Әлеуметтік педагогы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бейсебай Ақдидар Маханбетқызы
5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Анашым ән-жырым.
Мақсаты: Аналарды құрметтеуге, сыйлауға, аялай білуге үндеп, аналардың қоғамдағы, отбасындағы қызметін бағалауға шақырып, әйелдер мерекесін атап өтудің маңызын түсіндіру.
Жүргізілу барысы:
(Мерекелік шара өтетін орын безендіріледі. Даналық сөздер ілінеді. Ана туралы ән орындалып тұрады. Ортаға екі жүргізуші шығады.)
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты аналар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, аяулы да қадірлі әпкелер!
1-жүргізуші: Адамзат дүниесінде анадан ардақты, одан қымбат, анадан қасиетті ешкім де жоқ.
2-жүргізуші: Ана - ол өмірдің өзегі, басты қызығы негізгі тірегі.
1-жүргізуші: Ана тілі, ана тілегі, ана арманы, ана көркі, ана алғысы дүниенің мәні мағынасы емес пе?!
2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы ең қасиетті де аяулы күннің бірі, наурыз шуағымен жадырап жететін, көктем нұрымен жер-ананың да бусанып, бүкіл дүниені тіршілік махаббатына бөлейтін, шуағымен тұтас келетін көл-көсір қуаныш мерекесі - халықаралық әйелдері күні құтты болсын!
1-жүргізуші: Көктемнің тамаша мерекесі халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, құрметті аналар, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпеуін, дендеріңіздің сау, бақыттарыңыз баянды, істеріңіз берекелі дастарқандарыңыздың мол болуын тілейміз.
2-жүргізуші: Бүгін мерекелік бас қосуымыздың шымылдығын ашу үшін сынып жетекшісіне құттықтау сөз кезегін береміз.
(сынып жетекшісі сөз сөйлейді)
1-жүргіуші:
Күн жылынып барады,
Қысқарып түн келеді.
Қыс ызғары тарады,
Құстар жырлап береді.
2-жүргізуші:
Келе жатыр шаттық күн,
Аналардың шаттығы.
Қандай сыйлық тартасың,
Есіңе ал нақ бүгін.
1-жүргізуші: Көктемде гүлсіз елестету мүмкін емес.
2-жүргізуші: Гүл - жердің де, елдің де көркі.
1-жүргізуші: Көңілді жақсартатын - гүл. Гүлге қызыққан мейірімді жан екенін білдіреді.
2-жүргізуші: Қымбатты аналар! Бүгін өздеріңіздің ұл-қыздарыңыз мереклеріңізбен кұттықтап, гүл шоқтарын ұсынады.
(оқушылар аналарына гүл ұсынады)
1-жүргізуші: Қадірлі аналар! Енді өздеріңізге арналған ән-жырымызды қабыл алыңыздар Е.Хасанғалиевтің әні «Анаға салем». (хормен орындайды.)
2-жүргізуші: Адам баласы жаралғаннан бері өміріміз ана пейілімен, ана мейірімімен өлшеніп келеді. Елдіктің құты да, ерліктің жыры да - ана. Жер бетіндегі тіршілік күн нұрынан қуат алса, адам баласының мейір-шапағаты ана жүрегінен тараған.
1-жүргізуші: Жер бетіндегі жаратқан иеміздің жіберген Құран-кәрімінде адам баласының ақ жолмен жүруіне, инабаттылық сақтау үшін айтқан кеңестері ұшан-теңіз. Соның бір саласы аналарды құрметтеуге арналған. Енді Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистеріне назар аударайық.
1-оқушы: Құдайдан басқаға құлшылық қылмаңдар, ата-аналарыңды құрметтеңдер. Жақсылық жасаңдар
2-оқушы: Ата-аналарыңа, туысқандарыңа жасаған қайырларыңды бір Құдай білмей қоймайды.
3-оқушы: Қағида бойынша ананы азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету әкенің мойнына жүктеледі.
4-оқушы: Анаға, анаға, тағы да анаға, содан соң ғана барып әкеге жақсылық жаса.
5-оқушы: Алла тағала әйелдерге жақсы қарауды өсиет етеді. Өйткені әйелдер сендердің аналарың, қыздарың, апа-қарындастарың.
6-оқушы: Жұмақ ананың табаның астында.
7-оқушы: Алланың әлсізі етіп жаратқан жандары болып табылатын әйелдерді ұрмаңдар.
8-оқушы: Мұсылман дінінде әйелді зорлау мен кісі тонау жоқ.
2-жүргізуші: Қадірлі аналар, балаларыңыздың өздеріңізге арнаған өнері көп. Сәлемімізді қабыл алыңыз. (Ана туралы ән айтылады)
1-жүргізуші: Біздің оқушылар пікірталас ұйымдастырып, ойларын ортаға салғанды да ұнатады. Қазір сіздерге Бағлан мен Айгүл аналар туралы ой толғамдарын айтады.
Айгүл: Бағлан үйдегі алтын қазық кім, білесің бе?
Бағлан: Үйдегі алтын қазық бала шығар.
Айгүл: Жоқ, Бағлан. Үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса дана туады. Анасы жоқ үйдің панасы да жоқ. Ана - ақылшың. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана - үйдің алтын қазығы, ердің асылы, елдің жақсылығы.
Бағлан: Айгүл, сен айтшы, әке жақсы ма, ана жақсы ма?
Айгүл: Екеуі де жақсы ма ?
Бақыт: Дұрыс, Айгүл, ақылды бала әкесі мен анасын бірдей жақсы кереді. Әке - үйдің тірегі, ана әкеге көп сенеді. Әкең жақсы болса, ақылды болып өсесің. Ана адастырмайды, көрінгенмен жалғастырмайды. Бесікке дейін ана тәрбиесі жақсы, бесіктен кейін әке тәрбиесі мен өмір тәрбиесі жақсы. Ата-анасын сыйлаған ұлы болады, сыйламаған ұры болады.
2-жүргізуші:
Ана - біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұлапды ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз, - деп, бүгінгі мерекеге жиналған аналардың атынан құттықтау сөзді Нағима апаға береміз. (Құттықтау сөз сөйлейді)
1-жүргізуші:
Ана мейірімі күн көзімем пара пар,
Тұла бойға қуат болып тарған.
Өміріме шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңдар ақ ниетті аналар!
2-жүргізуші:
Ана деген - өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы.
Ана деген - тіршіліктің шұғылалы шуағы,
Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлға биік тұрады, - деп, оқушылардың жыр-шумақтарын ұсынамыз.
1-оқушы:
Анашым, әркез бол аман,
Сен барда шырқап салам ән.
Көктемде келген құстардай,
Сағынып қайта оралам.
2-оқушы:
Мен өзіңнің балапаның баптаған,
Арман қуып алыс жолға аттанам.
Көңілімді тұрар менің тербегің,
Ана жыры сәби кезде жаттаған.
3-оқушы:
Түнде тұрып түн ұйқыңды төрт бөлдің,
Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.
Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған,
Екенімді ойламастан тез білдің.
4 –оқушы:
Ардақты ана, аяулы ана кымбатым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Мен құшағың аясындай гүл бақтың.
5-оқушы:
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатгың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
6-оқушы:
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.
2-жүргізуші:
Адамзат қоғамында әйел-аналардың арасында қаншама батырлар, мемлекет қайраткерлері, ән иелері бар. Ондай аналар халық жүрегінде сақталады. Біз елімізге танымал аналардың есімдері жасырылған «Анашым - ән жырым» - деген сөз жұмбақ ойластырып шығарған едік. Соған назар аударып, шешуін айтуға, дайындалып отырыңыздар.
1-жүргізуші: Анаға мың мәртебе жасаған еңбек - құрметіңіз асыл ананың бір түнгі ұйқысына татымайды. Ана балаға тек жақсылық тілейді. Ұрпағының кесір-қырсық кемшіліктерін кешіреді, тәрбиелейді.
2-жүргізуші: Қадірлі аналар! Өздеріңізге арналған мерекелік жиынымызды аяқтаймыз. Әр қашан аман-сау жүріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |