Қостанай қаласы, М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Сабақ кезеңі
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ұйымдас-тыру
кезеңі
|
Психологиялық дайындық. Оқушы назарын сабаққа аудару. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру:
білу керек:екі таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлуді білу.
Істей алу: іс-жүзінде алған білімді қолдана алу.
|
Зейінін сабаққа аударады.
Сабақ мақсатын білді.
|
Өткен тақырып-қа шолу.
|
«Математикалық диктант»
-ең үлкен төрт таңбалы сан,
- млн саны,
- бір қыры 3 см болатын текшенің көлемін
тап,
- 3 – тің кубы,
- 100 – дің квадраты қандай сан?
- 1400 бен 200-дің айырмасы;
|
Оқушылар жауаптарын Word бағдарламасында жазып отырады.
Бағалау кестесі арқылы өз-өздерін бағалайды.
|
Жаңа тақырып:Қайталау
|
Бүгін сабақта математика еліне саяхатқа шығамыз. Ол елдің атауын білу үшін мына құпия сөзді табуымыз қажет.
е
«Арифметика еліне» саяхатқа шығамыз.
|
Геометриялық фигуралардағы әріптерді теру арқылы математикалық сөзді табады. Жауабы: «Арифметика»
|
Сынақтан сүрінбе.
|
45 Х 13 244Х12
1716:78 3800:25
|
Оқушылар тақтаға бағандап орындайды. (4 оқушы шығады)
|
Информатикамен байланыс.
|
Компьютерде орналасқан калькулятормен жұмыс жасату.
|
123 Х 258
548 Х 697
450 Х 123
14336 : 56
546984:963 Калькулятормен жұмыс жасайды.
|
Жасыл желек арифметикасы.
|
Есепті өрнек құру арқылы шығар:
Зеравшан аршасы 100 жыл жасайды, ал Қарағай одан 4 есе артық өмір сүреді. Сібір балқарағайы Қарағайдан 100 жыл артық жасайды. Сібір балқарағайы неше жыл өмір сүреді?
|
Есепті өз бетінше ауызша орындайды.
Тақтаға бір оқушы шығып, талдайды.
(100*4) + 100 = 500 жыл
Жауабы: 500 жыл.
|
Құс
арифметикасы
|
Есепті шығар:
Қорғалжын қорығының қызметкерлері
құстарға сақина салып, бірнеше
құстың санын анықтаған. 1967-1970
жылдардың аралығында 650 қаз
сақиналанған, ал сұңқылдақ аққу қоқиқазға қарағанда 300 – і кем, ал сыбырлақ аққу сұңқылдақ аққуға қарағанда 180-і кем. Құстардың осы аталған үш түрі бойынша барлығы неше құс сақиналанған?
|
Есепті өз бетінше орындайды.
Тақтаға бір оқушы шығып, талдайды.
650 – 300 = 350 (аққу)
350 – 180 = 170 (аққу)
650 + 350 + 170 = 1170 (құс)
Жауабы: Барлығы 1170 құс.
|
Қоршаған дүние
пәнімен байланыс
|
|
Оқушылар тақтаға шығып есептің мазмұнында берілген құстар туралы өз білетіндерін ортаға салады.
|
Сергіту сәті
|
Музыка арқылы би жаттығуларын жасату.
|
«Би» жаттығуларын орындайды
|
Жануар
арифметикасы
|
Есепке теңдеу құру арқылы шығар:
Қарақұйрық белгілі бір жылдамдықпен, ал ақбөкен 70 км/сағ жылдамдықпен жүгірді. Қарақұйрық жылдамдығын 2 есе
кемітсе, ал ақбөкен жылдамдығын сағатына 15 км кемітсе, олардың жылдамдықтары
бірдей болар еді. Қарақұйрықтың
жылдамдығы қандай?
|
Х : 2 = 70 – 15
Х : 2 = 55
Х = 55 * 2
Х = 110 км/сағ
Жауабы: 110 км/сағ.
|
Информатикамен байланыс
(Мәтін мазмұ-нына сәйкес суреттер қою)
|
1)Ол адамдар сияқты бірлесіп еңбек етеді. Қысқа қорек жинайды. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады.
Ол – ақылды жануар.
2) Ол – шөлге өте төзімді әрі жүйрік, ақылды жануар. Оны “киік” деп те атайды.
3) Ол – жыртқыш аң әрі өте иіс сезгіш. Дымқылданған жалпақ тұмсығы кез-келген иісті тез сезеді. Қыста табанын сорып ұйықтайды.
4) Ол – мүйізді жануар. Жыл сайын қаңтар, ақпан айларында олардың мүйіздері түсіп, сәуір айында жаңадан мүйіз өсіп шығады.
|
|
Геометриялық фигуралар сыр шертеді.
|
1)Тік төртбұрыштың ұзындығы 27 см, ал ені одан 3 есе кем. Тік төртбұрыштың ауданын тап.
2) Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы неде? Дәлелде.
|
1) 27 см : 3 = 9 cм
S = 27 * 9 = 243 см2
2) Оқушылар ауызша дәлелдейді.
|
Информатикамен байланыс
|
Геометриялық фигураларды сыз және боя.
|
Paint графикалық редактормен жұмыс жасайды.
|
Логика-лық тапсырмалармен жұмыс.
|
1 деңгей: 1 – ден 8 – ге дейінгі барлық цифрлардың қосындысы.
2 деңгей: Бір топ қоян бірінен кейін бірі жүгіріп келеді.Үш қоян екі қоянның алдында.Ал үшеуі екі қояннан кейін, тағы біреуі ортада келе жатыр.Барлығы неше қоян?
3 деңгей: 400 санының оннан бірінің ширегінің жартысы қандай сан болады?
|
1) 1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 = 36
2) 5 қоян.
3) 5.
|
Сабақты қорыту.
|
Біз бүгін сіздермен не өттік?
ББҮ-әдісі бойынша кері байланыс
|
Сабақтан алған әсері туралы өз ойын айтады. Бағдаршам арқылы өз-өздерін бағалайды, кері байланыс парағын толтырады
|