Сабақтың тақырыбы: «Қан тіршілік көзі»



Дата17.07.2016
өлшемі57.79 Kb.
#205853
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Қан тіршілік көзі»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Адам тіршілігі үшін, организмнің тірегі- қан және қан жасушаларының белсенділігін, өміршеңдігін оқушыларға медициналық тұрғыдан түсіндіре отырып, оқушы белсенділігін арттыру;

Б) дамытушылық: Оқушылардың іс әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, оқу материалдарының мазмұнын өмірімен байланыстыру арқылы оқушылардың білім-біліктілігін арттыру;

В) Тәрбиелік: Оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт санасын құрметтеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға үйрету;

Сабақ түрі: Жаңа, топтық жарыс сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақтармен жұмыс, тест, сызбанұсқамен жұмыстану, жоба қорғау

Сабақтың көрнекілігі: Сызбанұсқалар, слайд, биологиялық суреттер, адам қаны жасушаларының әйнектері, микроскоп, пәндік журналдар .

Күтілетін нәтиже: Оқушылар қан құрамы және олардың құрамын біледі.Адам өміріндегі маңызын ұғынып, қанның формалды элементтерін ажырата алады.

Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздерме балалар, сыныпта кезекші кім, сабақта кім жоқ



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада «Бұлшықет » тақырыбы бойынша ұяшықтарда сұрақтар беріледі. Топтар сұрақ арқылы жарысады.

1.Бұлшық еттің маңызы қандай?

2.Бұлшық еттің құрылысы қандай?

3.Бұлшықет сүйекке қалай бекінеді?

5. Қаңқа бұлшықеті қандай топтарға бөлінеді?

6. Мимикалық бұлшықеттер дегеніміз қандай бұлшықеттер?

7.Біздің оргаанизміміздегі ең ұзын бұлшықет?

8.Бұлшықеттің қандай жұмысы динамикалық деп аталады?

9. Қандай жұмысы статикалық деп аталады?

10.Неліктен бұлшықет ұзақ уақыт дене жұмысын орындай алмайды?

11. Бұлшықеттің қажуы дегеніміз не?

12.Еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмысты қалай ұйымдастыру керек?



ІІ. Сабақтың барысы: Сабақ бастамас бұрын Кубизм әдісі арқылы сұрақ қойылады.

Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады:



І топ- Эритроциттер тобы

ІІ топ-Лейкоциттер тобы

ІІІ топ-Тромбоциттер тобы

Тұсаукесер:

1.Организмнің ішкі ортасы дегеніміз не?

2. Біздің ағзамызда қоректік заттар мен оттегіні мүшелерге жеткізетін не деп ойлайсыңдар?

3. Гемоглабин деген ұғым сіздерге таныспа?

Балалар міне біздің бүгінгі тақырыбымыз қай бағытта болмақ.

Әрине қан туралы. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Қан- тіршілік көзі» деп аталады.

Организмнің ішкі сұйық ортасы деп- қан, лимфа және клеткааралық сұйықтықты айтады. Бұл сұйықтықтар клеткалар мен ұлпаларды қоршайды және олардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай туғызады. Осы сұйықтықтардың құрамы тұрақты болады. Клеткааралық сұйықтық- мөлдір, лимфа- ақшыл сарғыш түсті, қан-қызыл түсті.



Қанның қызметі: Қанның атқаратын рөлі орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан-қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті клеткаларға тасып, ал көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді.Сөйтіп тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, организмге таратады. Бұл- қоректендіру қызметі. Клеткалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару мүшесіне жеткізеді. Су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Орагнизмді жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелер арасында байланыс жасайды. Қан 23 секунд ішінде тамырлар бойымен организмді бір рет айналып шығады.

Тіршілік көзі



қызыл түсті сұйықтық

Гуморалды реттеуші







Мүшелерді байланыстырушы Дене температурасының

тұрақтылығын сақтаушы

Қанның құрамы: Қан құрамы

Қан құрамы: Қан плазмасы- минералды тұз, су , органикалық заттар

Органикалық заттар- нәруыз, май, глюкоза

Нәруыз- Альбумин, глобулин, фибриноген

Қан жасушалары- эритроцит, лейкоцит, тромбоцит

Дәптермен ( терминдермен) жұмыс:

1.Гемоглабин- қанға қызыл түс беретін нәруыз.

2.Агглютинация-эритроциттердің бірігіп қалуы.

3.Донор-қан беруші адам

4. Рецепиент- қан қабылдаушы адам

5. Гематолог- қан ауруын емдейтін дәрігер.

6. гематология- қан қызметін, құрамын зерттейтін ғылым.

ІІІ- кезең ( Үй тапсырмасына қосымша тапсырма ретінде 3- топқа қанның формалды элементтері бойынша жоба жасау тапсырылған болатын, жоба қорғау кезеңі)

І топ «Эритроциттер»

ІІ топ «Лейкоциттер»

ІІІ топ «Тромбоциттер»

Жобада өз топ есімдерінің аты, қызметі, маңыздылығы, суреттері, адам организміндегі рөлі баяндалуы керек. Жоба қорғалған соң 3 топ бір-біріне дайындап келген 10 сұрақтарын қояды.

Сабақты бекіту: 1. Биологиялық мәтін

Организмнің ішкі ортасы....( қан, лимфа) айтады. Қан организмдегі.......( дәнекер) ұлпаға жатады. Лейкоциттер организмге түскен .....(бөгде заттарды) өзіне сіңіріп қорытады. Қан жасушалары ....(сүйек кемігінде) жасалады. Қанның құрамы ...(плазма) және оның ішінде қалқып жүретін ......... (жаушаларынан ) тұрады.Қандағы ерітінді күйіндегі фибриноген ерімейтін .....( фибрин) талшығына айналады.



  1. Сәйкес сөздерді табу:

1.Қан организм айнасы

2. Эритроцит қанның қызыл жасушалары

3.Гемофилия қан ұйымайтын ауру

4.Гематолог қан ауруын емдейтін дәрігер

5.Оксигемоглабин оттегімен қосылған гемоглабин

6. Гематология қан ауруын зерттейтін ғылым



Тестпен жұмыс:

  1. Қан дене салмағының неше пайызын құрайды?

А)10, ә)7, б) 14 ,в)40

2. Дене жасушалары қант тамырларымен қалай байланысады?

А) лимфа,ә)қан плазмасы,б) тура жалғасады, в) ұлпа сұйықтығы

3. Эритроциттер қайда түзіледі?

А) сүйек кемігінде,ә) көк бауырда,б) айырша безде,в) бауырда

4.Тромбоциттің 1 мм3 қандағы мөлшері:

А)500, ә) 250-400, б) 400-450, в)450-470

5. Лейкоциттерді обыр жасуша деп атаған қай ғалым?

А) Павлов,ә) Гук,б) Мечников,в) Левенгук

Сабаққа ауылымыздың медбике-лаборанты Қадырова Балгүл Ғайноллақызы бірге бір оқушының қан тобын анықтап беретін болады. Оқушылар сұрақтарын қояды.



ІІІ. Бағалау

Топ бойынша әр топ мүшелері өз жинаған карточкалары бойынша бағаланады.



ІV. Сабақты бекіту:

Оқушылардың өз қан топтарын сұрай отырып, сергіту мақсатында мына медициналық ақпаратты ұсынбақпын.



І топтағы оқушылар үшін- Мұндай адамдар мәңгілік қозғалыста болады. Күш қуаты, ерік жігері өте мол, қай жерде болсын жарып шығады, тез тіл табысқыш, жұмысты да жанын салып істейді.

ІІ топтағылар- Бұл адамдар адал және тындырымды . Өз мамандығы бойынша өнімді түрде жоғарылайды, қалғанының бәрі маңызды емес деп ойлайды. Егер бір нәрсені қолға алса, тындырмай қоймайды. Олар «иә» деп келіссе сенуге болады.

ІІІ-топтағылар- Өте сезімтал, кез-келген нәрсені тез үйреніп алуға бейім. Жұмыста өзіне де, өзгеге де қатаң талап қояды. Сабырлы. Бірақ сол сабырлықтың астында сезімтал жүректерін жасырып ұстайды.

ІVтоптағылар- мұндай адамдар мүлдем сезімге ергіш. Олардың бойындағы құштарлық жандарына маза бермей, күдік пен үрейдің жетекшісі болады да жүреді. Алайда барлық қиындықта ешкімге айтпай жалғыз өзі жеңгенді қалайды.

Үй тапсырмасын беру: «Қан аурулары» туралы реферат жазу



«Қан» тақырыбында сөзжұмбақ құрастыру.

-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет