Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі Физика 10 сынып Сабақтың тақырыбы: Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды идеал газ ұғымымен таныстыру, молекула-кинетикалық теориясын мағынасын ашып көрсету, МКТ-ның негізгі теңдеуін түсіндіру.
2. Ыдыс қабырғасына түсірілген газ қысымы қандай шамаларға тәуелді екендігін түсіну, білу
3 . МКТ негізгі теңдеуіне кіретін шамалардың газ қысымы өзгергенде қалай өзгеретіндігін көрсету
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және танымдық және есеп шығару қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : Оқушыларды ұқыптылыққа,зерделілікке баулу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау,проблемалық іздеу,өз бетімен жұмыс
Көрнекілігі: үлестірмелі таратпалар, слайд, сызғыш
Күтілетін нәтижелер:1.Оқушылар МКТ-ның негізгі теңдеуі туралы білім алады.
2.Өз беттерімен формуланы қорытады.
3. Формуланы қолданып, есептер шығара алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. 2. Үй тапсырмасын сұрау / «Сәйкестігін тап / 1. Молекулалар үлкен жылдамдықпен қозғалады
2. Дене пішінін де, көлемін де сақтайды.
3. Атомдар тепе -теңдік қалпын сақтай тербеледі.
4.Молекулалар арақашықтығы молекула өлшемінен көп.
5.Молекулалар бір орыннан екінші орынға периодты түрде секіріп тербеледі.
6. Дене пішінін сақтамайды, бірақ көлемін сақтайды.
А. Қатты дене .Б. Сұйық . В. Газ. Жауабы: 1-В, 2-А , 3-А , 4-В , 5-Б , 6-Б ІІІ. Жаңа сабақ Идеал газ деп-молекулалар арасындағы тартылыс пен тебу күштері есепке алынбайтын олар тек серпімді соқтығысқанда ғана өзара әрекеттеседі деп саналатын ,ал молекулалардың өздері көлемі жоқ серпімді шар немесе материялық нүкте ретінде қабылданатын газ моделін айтамыз.
1. Барлық молекулалардың mo массасы бірдей
2. Ыдыста бір ғана зат бар, яғни молекулалары бір тектес.
3. Барлық молекулалардың жылдамдықтарының мәні бірдей
4. Газдағы барлық бағыттар тең құқылы және молекулалар тек өзара перпендикуляр үш бағыттың бойымен ғана қозғалады.
5. Кез келген уақыт мезетінде осы үш бағыттың әрқайсысының бойымен бір мезетте молекулалар қозғалатын болады.