Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары».
Мақсаты: 1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.
Қазақтың ұлттық ойындарын ұмытпай білуге тәрбиелеу.
Сайыстың өткізілу барысы:
І.Кіріспе.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қазылар алқасымен таныстыру
3.Қатысушы топтармен таныстыру.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Сұрақ- жауап
2. Ұлттық ойындар
ІІІ.Қорытынды.
1. Сайыскерлерді бағалау.
2. Байқау жеңімпаздарын марапаттау.
«Қазақтың ұлттық ойындары» топтық сайыстың сценарийі:
Кешті екі жүргізуші бастайды
Жүргізушілер ортаға шығады.
1-жүргізіші: -Армысыздар, құрметті оқушылар, ардақты ұстаздар!Бүгінгі «Қазақтың ұлттық ойындары » атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын Қазақтың ұлттық ойындары туралы айтып кетсек.
2-жүргізіші: Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын– сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Уақыт өте келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |