Сабақтың тақырыбы №59 Ат ер қанаты Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата05.02.2024
өлшемі1.73 Mb.
#490787
түріСабақ
ҚМЖ әдебиеттік оқу 59 сабақ


Пәні

Әдебиеттік оқу

Бөлім:

Өнер

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№59 Ат – ер қанаты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.1.2 – шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу;
3.2.8.1 – эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау.

Сабақтың мақсаты

Оқу түрлерін қолданады. Эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді көркем сөздермен жеткізеді.

Құндылық

Ұлттық мүдде: ұлттық мәдениетті дәріптеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Сабаққа психологиялық тұрғыдан даярлау



«Поп корн» әдісі
«Зергер» өлеңін жатқа айту


Ізденіс жұмыстарына шолу
«Халқымыз тобылғы мен қамшыны неліктен қастерлеген?».

Өлеңді жатқа айтады.
Мәліметтерімен таныстырады.



Дескриптор:
-өлеңді жатқа айтады 1 ұ.
-дауыс мәнерін сақтап, көркесм жеткізеді-1 ұ.
-ізденіс жұмыстарымен таныстырады-1 ұ.






Сабақтың ортасы
35 мин

Ой қозғау.
1. Түсініп оқы. Пікір білдір.
1. Ат – ердің қанаты.
2. Жылқы – малдың патшасы.
3. Жылқының сүті – шекер, еті – бал.


Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау
Тыңдалым
Қастек Баянбай « Атқа міндім»
Оқылым
Өлеңді мәнерлеп оқу
Тізбектей, шумақпен оқу.


Автор айдарымен танысу

4-тапсырма.
Өлеңнен не түсіндің? Алғаш атқа мінген баланың жай-күйін қарасөзбен әңгімелеу.
Топтық жұмыс.
І топ. «Галереяға саяхат».
5 түрлі ат әбзелдерін пайдаланып, постер құр. Олардың атқаратын қызметін көрсет.


ІІ топ.
Тірек мәтінді қолдана отырып, «Ат ойындары» тақырыбында постер құр. Өздерің білетін бір ұлттық ойын туралы әңгімеле.
Тірек мәтін:
Ат ойындары - атқа байланысты ұлттық ойын түрлері. Яғни aт жарыстыру (бәйге түрлері бірнешеу), жорға жарыстыру, қыз қуар, көкпар тарту, аударыспақ, ат үстінде садақ тарту (жамбы ату), теңге ілу, ат омырауластыру, атты ордан қарғыту, мүше алып қашу, тай жарыс, құнан жарыс, тоқбәйге және тағы басқалар.
Қазақтар тойларда өткізілетін әртүрлі ойын-сауықтарда ат үстінде сан алуан өнер көрсеткен. Ат құлағында ойнаған көшпелілерде жылқы негізгі көлік және түрлі шикізат көні болғандықтан, жеке мініс аты жоқ, жылқысы жоқ адам болмаған. [
ІІІ топ.
Атқа мініп көріп пе едің? «Атқа міндім» өлеңіндегі сөздерді қолданып, өтірік өлең құрастыр.


Ойтолғау
Берілген тақырыптар төңірегінде ой бөліс.
1-топ: Атқа міну – өнер.
2-топ: Атқа міну – спорттың түрі.
3-топ: Атқа міну – ұлттық ойын.

Нақыл сөздердің мәнін түсіндіреді.


Оқу түрлерін қолданады.

Автор туралы мәліметті әңгімелейді.


Баланың жай-күйін әңгімелейді.

Ат әбзелдеріне постер құрастырады.


Тірек мәтінді пайдаланып, постер құрады.


Өтірік өлең құрастырып жазады.


Берілген тақырыпта ой бөліседі.



Дескриптор:
-нақыл сөздердің мәнін көркемсөздерді пайдалана отырып жеткізеді -1 ұ.





Дескриптор:
-баланың жай-күйін өлеңге сүйене отырып сипаттайды-1 ұ.


Дескриптор:
-ат әбзелдеріне постер құрады-1 ұ.
-топта таныстырылым жасайды-1 ұ.
Дескриптор:
-тірек мәтінді пайдаланып постер құрады-1 ұ.
-топта таныстырылым жасайды-1 ұ.


Дескриптор:
- Өлең жолдарына сүйеніп, өтірік өлең құрастырып жазады.
-1 ұ.
-өлеңді топта таныстырады-1 ұ.
Дескриптор:
-берілген тақырыпта ой бөліседі-1 ұ.

презентация

оқулық



Сабақтың соңы
2 мин

Кері байланыс
Үй тапсырмасы: өлеңнен үзінді жаттау.

Кері байланыс береді.

ҚБ баға қойылады .





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет