Сабақтың тақырыбы: Ағаштан бұйымдар жасау Сабақтың мақсаты: Ағаштан бұйым жасау. Ұлттық ағаш бұйымдардың шығу тарихымен таныстыру



Дата13.06.2016
өлшемі28.29 Kb.
#133521
түріСабақ
Карамырзаев Даулетбай Усенович,

№15 М.Жұмабаев атындағыь мектеп-гимназияның технология пәні мұғалімі

ОҚО, Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: Ағаштан бұйымдар жасау


Сабақтың мақсаты: Ағаштан бұйым жасау. Ұлттық ағаш бұйымдардың шығу тарихымен таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды еңбекке баулу, ұлттық қол өнерге үйрету, ұлтын, отанын сүйюге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін жетілдіру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгелдеу

ә) Жүрналды толтыру
2. Өткенді қайталау

а) үй тапсырмасын сұрау

ә) шығармашылық жұмысын тексеру
3. Жаңа сабақ

а) сабақты түсіндіру

ә) сабақты бекіту

б) сарамандық жұмыс


4. Үйге тапсырма

Ағаштан шығармашылық бұйым жасау, сызба дайындау.


Сабақтың көрнекілігі: Технологиялық карта, буклет. Еңбек құралдары

Пәнаралық байланыс: Сызу, математика, физика


Сабақтың түрі: Вен диограммасы. ББҰ әдісі.
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылый отырықшылдыққа ауысып, егінмен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалған бұйымдардың түрі сан алуан. Мысалға киіз үй сүйегі (ағаш), адалбақан (киім ілгіш) ат ерлері, ағш төсек, ыдыстар(астау, табақ, тегене тостаған, қасық, ожау), күбі, ағаш шелек, келі-келсап жәнеде үй жиһаздары – сандық, кебеже, жүн аяқ сынды заттарды пайдаланған.

Қазіргі заман талабына сай бұл бұйымдардың көбі қолданыстан шығып музейлерде тұр. Бүгінгі сабақта біз ағаштан, қалдық материалдардан бұйым жасап үйренеміз.

ББҮ

Білемін

Білдім

Үйрендім























Сабақты бекіту сұрақтары:


  1. Көне үй жиһаздарын ата?

  2. Ағаш өңдеу құралдары?

  3. Сәндеу, әрлеу жұмыстары дегеніміз не?

  4. Қазіргі заман талабына сай ағаштан жасалған қандай үй жиһаздарын білесіндер?

  5. Қазақстанда орманды аймақ қайда?

Сарамандық жұмыс.

Қажетті материалдар:


  1. Босаған қалдық жәшік ағаштары

  2. Желім

  3. 10 мм шеге

  4. Жону, тазалау, кесу құралдары

1. Материалға бұйым бөлшектерінің суретін сызу.



2. Сызба бойынша кесу



3. Болшектерді біріктіру, желемдеу



4. Бұйымды тазалау, әрлеу жұмыстары



5. Бұйымды бояу, лактау


Сабақты қортындылау.
Оқушылар ата – бабамыздан келе жатқан ағашты өңдеу техналогиясымен бұйым жасау әдістерін меңгердік.

Енді сендердің жасаған ағаш бұйымдарының бөлшектерін құрастыру әдістерін келесі сабақта тексеріп бағалаймыз. Бұйымдарды салытырмалы түрде өзіндік құндарын бағалау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет