Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бозкөл ауылы
Қарасақал Ерімбет атындағы № 96 мектеп
Физика пәні мұғалімі: Кәдірбаев Оңдаш
Сабақтың тақырыбы: Қайнау.
Сабақтың мақсаты: а) Демонстрациялық тәжірибие жүзінде судың қайнауын бақылау.
б) Су қайнаған кезде температураның тұрақтылығын бақылау.
в) әр түрлі заттардың сүт, спирт, күнбағыс майы қайнауын бақылау.
г) Төмендетілген және жоғарылатылған қысым кезінде судың қайнауын бақылау.
Сабақтың түрі: Демонстрациялық сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру.
Сабақтың көрнекілігі:
1. штатив, спиртовка, колба, су ,термометр, стакан, пробирка.
2. плакаттар, таблица, карта, макет
3. сүт, май, спирт, эфир.
4. ас тұзы, пробирка, шыны таякша, шыны ыдыс, тығын, груша.
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі
В) Үй тапсырмасын сұрау
Физикалық эстафета
I – бөлім. “ Кім жүйрік ”
II – бөлім. Сен формула білесің бе?
III – бөлім. Ойлан тап.
-
Үй тапсырмасын бекіту.
-
Жаңа сабақ түсіндіру.
-
Жаңа сабақты қортындылау.
-
Үйге тапсырма беру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты бастамас бұрын өтілген тақырыптарға сұрақтар беріп, қортындылау.
Мысалға: 1) Кебу дегеніміз не?
2) Сұйықтың кебу жылдамдығы неге байланысты.
3) Кебу жылдамдығы кебетін сұйық затының тегіне қалай тәуелді болады?
4) Кебу сұйықтың еркін бетінің өлшеміне қалай тәуелді болады?
5) Табиғатта өндіріс орындарында кебу құбылысы кездесе ме?
Қайнау процесін күнделікті өмірде үнемі бақылап жүргендіктеріне қарамастан, класта көрсетілетін тәжірибеден бас тартуға болмайды, өйіткені тұрмыста әдетте қайнауды беткі жағынан бақылайды және бетінде не болып жатқанын ғана көреді.
Қайнау – буға айналудың кебуден өзгеше бір түрі. Сондықтан қайнауды қарастырған кезде құбылыстың сыртқы белгілеріне, қайнау температурасының трақтылығына назар аударамыз. Алдымен колбадағы судың қайнауын сурет бойынша түсіндіру. Содан кейін демонстрайиялық тәжірибе жасалды.
1 – тәжірибе:
Беті ашық колбадағы суды температурасын өлшей отырып, қыздырамыз. Ол үшін мынадай құралдар пайдаланамыз: штатив, спиртовка, колба, су,термометр.
Сонда сұйықтың бетінен кебуі күшейеді, ыдыстың үстіңгі жағында пайда болған тұманды байқауға болады. Температурасы әрі қарай жоғарылағанда судың ішінде көптеген кішкене көпіршіктердің пайда болғанын көрдік. Бұл көпіршіктер әрқашанда судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері екені айтылды. Су неғұрлым суық болса, оның ішінде еріген ауа соғұрлым көп болады. Сондықтан қызған кезде артық ауа су ішінен көпіршік түрінде бөлініп шығады. Ыдыстың қабырғасында көптеген ұсақ көпіршіктер көлемі арта береді де, көтеру күші біліне бастайды, яғни Архимед күші артады да, олар су бетіне қалқып шығады. Су бетіне жеткенде бұл көпіршіктер жарылады да, су буы атммосфераға шығады – су қайнайды. Термометрмен судың қайнауын өлшеп оның 100ºС – та қайнағанына көз жеткіздік. Осыдан кейін қайнау температурасы ұғымы енгізілді. Сұйықтың қайнайтын температурасын қайнау температурасы деп атайды.
2 - тәжірибе:
Су қайнаған кезде температураның тұрақтылығын байқайтын қондырғы кадоскоп арқылы көрсетілді. Су спирттовкадан энергия алғанымен де, судың қайнау температурасының өзгермейтіндігі айтылды. Бұл энергия булануға, яғни судың бір күйден екінші бір күйге көшуіне кетеді. Осыдан кейін әртүрлі заттардың қайнауын тәжірбие жасау арқылы қайнау температурасы демонстрайияланды.
3 - тәжірибе: Күкіртті эфир ыстық суда қайнауы. Ыстық суы бар химиялық стаканға салқын су құйып, қоспаның температурасы 45 – 500С болғанша оны арластырады, температурасын анықтағаннан кейін, стаканға сым ұстағышпен пробирка түсіріледі. Пробирканың жартысына дейін күкіртті эфирді құйып, мақтамен жабады. Біраздан кейін эфирдің қайнағаны класқа көрсетіледі. Эфирдің қайнау температурасы қоршап тұрған судың температурасынан төмен екендігі айқын. Эфирдің қайнау температурасы 350С- қа тең екені айтылады.
4 - тәжірибе: Қатты қайнап тұрған суға ас тұзын себеді. Су қайнауын тоқтады.Тұз қосып,шыны таяқшамен оны араластырып отырып, қаныққан ерітінді алады. Біраз уақыттан кейін тұзды су қайнайды,термометр 1000С-тан жоғары температураны көрсетеді. ( Қажетті құралдар : штатив, спиртовка, колва, су термометр, ас тұзы.) Тұз судың қайнау температурасын жоғарылатады.
5 – тәжірибе: әр түрлі заттың: сүт, спирт, күнбағыс майдың қайнау температурасын демонстрацияланды
сүт
спирт
май
Оқушыларға әр түрлі заттардың әртүрлі температурада қайнайтынын тәжірбиелер жүзінде көрсетілді. Осыдан кейін, қалыпты жағдайларда газ күйінде болатын заттардың жеткілікті түрде суытқанда өте төмен температурада қайнайтын сұйыққа айналатыны айтылды. Тақтаға оқулықтағы 5 – кесте плакатқа көрнекті түрде ілінді. 5- кесте бойынша, жасалған жасалған тәжірибелер қортындысы салыстырылды. Осы арада оқушыларға ерте кезде ата – бабаларымыздың уақытты осындай әр түрлі заттардың, әр түрлі сұйықтардың түрлі уақытта қайнайтынын біліп, сүт пісірім, шай қайнайтын, ет пісірім уақыт деп белгілеп айтқанын айтылды..
5 – кесте
Сутек – 253
Оттек – 183
|
Сүт – 100
Эфир - 35
|
Спирт – 78
Су - 100
|
Мыс – 2567
Темір - 2750
|
Сынап 357
Қорғасын 1740
|
6 - тәжірибе: Төмендетілген және жоғарылатылған қысым кезінде судың қайнауы. Үштен біріне дейін су құйылған пробирка алынады. Пробиркадағы суды қайнау температурасына дейін қыздырады да, пробиркаға резеңке грушаны кигізіп, оны тездеп сығады. Су әрі қарай қыздырыла бергенмен, қайнау тоқталады. Қыздырғышты алып қоямыз. Резеңке грушаны сығып тұрған қолды тез жазып жіберіп, қайтадын сұйықтың қайнауын бақылайды.
7 - тәжірибе: Осыған байланысты тағы мынадай тәжірибе жасалады. Түбі дөңгелек колбадағы су қайнаған кезде және су буы колбаның ішіндегі ауаны шығарғанына көзіміз жеткенде, қыздырғышты алып, колбаны лезде тас қылып тығынмен жабады. Содан соң колбаның аузын төмен қаратып штативке бекітеді де, штатив астына қаңылтыр таба қояды. Оқушылардың назарын дайындалған қондырғыға аударып, колбаға үстінен суық су құйып, колбадағы судың қалай бұрқылдап қайнағанын бақыладық.
8 - тәжірибе: Насоспен қысымды төмендеткенде жылы судың қайнауы.. Оған қажетті приборлар ( штатив, су, спиртовка, колба, шина насосы). Судың температурасы төмендегендіктен ( қыздыру болмайды, ол қайнау кезінде булануға керекті жылу судан алынады).
Мынадай қортынды жасалды.
Қысым азайған сайын, су төмен температурада қайнайды. Қысым артқанда сұйық анағұрлым жоғары температурада қайнайды.
VI. Жаңа сабақты бекіту.
1. Су қайнай бастағанда оның ішінде қандай құбылыс байқалады және сұйықтың ішінде тұрғанда оған қандай күштер әсер етеді.?
2. Сұйықтың қайнау температурасы дегеніміз не?
3. Су температурасының өзгермейтінін қалай бақылауға болады?
4. Әр түлі заттардың қайнау температурасы бірдей бола ма.?
5. Төмендетілген және жоғарылатылған қысым кезінде су қалай қайнайды?
6. Күнделікті тұрмыста қайнау құбылысы кездесе ме?
Оқушыларға бірнеше сұрақты бере отырып, жаңа сабақты қорытындыланды.
VIIОқушыларды бағалау
VIIІ. Үйге тапсырма: Қайнау
Тапсырма: Ашық ыдыстағы су қалай қайнай бастайтынын және қалайша қайнағанын зер салып бақылап есте сақтау.
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бозкөл ауылы
Қарасақал Ерімбет атындағы № 96 мектеп
Физика пәні мұғалімі: Кәдірбаев Оңдаш
Достарыңызбен бөлісу: |