Нуркалиева Раушан Сарсенғалиқызы
Музыка пәні мұғалімі
Ақкөл орта мектебі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосы
Мектеп алды дайындық «А» тобы
Сабақтың тақырыбы : Аман болшы, анашым.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Күйші, күй сипаты, мазмұны туралы түсінік беру. Жоғары, төмен дыбыстар жүйесін ажырата білуге жантықтыру.
ә) Дамытушылық : Әндегі ана, анама, әже, әжеме сөздеріндегі дауысты, дыбыстарды дұрыс, таза айтуға және әнді назды орындауға баулу. Музыка ырғағына сәйкес би әлемін көңілді жеңіл орындауға дағдыланады.
б) Тәрибиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа әжеге, анаға деген мейірімділікке тәрбиелеу.
в) Көрнекілігі: ана, әже іс- әрекеттерінің суретттерінің, мамандықтарының суреттері, үнтаспа, домбыра.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: ойын, баяндау, көрсету, ән өзіндік жұмыс, жаңа техникалық құралдар пайдалану.
Барысы: 1 – Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындау.
2 – Психологиялық дайындық.
Күндей күлімдеп
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір,
Таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды Ә. Бейсеуовтің «Ақ мамам» әнімен тыңдаудан бастаймыз.
-
Балалар, ән кімге арналып жазылған?
-
Әлемдегі ең қымбат аяулы жан кім?
-
Ән ұнады ма?
-
Ана туралы қандай тақпақтар білесіңдер ?
Іс - әрекет кезеңі: «Ана» дегеніміз кім?
Мұғалім сөзі: Ана – біздің күніміз,
Ананың біз – гүліміз!
Құрметтейміз ананы,
Құттықтаймыз бүгін біз:
«Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!»
-
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.
-
Бізге жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі : Анамыз.
Ән тыңдау: « Балбырауын» күйі: Құрманғазы үнтаспадан.
-
- Музыка қандай темпте жазылған?
-
музыка көңілді ме , көңілсіз бе?
-
Күйді тыңдағанда көзіңе не елестеді?
-
Күйдің тарихымен таныстыру.
Бірде Браун деген неміс Құрманғазыны өзінің үйінде болатын балға шақырады. Бал күйшіге қатты ұнайды. Көтеріңкі көңіл – күймен балбырауын күйін шығарады.
-
Күй жылдам , әрі көңілді орындалып тұр.
Ән айту: мәтіні: Ф. Оңғарсынова.
әні: Айжігіт Асанов «Ақ мамам».
-
Әлемдегі ең қымбат, ең аяулы жан кім ?
-
Кім сендерді аялап, мәпелеп өсіреді?
-
Аналарың сендерді еркелетіп қалай атайды ?
-
Дауыс жаттықтырайық: өткен сабақтағы әнді айтып дауысымызды қалыпқа келтірейік .
-
Әнді қатты айқайламай, сөздің арасында дем алмай орындаймыз.
-
Әннің қайырмасында шумақтың соңғы сөзі 2 рет қайталанады.
Әуенді қимыл қозғалыс : « Қазіргі би ырғағы»
Мақсаты: Балаларды жаңаша заман талабына сай қимыл қозғалыстар жасай білуге үйрету. Қолдың , аяқтың , бастың қимылдары музыка әуеніне сай үйлесуін қадағалау.
Музыкалық – дидактикалық ойын. « Кішкене басқыш».
Басқыштар арқылы жоғарлаған сайын дыбыстардың жіңішкеретінін , төмендегенде жуан дыбысқа ауысуын байқату. Гаманны үйрету.
до
си си
ля ля
соль соль
фа фа
ми ми
ре ре
До до
Әліппе дәптермен жұмыс
Қорытынды:
Ой талқы сұрақтарға жауап
Бағалау: сабаққа белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау,атап өту
Достарыңызбен бөлісу: |