Тұрғамбаева Дәме
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әдебиет 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңі
Сабақтың білімділік мақсаты: Абайдың ақындық шеберлігін таныту, өлеңнің
мазмұнын,негізгі идеясын ашу,поэзияны сүюге үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өнерді сүюге,халық мұрасын қастерлей білуге,еркіндікке, дербестікке тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушының өз ойын,көзқарасын ашық, еркінжеткізе білуге үйрету,сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, слайд, кеспелер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Ойшақыру
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар.
Сұрақ:
1.Оқушылар, бұл кімнің өлеңі? (Абайдың өлеңі)
2.Өлең қалай аталады, не туралы? (Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа. Ән өнері туралы)
3.Өлеңді жатқа айтып бере алатын оқушы бар ма?
Ұлы Абайды әлемге танымал еткен жазушы М.Әуезов «Абай – қазақ поэзиясының күншуақты асқар биігі» десе, елбасымыз Н.Ә.назарбаев «Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы,Абайдан киелі ұғым болмауы тиіс» деп бағаласа, халқымыздың қаһарман ұлдарының бірі Б.Момышұлы : «Абай – адассаң, жол көрсетер, шөлдесең, сусын болар, шаршасаң, тынығар, қысылсаң, ақыл берер асыл тұлға. Оны білмеу – күнә.»деген екен. Ал біз дана Абайдың жырларымен сусындап,әндерінен жанымызға ләззат алып, нақыл сөздерімен ғибраттанып өскен ұрпақпыз.Сендер ақынның бірнеше өлеңін жатқа білесіңдер, оны мәнерлеп айта да білесіңдер. Өздеріңнің қалауларың бойынша Абай өлеңдерінен үзінді тыңдалық. / бірнеше өлең оқылады /
Бізабайды тек ақын ретінде ғана емес, ән шығаратын сазгер ретінде де жақсы білеміз.Өздерің білетін қандай әндері бар? / Бірнеше әні аталады /
Ақынның әндерін алғаш тер орындаған және оларды жалпақ жұртқа танымал еткен өнерпаз шәкірті Мұқаметжан екен. / слайдтан көрсетіледі /
Ұлы ақынның сонымен қатар өзі шығарған күйлері де бар. Белгілі болғаны үшеу: «Май түні», «Торы жорға», « Желдірме»
Слайдтан «Торы жорға» күйінің нотасы көрсетіледі.
Ал Абайдың әндері мен күйлері жөнінде мол деректі кейінгі ұрпаққа жеткізуші – оның шөбересі мәкен апай / суреті көрсетіледі /
Өнерді жанымен сүйген,өзі де ән шығарып, әнді өнер ретінде жоғары бағалаған ақынның басқа да көптеген тақырыптағы өлеңдерімен бірге ән құдіретін танытатын шығармасы – «бүгінгі біз өткелі отырған «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңі.
Абайдың әндерін жеткізушісі-шөбересі Мәкен апай.
1.Өлеңнің әр шумағы мәнерлеп оқылады.
2. Өлеңнің шумақтары талданады, мағынасы ашылады.
3.Өлеңнің мазмұнын ашатын сұрақтар қойылады.
а/ Ақын өзге жұртқа өлеңнің қадір-қасиетін таныта отырып, оның құдіретін жыр жолдары арқылы бере біледі. Ол әнді тыңдап отырып, өзгеше бір күй кешеді, өткенді ойға түсіреді, өткен күннің уларын ішеді. «У» деп отырғаны не ақынның?
Өзі өмір сүрген заман қиындықтары
Қоғамдағы әділетсіздік
Қара халықтың ауыр күйі
Күштілердің қиянаты
ә/Әнді тыңдағанда Абай қандай күйде болады ?
Ерекше сезімге бөленеді
Қиналады
Өткеніне ой жүгіртеді
Қуанышқа бөленеді
Әнмен сырласады
Өзіне серік тапқандай болады
Сабақты бекіту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беріледі:
1-деңгейлік тапсырма
Өлеңне ән туралы айтылатын жолдарын тауып жаз
2-деңгейлік тапсырма
Ән жөнінде өзің қандай ой айтар едің?
3-деңгейлік тапсырма
Өз ойыңнан осы тақырыпқа өлең жолдарын құрастырып көр.
Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау
Сабақ Абайдың әндерін қазақтың кең даласына таратып, өзі тарихта «Майбасардың Мұқаметжаны» деген атпен қалған өнерпаз шәкірті секілдіткөпке өнерімен танылып, Абай әндерінің орындаушысына айналған,Семейде өткен 1Х республикалық «Абай оқулары» байқауының «Өнері оның жұрт асқан» номиация иегері, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқитын сыныптың оқушысы Кеңшілік Сұлтанның «Желсі түнде жарық ай» әнімен аяқталады.
Үйге тапсырма:Абай Құнанбайұлы Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін жаттау
Достарыңызбен бөлісу: |