Байкенова Нұрсұлу Қазбекқызы
Петропавл қаласы
Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығарма-
шылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философия- лық тұжырымдары - қара сөздерімен таныстыру, ой - өрістерін
кеңейту, рухани -жан дүниелерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: Оқушылардың мәнерлеп айту, жатқа айту, түсініп, талдау дағ-
дыларын дамыту. Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөз-
дерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, ең-
бекқорлық, саналылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, жатқа айту, салыстыру, аудару.
Көрнекілік: компьютер, слайдтар, Абай Құнанбайұлының портреті, өлеңдер жинағы,
«қара сөздері», Абай энциклопедиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатын айту.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,
Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.
Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір,
Арттағыға бір белгі қойса нетер?!» - деп ақын атамыз өзі айтқандай, бүгінгі сабақта
біз Абай атамыздың даналық сөздері – қара сөздерімен танысамыз.
Абай атамыз бізге өшпес мұра - өлеңдерін қалдырды, ендеше біз оны кім деп білеміз?
-
Дұрыс айтасыңдар – ақын. Ол қандай тақырыптарға өлең жазған?
Жыл мезгілдері: «Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым» (слайд)
Тағы қандай тақырыптарға жазған өлеңдері бар?
Ғылым, білім жайлы: «Әсемпаз болма әрнеге», «Білімдіден шыққан сөз», «Интернат-
та оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» т.б. (Оқушылар оқиды)
-
Абай атамызды ақын ретінде есімізге түсірдік, оны тағы кім ретінде білеміз?
-
Әнші, композитор.
-
Қандай өлеңдеріне ән жазған?
«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б.
-Соңғы өлеңді кім жазған?
- Неміс ақыны Гете жазған, орыс ақыны М.Ю.Лермонтов орыс тіліне, Абай атамыз
қазақ тіліне аударған. (слайд)
- Абай тағы кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?
- А.С.Пушкин, И.А.Крыловтың шығармаларын.
- Сонымен, біз Абай атамызды әрі аудармашы ретінде білеміз.
Абай аудармасындағы «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін «Досмұқасан» ансамблінің
орындауында тыңдайық.
Абай атамызды әр қырынан таныдық, енді бүгінгі сабақта даналық сөздері – қара
сөздерімен танысамыз.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Қара деген сөздің бірнеше мағынасы бар, оны мына сөз тіркестерінен көруге болады:
Қара шаңырақ – отчий дом; қара жұмыс – тяжелая работа; қара басы – сам, выделение
личности, қара сөз – это не простые слова, они отличаются от других слов своим со-
держанием, в них заключается философская мысль.
Осындай сөздер Абай атамызда бар. Жаңа тақырыпты дәптерлеріңе жазыңдар:
Абайдың қара сөздері.
-
Сөздік жұмысы (жазғызу, оқыту)
-
38 қара сөзбен таныстыру (Мұғалім өзі мәнерлеп оқиды, қазақ-орыс тілінде) Тақырыбы қандай? Адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған.
-
Мәтін бойынша сұрақ – жауап.
І топ - қазіргі ұрпақ, ІІ топ – Абай атамыз, қазіргі ұрпақ сұрақ қояды, Абай атамыз
жауап береді.( Виртуальді түрде сөйлесеміз)
ІV. Топпен жұмыс.
І топқа: 1 абзацты оқып, одан адамға керекті жақсы қасиеттерді теріп жазу.
ІІ топқа: мәтіннің екінші бөлімінен адам неден аулақ болу керек немесе адамға жақын
болатын қасиеттерді теріп жазу.
ІІІ топқа: күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсені дәптерге теріп жазу.
(Жауаптарын әр топтан бір оқушы оқып береді)
-
Абай атамыздың қандай өлеңінде адамның жақсы және жаман қасиеттері жөнінде
айтылған? Дұрыс, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде.
V. Қорытынды.
Оқушылардың өздері дайындап келген сөздерін тыңдайық. 7-ші, 19-шы, 38-ші сөздер жатқа айтылып, түсіндіріледі.(қысқаша аударма).
VІ. Сабақты бекіту. Абай атамыз бұл сөздерін бізге не үшін жазған? Неге қалдыр-
ған? Қара сөздердің тақырыбы әр алуан. Біз үшін ең қажеттісі: «оқу керек, оқығанды көңілге тоқи білу керек, білім алу үшін талап керек». Жақсыға жақын, жаманнан қа-
шық болу керек. Сонымен, Абайдың қара сөздерін тану арқылы біз оны кім деп біл-
дік?
- Ұлы дана, философ деп білдік. Абайдың қара сөздері – көркем әңгіме емес, даналық
сөздер, ғылымдық, философиялық шолулар.
«Қара сөздер» - қазақ әдебиетінде де, әлем әдебиетінде де жаңа жанр.
VІ. Үйге тапсырма: «Абай – ұлы ойшыл» атты эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |