Сабақтың тақырыбы : Африка халықтарының мәдениеті. Мақсаты: Білімділік



Дата23.02.2016
өлшемі45.61 Kb.
#8364
түріСабақ
Қарағанды қаласы

№27 жалпы білім беретін орта мектеп


Сүлейменова М.С.


Африка халықтарының мәдениеті


Дүние жүзі тарихы. 5 сынып

(12 жылдық мектепке арналған)

Сабақтың тақырыбы: Африка халықтарының мәдениеті.

Мақсаты:

Білімділік: Африка өзіндік бедері бар,мәдениеттер мен қуатты мемлекеттердің Отаны болғаны туралы түсінік беру.

Дамытушылық: екі континентті Африка мен Американы өз беттерімен байланыстырып, салыстыра отырып өз көзқарастыратын дәлелдей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, басқа халықтардың мәдениетін, тарихын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Ауызша баяндау.
Пәндік байланыс: география
Көрнектілік: интерактивті тақта,оқулық,карта.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Өткен үй тапсырмасын бекіту:

1.Америкаға адамдар қайдан келген?

2.Үнді тайпалары туралы әңгімелеп беріңдер.

3.Үндістердің мәдениеттерін сипаттап беріңдер.

4.Үндістердің өркениеті не себепті жоғалып кетті?

5.Африкадан құлдар неге әкелінді?


Жаңа сабақ жоспары:
1.Африкадағы ежелгі адамдар.

2. Африкадағы ежелгі тайпалар мен мемлекеттер.

3.Африка мәдениеті.

4.Африкаға европалықтардың келуі.

Африкада алғашқы адамдар б.з.д. ХІІІ мың жылдарда өмір сүрген.Оны біз жартас қабырғаларына салған суреттерден білеміз. (Суреттер 1) Бірақ б.з.б. IV-II мың жылдар аралығында ауа райы өзгеріп,күн қатты ысып,жер кеуіп кеткенде Сахара шөлі пайда болды.Сондықтан адамдар Африканың солтүстігіне кетіп қалып,сол жерлерде алғашқы өркениеттер пайда болған.Кейін бұл өлкеде ислам мәдениеті дамыды.Ежелгі заманда Африка жеріндегі халықтардың даму деңгейі әртүрлі болған,онда дамыған мемлекеттермен қатар көшпелі тайпалар тұрған.(Картадан көрсету)

Кейбір Африканың жеке аудандары басқа елдермен байланыс жасай алмаған,өйткені ерте кезде Сахара шөлін кесіп өту мүмкін емес болған.Тек б.з. І-ғасырда солтүстік Африка тұрғындары түйені жүк көлігі ретінде пайдаланып,Сахараны кесіп өтіп,Европа елдерімен сауда жасай бастаған.(Картадан көрсету)

Бұрынғы кезде Европа ғалымдары Африканы артта қалған әлемдік мәдениетке үлес қоспады деген пікірлер айтқан болатын.Алайда Африка жерінде Сахара шөлінде жартасқа суреттердің бұл пікірлердің жансақ екенін көрсетті.Олар Ифеден табылған қыштан жасалған мүсін және Конгода табылған ағаштан жасалған көсем бейнесі дәлел болды.

Африкаға Европалықтардың келуі ХVII-ғасырдан бастап Африканы құл саудасының орталығына айналдырды.Америкада құлдық жойылғанға дейін олар Африкадан 7 миллион адам алып кеткен.


Олардың 1 миллионы жолда аштықтан,аурудан өлген.Осы құл саудасы мен Африканың байлығын тонау,халқын қыру.Африка халықтарының дамуын ұзақ жылдарға кешіктірді.Африка халықтары өткен ХХ-ғасырдың 60-жылдарынан бастап тәуелсіздікке ие бола бастады.


Бекіту тапсырмалары:

Тапсырма 1. Кестені толтыру.

Тапсырма 2 :Мәдениеттерін салыстыру.

Тапсырма 3: Венн диаграммасы.
Тапсырма 1

Кестені толтыр.




Қашан?

Қайда?

Қандай оқиғалар болды?




























































































Тапсырма 2

Африка және Америка халықтарының мәдениетін салыстыр.






Ұқсастығы

Өзгешелігі

Америка


































Африка













































Тапсырма 3 Венн диаграммасы.


Қорытынды:

Оқушыларды бағалау.


Үй тапсырмасы: §25.Оқу.Мазмұндау.Тестік сұрақтар дайындап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет