бір қолмен көтеру. Б. аяққа күш түскенде, тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде
1.ә 2.ә 3.ә 4.а 5.а 6.б
Қорытынды жасау.
а) Үйге тапсырма беру § 23-24
б) Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |