№ 9 сабақ
Сыныбы: 5ә Күні: 01.11.2014
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушылардың WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» манипуляторын меңгерту;
-
Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық абстракциясын дамыту.
-
Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, слайд материалы
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру:
-
Үй тапсырмасы бойынша сұрақ-жауап:
-
ОЖ-нің негізгі қызметі;
-
Компьютер ОЖ-сіз жұмыс істей алады ма?
-
Кең тараған ОЖ атаңыздар.
-
Жаңа материалды баяндау:
WINDOWS операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда жұмыс үстелі пайда болады. Стандартты түрде жұмыс үстелінде :
Бастау батырмасын басқаннан кейін WINDOWS-тің Бас мәзірі ашылады. Жұмыс үстелінің сыртқы
пішімін өзгерту үшін Персонализация бұйрығы қолданылады. Бетперде монитордың экранын бұзылудан сақтау үшін керек.
-
Практикалық жұмыс:
А ДЕҢГЕЙІ:
-
Жұмыс үстелінің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар;
-
Персонализация бұйрығын таңдаңдар;
-
Жұмыс үстелі тақырыбын өзгертіңдер;
-
5минуттан кейін бетперде пайда болатындай етіп баптаңдар.
В ДЕҢГЕЙІ:
-
Тілдер тақтасында контекстік мәзір шақырыңдар;
-
Параметрлер бұйрығын таңдаңдар;
-
Жаңа тіл қосыңдар;
-
Жаңа тілдің Тілдер тақтасында пайда болғанын тексеріңдер;
-
Жаңа тілді алып тастаңдар;
-
Тілдер тақтасында тілдерді өзгерту пернелерінің әртүрлі тіркесімдерін баптау мүмкіндіктерімен танысыңдар;
-
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін өзгертіңдер.
-
Сабақты бекіту тапсырмалары:
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР: (76-бет)
-
Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:
а) саймандар тақтасы в) нысан белгішелері
с) есептер тақтасы д) бастау батырмасы
-
Экранның сағатты көруге болатын аймағы:
а) жұмыс үстелі в) есептер тақтасы
с) бас мәзір д) нысан белгішелері
-
Компьютерді өшіру үшін ... жеткілікті:
а) бас мәзірдегі тиісті бұйрықты таңдау
в) компьютердің жүйелік блогындағы өшіру батырмасын басу
с) менің компьютерім белгішесін пайдалану
д) тілдер тақтасын қолдану
-
Бас мәзірді шақыру үшін ... керек:
а) менің компьютерімді ашу в) бастау батырмасын басу
с) есептер тақтасын ашу д) қоржынды ашу
-
Бас мәзірдің құжаттар бұйрығы:
а) музыкалар топтамасын ашады в) файлдарды іздетеді
с) бейнелер топтамасын ашады д) құжаттар топтамасын ашады
-
Бас мәзірдің бейнелер бұйрығы:
а) музыкалар топтамасын ашады в) құжаттар топтамасын ашады
с) бейнелер топтамасын ашады д) файлдарды іздетеді
-
Бас мәзірдің басқару тақтасы бұйрығы:
а) компьютердің параметрлерін баптайды в) файлдарды іздетеді
с) бейнелер топтамасын ашады д) принтерді баптау терезесін ашады
-
Үйге тапсырма:
-
9-тақырып,
-
75-беттегі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
-
Бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |