«жоо-да білім сапасын басқару: проблемалар, келешектегі идеялар мен технологиялар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы



Дата13.06.2016
өлшемі100.5 Kb.
#131849



ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

«ЖОО-да білім сапасын басқару: проблемалар, келешектегі идеялар мен технологиялар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы


Казақстан, Алматы

«Тұран» университеті

Конференцияның өтетін күні: 15 қараша 2013 ж.
Мақсаты: ЖОО-да білім сапасын басқарудың көкейкесті проблемаларын талқылап, оларды шешу жолдарын анықтау.

Бағыттары:

  • жоғары білім сапасы Болондық үдеріс контексінде

  • бакалавр, магистр және PhD докторларды даярлау сапасын басқарудың заманауи тәсілдемелері мен технологиялары

  • білім саласында тәуекелдік деңгейін бағалаудың заманауи тәсілдемелері

  • белгіленген сипаттармен жүйелерді жобалау

  • Қазақстан Республикасында білімді дамытудың басым бағыттарын іске асыру

Конференция жұмысына Қазақстан, ТМД елдері және алыс шетелдің беделді ғалымдары қатысады.

Конференция жұмысының нәтижелері бойынша баяндамалар жинағы шығарылады. Жинақтың авторлық даналарын жіберу 2013 жылдың соңына дейін жүргізіледі. Конференция материалдары Интернет желісінде «Тұран» университетінің сайтында орналастырылады.
Конференцияны жүргізу тілдері – казақ, орыс, ағылшын.
Мақалаларды (тезис) ресімдеуге қойылатын талаптар


  • Жарияланатын жұмыс мұқият оқылып редакциялануы тиіс

  • Құжат мәтіні 2003 офисте, Word 2003 редакторында ұсынылады.

  • Қаріп – Times New Roman, қаріп көлемі – 11, барлық өрістер ені – 2 см, азат жол 0,7 см, А5 форматы, кітаптық пішінде бейімделеді.

  • Ортаға қара жуан қаріпті курсивпен автор аты-жөнінің бірінші әріптері мен тегі жазылады.

  • Бір жол аралығынан кейін курсивпен ұйымы, қаласы, елі көрсетіледі.

  • Екі жол аралығынан кейін қара жуан қаріпті бас әріппен ортаға баяндама тақырыбы жазылады.

  • Бір жол аралығынан кейін курсивпен ортаға аннотация мен тірек сөздер (орыс немесе қазақ және ағылшын тілінде) жазылады.

  • Екі жол аралығынан кейін мақала мәтіні басталады, ол бір аралықтан соң кәдімгі қаріппен жазылады. Негізгі мәтінде қара жуан қаріпті, курсив және асты сызылған қаріпті қолдануға болмайды. Мыналарды қолдануға жол берілмейді: таңбаларды автоматты немесе мәжбүрлі түрде тасымалдау; жолдарды, беттерді, бөлімдерді мәжбүрлі ажырату белгілерін қолдану; автоматты тізімдерді; жолма-жол сілтемелерді; фотосуретті; түрлі түсті элементтерді қолдану. Мақалада Word редакторында орындалған 2 кесте, 2 сурет (Word, топтау) қолдануға рұқсат етіледі. Формулалар мына қосымшада жазылуы тиіс – редактор формул (Microsoft Equation).

  • Дәйексөздерге сілтемелер сөйлемнің соңында төртбұрышты жақша ішіне жазылады, бірінші болып әдебиеттер тізімі бойынша дерек көзінің нөмірі, сонан соң үтір, бет нөмірі, нүкте сөйлем соңында төртбұрышты жақшадан соң қойылады.

  • Библиографиялық тізім дәйексөз алу тәртібі бойынша мақала соңында орналастырылады.

Материалдар тек (turan_isdc@mail.ru) электрондық поштасы бойынша жапсырылған файл түрінде («тақырып» жолында: «ХҒК арналған мақала» деп көрсетілуі тиіс) қабылданады. Қайта жіберу кезінде хатқа жапсырылған файлдар – өтінім, – мақала, – төлем, – сурет сөздерінің тіркелуі арқылы бірінші автордың тегімен аталады (Ахметов-өтінім, Ахметов-мақала, Ахметов-төлем, Ахметов - 1 сурет).

Жинаққа әлі жарияланбаған авторлық түзетпелері бар түпнұсқа енгізіледі. Мақаланың мазмұны мен ресімделуіне мақала авторы жауап береді. Мыналар міндетті: аннотация (3-4 жолдан көп емес), тірек сөздер (5-7 сөз).

Ұйымдастыру комитеті мақала талаптарға сай келмеген жағдайда оны жариялаудан бас тартуға құқылы.


Қатысу шарттары

Конференцияға қатысу үшін 2013 жылғы 31 қазанға дейін ұйымдық комитеттің turan_isdc@mail.ru электрондық поштасына келесі материалдарды жіберу қажет:


1. Талаптарға сәйкес ресімделген мақала мәтіні.
2. Белгіленген нысандағы (бланк қоса беріледі) автор туралы мәліметтер.

3. Жинаққа енгізу үшін төлем туралы түбіртектің скан-көшірмесі (немесе анық түсірілген сандық фотосуреті).

Өтінімді алған соң үш жұмыс күн ішінде Ұйымдастыру комитеті авторға электрондық пошта арқылы конференция талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері көрсетілген материалдарды алғаны туралы хабарлама жібереді.

Материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды. Мақала (5 бетке дейін) жинаққа төлем расталған соң енгізіледі. Конференция тақырыбына немесе ресімдеу ережелеріне сай емес материалдар, сонымен қатар белгіленген тәртіптің бұзылуымен ұсынылған материалдар жариялауға қабылданбайды. Материалдар қабылданбаған жағдайда ұйымдық жарна пошталық аударым құнынан ұстап қалу арқылы авторға қайтарылады (аударым жинақ авторының тіркеу нысаны арқылы «жинақты жіберуге арналған мекенжай» деп көрсетілген мекенжайға жіберіледі).

Тіркеу жарнасы:


  • Қазақстан бойынша: конференция материалдарын жеткізіп берусіз 3000 теңге (өзі тасымалдау) және материалдарды көрсетілген мекенжайға жіберумен 4500 теңге;

  • ТМД елдері мен алыс шетелге: конференция материалдарын көрсетілген мекенжай бойынша жіберумен 40 АҚШ доллары (курс бойынша рубльмен де болады) және 20 АҚШ доллары (курс бойынша рубльмен де болады ) – коференция материалдары e-mail арқылы электрондық түрде ұсынылады.

Тіркеу жарнасы қолма-қол ақшамен қабылданады немесе пошталық аударым арқылы 050020, Алматы қ., Сатпаев көш. 16-18-18а, «Тұран» университеті, 403. каб. Мекенжайы бойынша Э.Б. Тулегенованың атына жіберіледі
Бір қатысушы екі данадан көп емес мақала (тезис) жариялауына болады. Бір автор (немесе авторлар ұжымы) екі мақала (тезис) жариялаған жағдайда ұйымдық жарна әр мақала (тезис) бойынша бөлек төленеді. Бұл жағдайда материалдардың толық екі жиынтығы, сәйкесінше, екі файл-архивымен жіберіледі.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: Рахман Алшанұлы Алшанов, «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор.

Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары: Светлана Константиновна Исламгулова, «Тұран» университетінің ғылым және аккредитация жөніндегі проректоры, п.ғ.д., 405 каб., тел. 260 40 00 (ішкі 705), e-mail: svet_islam@mail.ru

Техникалық хатшы: Эльвира Тулегенова, «Тұран» университетінің ғылым және аккредитация жөніндегі проректорының көмекшісі, 403 каб., телефон (8727) 260 40 00 (ішкі 717), моб.: +7 777 353 08 00; +7 707 123 2007 e-mail: e.tulegenova@mail.ru
Байланыс ақпараты

Конференция жайлы құжаттама мен қосымша мәліметтер Интернет желісінде:: http://turan-edu.kz/ web-сайтында орналастырылған. Байланыс телефоны: (8727) 260 40 00 (ішкі 717) (Мәскеумен уақыт айырмасы: + 2 сағат).



E- mail: turan_isdc@mail.ru

Жинақ авторын тіркеу нысаны


Авторлар

Бірінші

Екінші

Үшінші

Тегі, аты, әкеіснің аты (толығымен)










Қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы










Мекеме атауы (толығымен)










e-mail, үй және жұмыс телефоны (қала кодымен)










Мекеменің мекенжайы










Мақала атауы




Жинақты жіберуге қажетті пошталық индекс көрсетілген мақала авторларының біреуінің мекенжайы





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет