Сабақтың тақырыбы : Жаңа педагогикалық үдерістерді диагностикалау



бет1/2
Дата01.12.2023
өлшемі18.62 Kb.
#485084
түріСабақ
  1   2
аныктамалар


АШЫҚ САБАҚТЫҢ ХАТТАМАСЫ
Алдоңғар Әсел Мейрамбекқызы
Сабақтың тақырыбы:Жаңа педагогикалық үдерістерді диагностикалау
Кафедра: Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі
Оқу тобы: ПМНО-21-1у, ДО-21-1у
Уақыты:10:30, 18.02.2022
Білім алушылар саны:33. Қатысқаны: 27. Қатыспағаны:6
Сабақтың түрі: практикалық

  1. Шығып сөйлегендер:

Жайлауова М.К п.ғ.к., доцент:
Практикалық сабақта білім алушылардың назарын аудару үшін ұялы байланыс нөмірлерінің карточкасы тарату арқылы топтарға бөлді. Бүгінгі тақырып бойынша төрт топқа, 4 түрлі әдіспен тапсырмалар берілді. Топтар постерлерді қорғап, бір-бірінің постерлерін бағалады. «Жапондық есімдер» ой сергек ойынын ойнту арқылы білім алушыларды одан әрі қызықтырды. Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында интернет желісі арқылы білім алушылар 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. Соның қорытындысы бойынша білім алушыларды бағалады. Рефлексия әдісіне «Қоқыс жәшігі, ет тартқыш, чемодан» әдісін қолданды. Барлығын қамти отырып, өз беттерінше ізденуге мүмкіндік жасады. Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

  1. Магистрантқа қойылған сұрақ

Жайлауова М.К п.ғ.к., доцент
Бүгінгі жоспарлап келген тапсырмаларыңыздың барлығын қолдана алдыңыз ба?
Жауап: Бүгінгі сабаққа жоспарлап келген мақсатым, әдістерім бәрін өз уақытымен қолдандам. Сабақ өз мақсатына жетті.

  1. Сабаққа қатысқан оқытушылар мен магистранттар пікірі:

Керейбаева Анар білім алушылармен .немі байланыста болып отырды. Барлық тапсырмалар жүйелі, өз ретімен орындалды. Бүгінгі өткізген ашық сабағы ұнады. Студенттер өткізілген сабақты игергені көрініп тұр.
Жәрімбет Айдана бүгінгі сабақ маған ұнады. Өзіме қажетті әдістерді түртіп алдым.


Анықтама


Оқу тобы: ПМНО-20-1
Пәні: Дидактика
Тақырыбы: Мектептегі білім беру мазмұны
Күні: 16.02.2022

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің ПМНО-21-1 М оқу тобының магистранты Балғабаева Айнаш ПМНО-20-1 оқу тобына «Дидактика» пәнінен «Мектептегі білім беру мазмұны» тақырыбында ашық практикалық сабағы болып өтті. Сабақтың басы түрлі түсті қаламдарды таратумен басталды. Сол түстер бойынша төрт топқа бөлінді. Топқа бөлінген соң өткенге шолу мақсатында тест тапсырмасын жасады.


Сабақ ортасында тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетті. Сол бейнеролик туралы білім алушылар өз ойларын айтты. Сабақтың тақырыбы бойынша кір қыстырғыш әдісі бойынша төрт топқа постер қорғауға тапсырмалар беріліп, білім алушылар тақырып төңірегінде постерлер қорғады. Және әр топ бір-бірін бағалады.
Сабақ соңында ой қорыту мақсатында тест тапсырды. Тесттен алған баллдарын платонус жүйесіне жоятынын айтты. Рефлексия әдісіне «БББ» әдісін алды. Білім алушылар өздерін еркін ұстай алды. Және ашық сабақ өз мақсатына жетті, бір кемшілігі уақытты ұтымды пайдалана алмады.


Анықтама


Оқу тобы: Пмно-19-1 п/я
Пәні: Шағын комплектілі мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдістемесі
Тақырыбы: Шағын комплектілі бастауыш мектепте оқушылардың ойын әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері
Күні: 15.02.2022

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің ПМНО-21-1 М оқу тобының магистранты Орынбай Гаухар Пмно-19-1- п/я оқу тобына «Шағын комплектілі мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдістемесі» пәнінен «Шағын комплектілі бастауыш мектепте оқушылардың ойын әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында ашық пратикалық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты шағын комплектілі бастауыш мектепте оқушылардың ойын әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін білу, анықтау болды. Сабақтың басын «Тәтті бірлестік» әдісімен конфеттер тарату арқылы бастады. Топтар 3 топқа бөлінді. Әр топ өздерін отандық фильмдермен атады. Және топтарға тақырып бойынша тапсырмалар берілді. Топтар постер қорғап, бір-біріне баға берді.


Сабақтың ортасында ой сергек жасалды. «Отандық фильмдер жарнамасы» әдісі бойынша топтар отандық киноларымызды басқа топ мүшелеріне жарнамалады.
Сабақты қорытындылау мақсатында «Сұрақтар жаңбыры » әдісі жасалды. Топтар өздері қорғаған постерлері бойынша келесі топқа сұрақ қойып, тақырыпты одан әрі пысықтады. Рефлексия «ПОПС» әдісі арқылы жасалып, білім алушылар бүгінгі сабақтан не білгендері туралы айтып өтті. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Дайындығы, магистранттыі өзін-өзі ұстай білуі, білім алушылармен байланыс орнатуы барлығы өте жоғары деңгейде болды. Сабақ өз мақсатына жетті деп сенім білдіремін.

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ХАТТАМАСЫ
Орынбай Гаухар Қойлыбайқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет