Бөлім тақырыбы: Тоталитаризм мен демократияның текетіресі Сабақтың тақырыбы: 1927-1939 жылдарда кеңестік қоғам қаншалықты өзгерді?
Дүниежүзі тарихы
9-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы
Оқу мақсаты:
8.1.1.2 - социалистік қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік топтардың (жұмысшы табы, шаруалар, зиялылар) мәртебесіндегі өзгерісті талдау;
8.3.1.2 - тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру
8.2.2.2 - ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұқаралық мәдениеттің (кинематограф, радио) қоғамның рухани дамуына ықпалын талдау
Бағалау критерийі:
- социалистік қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік топтардың (жұмысшы табы, шаруалар, зиялылар) мәртебесіндегі өзгерісті талдайды;
- тоталитаризм, сталинизм саяси режимдердің қалыптасу алғышарттарын анықтайды.
- ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұқаралық мәдениеттің (кинематограф, радио) қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалайды;
Термин сөздер:
Социализм-негізгі өндірісі,құрал -жабдықтары мемлекеттік меншікте болатын әлеуметтік жүйе.
Тоталитаризм- деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.
Сталинизм-КСРО-да Сталин үстемдігі кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен саяси билік жүйесі.
Кулак- ауқатты шаруалар
ХХ ғ. 20-30 жылдар КСРО-да саяси және экономикалық реформалар жүзеге асты.
1.ЖЭС (Жаңа экономикалық саясат 1921-1928 ж) енгізді. ЖЭС шеңберінде нарықтық экономиканың кейбір элементтері қалпына келтірілді: жеке сауда, шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет меншігінен шығару (мемлекеттік меншікті жеке меншікке беру) және ақшалай төленетін заттай салық енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |