Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердегі қысым Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата30.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#500180
түріСабақ
жылу қозғалтқыш 8 сынып 1 (4) (1) (2) (копия) (копия)


Бекітемін:

Бөлімі:

Қысым

Педагогтің аты-жөні:

Қойшыбай Назгүл

Күні:

12.04.2024

Сыныбы:7«В»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қатты денелердегі қысым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.2 – қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау
7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану

Сабақтың мақсаты:

Қысымның физикалық мағынасын түсінеді.
Қысымды өзгерту тәсілдерін біледі және оны сапалық есептерді шығаруда қолданады.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы
(5 минут)
Жаңа сабаққа дайындық
(12 минут)

Сабақтың ортасы
Топтық жұмыс
(8 минут)

Жеке жұмыс
(15 минут)

Сабақтың соңы
5 минут


Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу сабаққа дайындығын бақылау.
Оқушыларды flippity.net қосымшасы арқылы топтарға бөлу
1 топ “Күш”
2 топ “Аудан”
3 топ “Қысым”
Ой қозғау
Жерді неліктен тік күрекпен қазған ыңғайлы (үшкір зат ауданын азайтады,ал қысымы артып, күш түсіргенде қазуға жеңілдік жасайды.)
Өтпейтін пышақпен кесу қиын,өткір пышақпен кесу оңай.Неге?


Дөңгелек үстел әдісі
Күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді екендігін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету.. Демонстрациялық (көрсету) әдісі
1)Көріп отырғанымыздай бізге бірінші құмның үстіне жіңішке төрт аяғы бар үстелше төңкеріліп үстіне, 5кг гір таспен бастырылған, батпады, себебі неде?(Оқушылар өз пікірлерін айтады)
Екінші, құмның үстіне үстелшені жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойған, батып кетті, себебі неде деп ойлайсыңдар?
Егер дененің құмға түскендегі ауданы неғұрлым кішкентай болса құмға көбірек күш түсіреді


Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды
Оқушылар енді қысымның формуласын өзіміз анықтап көрейік;
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:



ХБЖ да қысым Паскалмен өлшенеді:



Есеп шығару үлгісі көрсетіледі


Зерттеушілік әңгіме
1 топ
Тапсырма 1 Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз.

.


Білім алушы - қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды
2 топ
Тапсырма 2 Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме?



Білім алушы - қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді.
3 топ
Аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не?



Білім алушы - қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды.


Есептер шығару

А деңгейі


1)300 м2 ауданға түсірілген күш 100Н -мен әсер ететін болса ,қысым қандай болар еді?

2)Массасы 80кг адамның аяқ киімі табанының ауданы 60 см2 болатын болса онда ол Жер бетіне қандай қысым түсіреді ?


Б деңгейі


1)Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге .100кПа қысым түсіретін болса , өлшемдері 60*80м болатын үстел бетіне қандай күш түсірер еді?

2)Дөңгелектің рельспен жанасу ауданын 4см2 деп алып масссасы 320 т жүк тиелген төрт осьті вагонның рельске түсіретін қысымы қандай?


С деңгейі
1)Гидравликалық таптауыштың кіші поршенінің ауданы 10м2..Оған әсер ететін күш 200Н .Үлкен поршеньнің ауданы 200м2 .Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді ?

2)Шаңғы үстінде тұрған спортшының массасы 78 кг, ал шаңғышының әр сыңарының ұзындығы 1,95м ал ені 8см. Шаңғы қарға қандай қысым түсіреді.




Рефлексия.
“Табыс сатысы” әдісі



Үй тапсырмасы
15-жаттығу

Сәлемдеседі. Интерактивті тақтадағы тізім бойынша топтарға бөлінеді
Оқушылар қойылған сұраққа өз ойларын білдіреді
Жаңа сабақты түсінеді

Қысымның анықтамасына сүйеніп суретке сипаттама береді

Әр оқушы өзіне тиесілі есепті шығарады

Оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.



Мадақтау сөздер

ҚБ:

-шартын оқиды ;ХБЖ-ға келтіреді ;қысымға байланысты формуланы жазып,есептейді –Формуланы түрлендіре алады;


ҚБ:

Сабақты қаншалықты түсінгенін анықтайды



Интерактивті тақта
https://www.flippity.net/

Демонстрациялық құрылғыларпрезентация

Суреттер берілген қағаз

Тапсырма жазылған қағаздар



Кері байланысқа арналған арнайы парақша


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет