Сабақтың тақырыбы : Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Сабақтың мақсаты



Дата07.07.2016
өлшемі27.52 Kb.
#182952
түріСабақ
9 сабақ

Сыныбы: ­­­ 5ә Күні: 01.11.2014

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» манипуляторын меңгерту;

  2. Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық абстракциясын дамыту.

  3. Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, слайд материалы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:

  2. Үй тапсырмасы бойынша сұрақ-жауап:

  • ОЖ-нің негізгі қызметі;

  • Компьютер ОЖ-сіз жұмыс істей алады ма?

  • Кең тараған ОЖ атаңыздар.

  1. Жаңа материалды баяндау:

WINDOWS операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда жұмыс үстелі пайда болады. Стандартты түрде жұмыс үстелінде :

Бастау батырмасын басқаннан кейін WINDOWS-тің Бас мәзірі ашылады. Жұмыс үстелінің сыртқы

пішімін өзгерту үшін Персонализация бұйрығы қолданылады. Бетперде монитордың экранын бұзылудан сақтау үшін керек.



  1. Практикалық жұмыс:

А ДЕҢГЕЙІ:

  • Жұмыс үстелінің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар;

  • Персонализация бұйрығын таңдаңдар;

  • Жұмыс үстелі тақырыбын өзгертіңдер;

  • 5минуттан кейін бетперде пайда болатындай етіп баптаңдар.

В ДЕҢГЕЙІ:

  • Тілдер тақтасында контекстік мәзір шақырыңдар;

  • Параметрлер бұйрығын таңдаңдар;

  • Жаңа тіл қосыңдар;

  • Жаңа тілдің Тілдер тақтасында пайда болғанын тексеріңдер;

  • Жаңа тілді алып тастаңдар;

  • Тілдер тақтасында тілдерді өзгерту пернелерінің әртүрлі тіркесімдерін баптау мүмкіндіктерімен танысыңдар;

  • Жұмыс үстелінің сыртқы түрін өзгертіңдер.

  1. Сабақты бекіту тапсырмалары:

ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР: (76-бет)

  1. Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:

а) саймандар тақтасы в) нысан белгішелері

с) есептер тақтасы д) бастау батырмасы



  1. Экранның сағатты көруге болатын аймағы:

а) жұмыс үстелі в) есептер тақтасы

с) бас мәзір д) нысан белгішелері




  1. Компьютерді өшіру үшін ... жеткілікті:

а) бас мәзірдегі тиісті бұйрықты таңдау

в) компьютердің жүйелік блогындағы өшіру батырмасын басу

с) менің компьютерім белгішесін пайдалану

д) тілдер тақтасын қолдану



  1. Бас мәзірді шақыру үшін ... керек:

а) менің компьютерімді ашу в) бастау батырмасын басу

с) есептер тақтасын ашу д) қоржынды ашу



  1. Бас мәзірдің құжаттар бұйрығы:

а) музыкалар топтамасын ашады в) файлдарды іздетеді

с) бейнелер топтамасын ашады д) құжаттар топтамасын ашады



  1. Бас мәзірдің бейнелер бұйрығы:

а) музыкалар топтамасын ашады в) құжаттар топтамасын ашады

с) бейнелер топтамасын ашады д) файлдарды іздетеді



  1. Бас мәзірдің басқару тақтасы бұйрығы:

а) компьютердің параметрлерін баптайды в) файлдарды іздетеді

с) бейнелер топтамасын ашады д) принтерді баптау терезесін ашады



  1. Үйге тапсырма:

  • 9-тақырып,

  • 75-беттегі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. Бағалау:


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет