Сабақтың тақырыбы: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет1/3
Дата29.05.2022
өлшемі24.09 Kb.
#458783
түріСабақ
  1   2   3
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман»




Білім беру ұйымының атауы

С. Ысмайлов жом

Пәні:

Абайтану

Бөлім:




Педагогтің аты-жөні:

Жұмабек Қ

Күні:

17.02.2022

Сынып: 10 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:




Сабақтың мақсаты

Оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Жаңа білім



Бекіту

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару


-- Балалар, біз өткен сабақта Абай атамыздың қандай өлеңімен таныстық? -- Өлеңнің тақырыбы не?


«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» – Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 50 жол. Ақын өз дәуіріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын дәл ажыратып, айқын саралап, әрқайсысының мін-мерезін ащы тілмен күйдіре өртейді. Еңбексіздік, терін сатпай, телміріп көзін сатқан теп-тегіс алармандықты айыптайды. Абай таңбалайтын өкілдер мыналар: бай, би, болыс, елубасы, жау, жарлы, дос, сұм-сұрқия, аларман, орыс, паң. Бәрі де әрекетімен, өз қылығымен көрінген. Осылардың әрқайсысының адал еңбек етпей, арамдықпен дүние табар амалдарын зерек суреткер дәл басып, мінез, психология ерекшеліктерін, қулық-сұмдық табиғатын, айла-шарғы тәсілдерін улы сатира найзасына қалай тастайды, не деп бопсалайды, қалай қорқытады, қалай торға түсіреді – осы сауалдардың жауабы бар, әр кейіптің сыры жария болады. Жанды бейнелер жасалады. Табан ақы, маңдай теріне сүйенбей, айла-шарғыға аяқ артқан, біреуді-біреу жеген қоғамдық ортаның азуын ақын қайғысы суретке айналдырады. Айналып келгенде, бір шаңырақ астынан да береке-ырыс кеткен, Ата мен бала, аға мен іні арасына от түскен. Бәрі де арын сатып, өтірік ант ішіп, алдау-арбаумен мал табуға бет бұрған. Жұз құбылған, қысқа күнде қырық жерге қойма қойған, қулық ойлаған сойқандар түгел мансұқ етіледі. Аруақты ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қарғыс айтқан қаһарлы байламы бар. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет