Сабақтың тақырыбы: Астанадағы зәулім ғимараттар Күні: 27. 11. 2019 жыл Мұғалім: Байдалиева а мақсаты



Дата27.11.2019
өлшемі43.55 Kb.
#447569
түріСабақ
6 д

«Бекітемін»
Сабақтың тақырыбы: Астанадағы зәулім ғимараттар

Күні: 27.11.2019 жыл

Мұғалім: Байдалиева А

Мақсаты:


Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру.

А3. Ауызша мәтін құрауда сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту

Көрнекілігі: Астана суреттері, «Бәйтерек», «Ханшатыр» суреттері

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: cұрақ-жауап, түсіндіру, өз бетімен іздену.

Пәнаралық байланыс:тарих, география .

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу

Б) оқушыларды түгендеу



ІІ.Өтілген материал бойынша білім тексеру
Тест арқылы үй жұмысын тексеру. Оқушылар бір-бірінің тест сауалдарын тексереді.

1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан. 


а) Сарыарқа б) шығыс в) батыс с )оңтүстік 
2.Астана қаласының символы: 
а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек 
3.Астана .... қала: 
а)көне б)ескі в)бас с)таза 
4.Астана – Қазақстан Республикасының нешінші астанасы 
а) бірінші б) алтыншы в) екінші с) төртінші 
5.Астана қаласының тұсаукесер тойы: 
а)1998 б)1991 в)1997 с)1995 
6.Астананың бұрынғы аты: 
а)Ақтобе б)Алматы в)Ақмола с)Орал 
7.Астана қай өзеннің бойында орналасқан? 
а)Еділ б)Есіл в)Қарасу с)Жайық 
8.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады? 
а )100 –денастам б) 130-дан астам в). 200-ден астам с.) 50-ден астам 
9.»Астана-столица Казахстана» аудармасын тап: 
а)Астана күштіқала б)Астана-Қазақстанныңастанасы в)Астана-Қазақстан қаласы с)Астана жас қала 
10.Астананың туған күні: а)6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с) 6 маусым 
Жауабы:1.а 2.с 3.в 4. С 5.а 6.в 7.б 8.а 9.б 10.а (жауаптары слайдта көрсетіледі)

ІІІ.Сабақтың мақсатымен таныстыру.. Сурет көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу. Сыныпты екі топқа бөлу. Сонымен бізде бүгін екі топ болып жұмыс жасаймыз. «Бәйтерек» және «Хан Шатыр» топтары.

. Олай болса, бүгінгі  сабағымыз Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді көрсететін  еліміздің бас қаласы  Астана қаласында бой көтерген ғимараттары туралы болмақ. Бағалау туралы түсіндіру.


ІҮ Жаңа сабақ.

Жаңа сөздермен танысу Бүгінгі сабағымыздың мәтініне байланысты жаңа сөздермен таныс болайық. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс түрлері: екі тілдегі нұсқасын оқып беру, дауыстап оқу.

биіктік – высота сол жақ – левая сторона

салынды – был построен бөлік - часть

жер асты – подземный темір - железо

ұңғы – ствол дөңгелек - круглый

тас - камень

кіндігінде – в центре

шаһар – город

1.Оқылым.Мәтінмен жұмыс Әр топ мәтінмен танысыды.

І-топ  «Бәйтерек-Астана символы»

Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден тұратын монумент салынды.Ол «Бәйтерек» деп аталды. «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жер асты бөлігі, екіншісі – ұзын темірден жасалған ұңғы, үшіншісі – үлкен дөңгелек шар. Жер асты бөлігінде кафетерий және үлкен аквариум орналасқан. Ұзын ұңғы бірнеше қабаттан тұрады. Ал дөңгелек шардың ішінде елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. «Бәйтерек» - Астана символы бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады

ІІ –топ. «Хан Шатыр» – Астанадағы таңғажайып ғимараттардың ішіндегі ең көрнектілердің бірі. Шаһардың жаңа орталығының дәл кіндігінде орналасқан әсем ғимарат қазақ халқының көшпелі тіршілігінен хабар беріп тұр. Хан Шатыр қаланың сол жағалауында орналасқан. Астана қаласындағы ірі  ойын-сауық және сауда-саттық орталығы.  Астананың  жаңа символы.  2010 жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылған. Хан Шатырдың биіктігі – 150 метр. Хан Шатырдың ішінде сауда және ойын-сауық кешендері: супермаркет, жанұялық парк, кафе, мейрамхана, кинотеатр, спорт алаңдары, қолдан жасалған жағажай да бар.



Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызу, олармен сөз тіркестерін құрастыру.

Y. Түсінік тексеру

Екі топ мәтінді мәнерлеп оқып,сұрақ - жауап дайындайды.



Сұрақтарға оқушылар жазбаша жауап береді.

1. Астанада 2002 жылы не салынды?

2. Ол монумент қалай аталады?

3. Оның биіктігі қанша метр?

4. «Бәйтерек монументі » Астананың қай жерінде орналасқан?

5. Ол неше бөліктен тұрады

6. Хан шатырдың биіктігі неше метр?

7. Хан шатырдың ішінде қандай бөлімдер бар?



Сөйлем құраймыз.

. Ойын-сауық кешендері, өзеннің сол жақ жағалауы, әдемі ғимарат



сауда –саттық орталығы, алып ғимарат, ерекше мүсін.

Грамматикадан қайталау:

І топ. Мүсін - сөзін тәуелдеңіздер

ІІ топ Ескерткіш - сөздерді септеңіздер

Адасқан сөздерді орындарына қойыңдар.

І топ: бой көтерді, ғимараттар алып ескерткіштер әдемі

ІІ-топ: айналды Астана аз ішінде уақыттың



YІ.Сабақты бекіту

Сұрақ-жауап

1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?

2.Астанадағы ойын-сауық орталықтарын ата.

3.Бәйтеректің ұзындығы қанша?

4.Қ.Р тұңғыш президенті кім?

5.Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл?

6.Астананың болашығын қалай елестетесің?

7.Бір сөзбен ата.

Әнұран,елтаңба,ту.
Шығармашылық сәт. «Мен армандаған ғимарат» әр топ бір ерекше ғимарат салады

YII. Үй тапсырмасы: «Бәйтерек », монументі «Хан шатыр»туралы эссе жазып келіңдер.. Оқушыларға тапсырманың орындалу барысы түсіндіріледі.YIII.Бағалау. Әр топқа қалай жұмыс істегендеріне сипаттама беріп өтемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет