Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
3-бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика
|
Мектеп: «Ынтымақ» жалпы орта мектебі
|
Күні: 20.11.
|
Мұғалім аты-жөні: Карабаев Ж.
|
Сынып: 3 «А»
|
қатысқандар саны: 24
|
қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Аэробика элементтері бар гимнастика.
|
Оқу мақсаттары
|
3.1.2.1 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін біледі және түсінеді
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтармен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді.
|
Басым бөлігі: дене белсенділігінің маңыздылығын түсінеді.
|
Кейбірі: мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше дене жаттығуларын жасай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы
Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығуларды орындайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
|
Пәндік лексика және терминология
Мыналарды қамитды:
Кеңістік/ бағыт: алға, артқа, жанына
динамика: тез, баяу
байланыс, идеялар, іс-әрекет, жүйелі
ептілік, тепе-теңдік
координация, күш
шыдамдылық, иілгіштік
|
Талқылауға арналған сұрақтар
Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып тепе теңдік жаттығуларын қалай орындаймыз?
Сабақтың қай бөлігінде дене қыздыру, дем алу және босаңсытатын жаттығуларын орындаймыз?
Не үшін бізге иілгіштік қасиет қажет болады?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.
Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу,
бір-бірін құрметтеу, мәдени, этикалық қасиеттерді дамытады
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.
Мәдениетаралық түсінікті дамыту
|
|