І. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары, түрлері ІІ. Балаларды оқуға тартудың жаңа заман әдістері. ІІІ. Балалармен жұмыс істейтін кітапханаларды негізі қызметтерін ақпараттық, білім-беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді пайдалану



бет1/4
Дата04.05.2024
өлшемі51.23 Kb.
#500559
  1   2   3   4
)


Заманауи әдіс- тәсілдер білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, кітапхана жұмысында қолдану арқылы оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қазақстан Респуликасы "Білім туралы" заңында: "Білім беру жүйесінің міндеттері-...жеке адамды қалыптастыру, сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану керек"- деп атап көрсеткендей, қазіргі кезде әрбір кітапханашының алдына қойған басты міндеті-заманауи әдіс-тәсілдерді үнемі жетілдіріп отыру және меңгеруі қажет.
Ең алдымен "Мозаика" топтастыру әдісімен кітапханашылар топқа бөлінді. «Сен білесің бе?» энциклопедиясының, «Ұр тоқпақ» ертегісінің, «Ақбілек» романының сыртқы мұқабаларын түрлі - түсті көшірме аппараттан шығарып, қима қағаздарға бөліп, үстел бетіне теріс қаратып қойылды. Сурет бойынша топтасып, ватман қағазға әлгі сырты мұқабаны құрастырып желімдейді.
Топ мүшелері таңдаған кітапқа интеллект карта жасады, әр кітапқа қысқаша сипаттама беріп қорғады.
Практикалық жұмысқа кітапханашылар қызығушылықпен, бәсекелестікпен белсенді, жоғары талғаммен жұмыс жасады.
Топтастыру әдісінің тиімділігі оқырмандарды жарысып, бірлесіп жұмыс жасауға ықпал етеді. Көңіл - күй сыйлайды, тапқырлыққа баулиды, ізденуге сындарлы ойлауға үйретеді.
"Бір ел - бір кітап" акциясы аясында "Тарихи тұлға" тақырыбында «BOOK BINGO» әдісімен дөңгелек үстел өткіздім. Нәтижесінде замануи әдіс тәсілдердің тиімділігі жас ұрпақтың жаңашыл, ізденімпаз, әр әрекеті шығармашылықпен байланысты, сындарлы ойлауға, өз білімін жетілдіруге жол ашады. Бәсекеге қабілетті, білімді тұлғаны дамытып қалыптастыру баршамыздың ісіміз екенін бір сәтте шығармауға міндеттіміз.
І .Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары , түрлері
ІІ .Балаларды оқуға тартудың жаңа заман әдістері.
ІІІ. Балалармен жұмыс істейтін кітапханаларды негізі қызметтерін ақпараттық, білім-беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді пайдалану.
ІҮ. Кітапханашы мен оқырман арасындағы қарым – қатынастар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет