«Бекітемін»
№119 орта мектеп директоры
____________ А.Рахметов
Сабақтың тақырыбы: Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру. Сақшының міндеттері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарауылдық қызметті міндеттері мен қарауылдық қызметті ұйымдастыруды ұғындыру.
Уақыты: 40 мин.
Өткізілетін орны: 10 сынып, AӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Әскери жарғы.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 6 мин.
Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?
Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?
Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?
Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы.
Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру.
Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.
Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.
Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.
Қарауылдар: гарнизондық және ішкі болып бөлінеді. Олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |