Сабақ Тақырыбы : «Көңілді қыс»



Дата13.07.2016
өлшемі39.5 Kb.
#196692
түріСабақ
Астана қаласы

№57 орта мектеп




Ашық сабақ

Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Өткізген: Ризакулова Б.Н.

Сабақтың тақырыбы: Көңілді қыс
Мақсаты: Оқушыларға автор жайлы мағлұмат беру, қысқы табиғаттың ерекшелігін байқату, өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, оқушылардың сөздік қорын молайту, көркем жазуға дағдылау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайт, автор жайлы мағлұмат.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды психологиялық дайындау,сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

2. Ұй тапсырмасын тексеру.

1.Мәтіннің түсінігін оқушылардан сұрау

2.мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар:

а) Өрмекші неге өрмек тоқып жүр.

б) Құмырсқа не істеп жүр.

в) Қарлығаш неге шөп жинап жүр.

г) Еңбек туралы мақал- мәтелдер сұрау.

3. Жаңа сабақ.

1. Жаңа сабақты мына өлең жолдармен ашу

Суда мұз бар, жерде қар,

Боран борап соғады.

Бұл қай кезде болады?

2. Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?

3. «Қыс» сөзіне ой қозғау


қырау

мұз боран

Қыс
суық аяз
4. Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

5. Қыс көңілді өте ме?

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көңілді қыс»

6. Автор жайлы мағлұмат беру.

Шәміл Мұхамеджанов 1931 жылы Қостанай обл.Жангелдин ауданында туылған. Өлеңдерінен «Адалдық», «Туыстық», «Ана құшағы» т.б.

Қазіргі «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.


Оқулықпен жұмыс


  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  2. Оқущылардың өлеңді кезекпен оқуы.

  3. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Балалар өлең не туралы айтылған?

  • Қандай ойын түрлерін білесіңдер?

  • Қыс мезгілі ұнайды ма? Ол несімен ұнайды?

  • Өлеңнен Жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді табу

Тапсырма беру:

Мына сөйлемді оқыңдар, неше сөйлем бар екенін табыңдар
Күн суытты қар жауды аяз болды.
Дәптермен жұмыс


  1. Қыс мезгілі туралы түсінігіңді топтастыр.

  2. Суреттер бойынша сөйлем құрап жазу.

  3. Көркем жазу.

Суретпен жұмыс.




  1. Суретке қарап әңгіме құрау.

Сергіту сәті.

Шығармашылық тапсырма


  1. «Алма теру» ойыны

  2. Буыннан сөз құрау, сөзден сөйлем құрау.

  3. «Шар» ойыны

  4. Сөздік диктант жазу

Қорытынды




  1. Сабақты қыс туралы өлеңдермен аяқтау

  2. Тақырыпқа байланысты сурет сызу.

Бағалау
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.



32-жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет