Сабақтың тақырыбы: Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. Адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау



бет1/4
Дата19.04.2024
өлшемі0.5 Mb.
#499281
түріСабақ
  1   2   3   4
Жулдыз Таскул жыныс жуйе


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Тасқұл Жұлдыз

Пән/Сынып:

Биология, 9 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

11 апта, 3 сабағы

Тарау немесе бөлім атауы:

Көбею

Сабақтың тақырыбы:

Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. Адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау

Оқу мақсаты:

Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі
Адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау

Бағалау критериі:

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты


Кезеңдері



Тапсырма


Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

5 минут

Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу;

  • «Жүректен жүрекке» тренингі. Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал орнату..

  • топты конфет түсіне арқылы 3 топқа бөлу.

« Гамета» тобы
«Овогенез» тобы
«Зигота» тобы

  • Сабақ тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру

Тақырыпқа жетелеу.

Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа шоғырландырады.




Презентация Слайд 1-4



15 минут


Жаңа сабақ

Жағдаяттық сұрақ: Балалар сіздер білесіздер барлық тірі ағзалар белігілі бір мерзімге жеткенде өз тіршілігін тоқтатады. Енді айта қойыңдаршы неге тірі ағзалар саны азайып, тіршілік жойылып кетпейді..... Я дұрыс айтасыңдар тірі ағзаларға көптеген қасиеттер сай, солардың бірі тіршіліктің жалғасын табатын «Көбею» процесі. Сендер осы уақытқа дейін қандай тірі ағзалардың көбеюін, яғни өткен білімдеріңді еске түсірейік.
«Шағын мәтінді ойшылдықпен өту» әдісі арқылы сөз терминдерімен әңгіме құрастыру.Әр топ осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып өздері топ ішінде талқылап, ұтымдысын ортаға салатын болады. (аталық, сүтқоректі, даму, тұқым, аурухана, тіршілік, ішкі және сыртқы) Барлық топ оқып, ортаға салып болған соң мұғалім өз нұсқасын оқып береді.

Мысалы мәтін былай болады: Адам-сүтқоректілер класына жататын, тірі табиғаттың ең жоғары сатысына жататын тірі ағаза. Адам да басқа тірі ағзалар сияқты тіршілік ету барысында дамиды, көбейеді. Даму барысында адамдардың жыныс жүйесі аналық және аталық деп екіге бөлінеді. Сонымен бірге жыныс мүшелері ішкі және сыртқы болыпта бөлінеді. Егерде адамдар денсаулығына селқос қараса ауруханаға жатып қалуы мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет