Сабақтың тақырыбы: Антонимдер Сабақтың мақсаты



Дата08.07.2016
өлшемі69.59 Kb.
#184335
түріСабақ
Қожекенова Гүлназ Елубайқызы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Құмжарған ауылы



Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: антонимдер туралы түсініктерін толықтыра отырып, оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу. Антоним сөздерді ажырата білуге, сөйлем ішінен тез таба білуге үйрету.

Дамытушылық: антонимнен алған теориялық білімдерін жаттығу жұмыстарын орындау барысында қолдана білуге үйрету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсу. Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтауға, талдауға машықтандыру.

Тәрбиелік: Өтілген тақырыпты қайталай отырып, оқушыларды сауаттылыққа, білімділікке, зеректікке тәрбиелеу. Адамгершілікке, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға баулу.

Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: білімді жетілдіру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, дәптермен, оқулықпен, мәтінмен жұмыстар, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сызба плакат, дидактикалық материал

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындықтарын анықтау. Сабақ мақсатымен және В. Беспальконың дамыта оқыту технологиясы бойынша өту барысымен, сатыларымен таныстыру.



В. Беспальконың дамыта оқыту технологиясы

Шығармашылық жұмыс

Ой-


толғаныс




ІV Мәтін- Шығарма-

мен шылық

жұмыс саты




ІІІ Оқулықпен Эвристикалық

жұмыс саты






ІІ Алгоритмдік

саты

Дәптермен

жұмыс

сұрақ-жауап






І Оқушы

деңгейі



ІІ. Үй жұмысын тексеру. 92-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Антоним сөздерді табыңдар. Мал бағуға қатысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
ІІ. Білімді жетілдіру сабағы.

1. Антонимнен өткенді сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.

а) Антоним дегеніміз не?

ә) Мысал келтір

б) Антоним мен болымды-болымсыздық мағына бірдей ме?
2. Дәптермен жұмыс. Әдебиет пәнімен байланыс.

93-жаттығу. (жазбаша)

1) Өлеңдегі антоним сөздерді жұп-жұбымен теріп жазыңдар.

Қараңғы-жарық, ұсақ-алып

2) Мәтіндегі ұсақ, алып сөздерінің синонимдерін атаңдар

. Ұсақ – уақ, майда, кішкентай, ұнтақ

Алып – ірі, нән, дәу, үлкен

3) Оларды осы сөздердің орнына қойып көріңдер. Қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.

Синоним сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді. Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады.

4) Түсіндірме сөздіктен дәрмен, пәрмен сөздерінің мағыналарын анықтаңдар.
96-жаттығу. (жазбаша) Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып жазыңдар.

Ашық есік – жабық есік, жаңа жыл – ескі жыл, сұлу қыз – көріксіз қыз, жас ағаш – кәрі ағаш


100-жаттығу. (жазбаша) Синонимдік қатарлардың бірін көшіріп жазып, антонимін табыңдар.

Батыр- қорқақ, батыл-қауқарсыз, ер жүрек-су жүрек


3. Оқулықпен жұмыс. 94-жаттығу. (ауызша) Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгендеріңді айтыңдар. Мына сөздердің антонимін табыңдар. жақсылық-жамандық, дос-дұшпан.
4. Мәтінмен жұмыс. Тарих пәнімен байланыс

95-жаттығу. (ауызша) Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар. Мәтін бойынша батырға тән мінездерді анықтап, олардың антоним сыңарларын табыңдар. Қазақтың қандай батырлар жырын білесіңдер?

Батыр-қорқақ, ерлік-ездік, адалдық-арамдық, әділдік-әділетсіздік, дос-дұшпан, төзімді-шыдамсыз, уәдеге берік-уәдесінде тұрмау, сүйіспеншілік-жек көрушілік, жеіңс-жеңіліс.



ІІІ. Ой қорыту.

1) Ой-толғаныс

99-жаттығу. Төмендегі сұрақтардың біріне жауап болатындай шағын мәтін жазыңдар. Онда міндетті түрде антоним сөздер болуын ескеріңдер.

1. Анаңның туған күніне қандай сыйлық тартар едің?

2. Досыңның ерсі қылығын көрдің делік. Не істер едің?

3. Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің?



2) Шығармашылық диктант. Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді табыңдар, ол қай сөзбен антонимдік мағына сұрайды?

ІV. Сабақты бекіту. Семантикалық карта арқылы сабақты қорытындылау.

V. Үйге тапсырма:

97-жаттығу. (жазбаша) Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер мен жұмбақтар тауып жазыңдар және олардың қатар қолданылуының себебін біліп алыңдар.

98-жаттығу. Ақын Қадыр Мырза Әлидің өлең кітаптарын оқыңдар. Антоним сөздер кездескен бір-екі шумақ өлеіңн дәптерлеріңе жазыңдар.

V. Бағалау.

ІV деңгей – «5» ІІІ деңгей – «4» ІІ деңгей – «3» І деңгей – «2»

Қожекенова Гүлназ Елубайқызы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Құмжарған ауылы
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сан есім туралы өткен сабақты қайталай отырып, оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу. Сан есімнің мағыналық түрлері мен құрамына қарай бөлінетін түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: сан есімнен алған теориялық білімдерін жаттығу жұмыстарын орындау барысында қолдана білуге үйрету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсу. Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтауға, талдауға машықтандыру.

Тәрбиелік: Өтілген тақырыпты қайталай отырып, оқушыларды сауаттылыққа, білімділікке, зеректікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Адамгершілікке, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: өткен тақырыпты қайталау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, дәптермен, оқулықпен, тақтамен жұмыстар, шығармашылық диктант.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, слайдтар, кеспелер, сызба, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, информатика, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындықтарын анықтау. Сабақ мақсатымен және В. Беспальконың дамыта оқыту технологиясы бойынша өту барысымен, сатыларымен таныстыру. В. Беспальконың дамыта оқыту технологиясы



Шығармашылық диктант

Компьютер-

мен жұмыс




ІV Дәптер- Шығарма-

мен шылық

жұмыс саты




ІІІ Оқулықпен Эвристикалық

жұмыс саты






ІІ Алгоритмдік

саты
СКТ бойынша

сұрақ-жауап






І Оқушы

деңгейі

ІІ. Сан есімнен өткенді қайталау.

1. Сан есімнен өткенді сатылай кешенді талдау жүйесі бойынша қайталау.



Сан есім



  1. Сөз табының бірі.

  2. Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіреді.

  3. Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші? Деген сұрақтарға жауап береді.

  4. Құрамына қарай 2 түрге бөлінеді.

  5. Дара және күрделі сан есімдер

  6. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады.

  7. Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есімдер деп аталады.

  8. К.с.е. дефис арқылы жазылады.

  9. Мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді.

  10. Есептік с.е. – заттың нақты санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.

  11. Реттік с.е. – заттың саналу ретін, қатарын білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.

  12. Жинақтық с.е. – заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді.

  13. Болжалдық с.е. заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.

  14. Топтау с.е. – заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді.

  15. Бөлшектік с.е. заттың бөлшектік санын білдіреді.

  16. Сөйлемде барлық сөйлем мүшесінің, көбінесе анықтауыштың қызметін атқарады.


2. Оқулықпен жұмыс. Әдебиет пәнімен байланыс.

184-жаттығу. (ауызша) Мәтінді рөлге бөліп оқып шығып, үзіндінің қай ертегіден алынғанын айтыңдар.

187-жаттығу. (ауызша) Мәтінді оқып, ат қойыңдар.
3. Дәптермен жұмыс. Математика пәнімен байланыс.

182-жаттығу. (жазбаша) Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.
183-жаттығу. (жазбаша) Дара сан есімдерді бір бағанға, күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазыңдар.
186-жаттығу. (жазбаша) Сөйлемдерден сан есімдерді тіркескен сөзімен бірге теріп алып, сөзбен жазыңдар.
4. Компьютермен жұмыс. Информатика пәнімен байланыс.

185-жаттығу. Құрамындағы сан есімдерді цифрмен жазыңдар.
ІІІ. Ой қорыту. Тарих пәнімен байланыс.

Шығармашылық диктант. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып және сан есімнің қай түріне жататынын анықтап, сұраққа жауап беріңдер. (қарамен жазылған сөздерге дыбыстық, сөз құрамына қарай, сөз таптарына қарай талдау жасау)

  1. ... желтоқсан – Тәуелсіздік күні!

  2. Биыл тәуелсіздік алғанымызға ... жыл толады.

  3. Қазақстан ... жылы ... желтоқсанда Тәуелсіздігін алды.

  4. ЕҚЫҰ Саммиті ... жылы Қазақстанда өткізілді.

  5. ... желтоқсан күндері Астанада ЕҚЫҰ Саммиті болып өтті.

  6. ЕҚЫҰ Саммиті биыл ... рет өткізіліп отыр.

  7. Қазақстандық төрағалықтың ұраны ... «Т»

  8. ЕҚЫҰ Саммиті ... жылы Литвада өтеді.


ІV. Үйге тапсырма: 188-жаттығу. Берілген дара және күрделі сан есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін құрап жазыңдар.
V. Бағалау.

ІV деңгей – «5»

ІІІ деңгей – «4»

ІІ деңгей – «3»

І деңгей – «2»

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет