Сабақтың тақырыбы : Қазақстанның көлдері Сабақтың түрі : Аралас сабақ Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата30.11.2023
өлшемі29.13 Kb.
#484973
түріСабақ
  1   2   3   4

Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы
Сыныбы: 8 - сынып
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көлдері
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Қазақстан аумағындағы қанша көл және бөгендер бар екенін, сонымен қатар оардың таралу ерекшеліктерін түсіндіріп білімін қалыптастыру,
Дамытушылығы: Оқушыларға Қазақстандағы көлдер мен бөгендер туралы білімдерін, қызығушылығын, ой – өрісін толықтырып дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларға суды ұқыпты пайдалануға, қорғауға, ізденіске, өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі : Қазақстанның физикалық картасы, үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Биология, химия.
Сабақтың өтілу барысы
I. Ұйымдастыру ( 2 мин)
a)​ Оқушылармен амандасу,
b)​ Оқушыларды түгендеу,
c)​ Сабаққа деген зейінін аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау ( 13 мин)
1.​ Ауызша үй тапсырмасын сұрау.
2.​ Қосымша сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау.
§28. Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама
III. Жаңа сабақты пысықтау ( 20 мин)
Жаңа сабақ жоспары:
1.​ Жалпы шолу. Көлдер және бөгендер
2.​ Тектоникалық көлдер
3.​ Реликті (қалдық)көлдер
4.​ Мұздық көлдер типі.
5.​ Кар көлдері.
6.​ Бөгендер
Көлдер және бөгендер
Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдержәне 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбіҚазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізіАрал теңізі және БалқашЖайсанАлакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр (таблицаны қара). Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшелігі көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі таралмаған. Әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде көлдер көп. Мысалы, солтүстікте ормандыдала және дала зоналарында 25 287 көл бар, ал шөлейт және шөл зоналарында 20 000 жуық көлдер кездеседі.
Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе-теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зонаға тікелей байланысты. Ылғалы мол аудандарда көл көбірек және суы тұщырақ болады. Құрғақ климатты аудандарда көлдер аз, су деңгейі төмен әрі ағынсыз, көбісі біразы тартылып қалады, тұзды. Жалғыз ғана ағынды көл - Жайсан көлі Қазақстанның шығыс белігіндегі қазаншұңқырда орналасқан. Мысалы, орманды дала зонасында көлемі 1 шаршы км-ден астам 740 көл бар, олардың ішінде тұщы көлдер тұзды көлдерден 6 есе көп. Оңтүстікке қарай тұщы көлдер азайып, тұзды көлдер көбейе түседі. Дала зонасының сондай 1875 көлінің тұщылары тұзды көлдерден 4 есе, шөлейт зонасының216 көлінің тұщылары 1,3 есе көп болады. Шөл зонасындағы 142 көлдің көпшілігі тұзды болып келеді. Жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100- 350 мбиіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. Көлдердің орналасуында байқалатын тағы бір ерекшелік — олардың топ-топ болып шоғырлануы. Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір жазықтарында, сондай-ақ аласа таулы Сарыарқада және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда да көп.
Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі - жасының әр түрлі болуы. Көлдер әр кезеңде пайда болған. Орманды дала, дала зоналарының көлдері біртіндеп шөгінді жыныстарға толып, оларда өсімдіктер қаптап өсуде. Шөлейт, шөл зоналарының көлдері тұз тез байланатын көлдерге айналады. Мұнан әрі ол көлдер сорға айналады. Сөйтіп, олардың көпшілігі жойылудың әр түрлі дәрежесіне жеткен. Қазақстанның биік таулы аймақтарының көлдері шығу тегіне қарай жас көлдерге жатады. Олардың өздері де біркелкі таралмаған, негізінен 1400- 2800 м биіктік аралығында орналасқан. Олардың саны жоғары және төмен қарай кеми түседі. 1400 м-ден төменде су эрозиясының қарқынды болуы көлдердің пайда болуына мүмкіндік бермейді. Көлдеріндегі су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. Оларда су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан, деңгейі жиі ауытқуға ұшырайды Қазақстан көлдерінің көпшілігінің деңгейі көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. Жаз бойы олардың деңгейі баяу төмендейді, бірақ нөсер жаңбырлар әсерінен аз уақыт қайта көтеріледі. Кейде су деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық, тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады. XX ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936-1940 жылдары болды. Сол жылдары Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі көлдердің 70%-ы құрғап қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет