Сабақтың тақырыбы: Ауыл мен қала Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/3
Дата02.01.2022
өлшемі28.09 Kb.
#452135
түріСабақ
1   2   3
Ауыл мен қала6 сынып

Құндылықтарға

баулу

Оқушыларды,Отанын суюге,туған жеріне құрмет көрсетуге,өз елінің ,жерінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

Алдыңғы білім


Қала мен ауыл тіршілігі туралы түсініктері бар



Сабақ барысы







Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар







Сабақтың басы

3 минут

2 минут



Психологиялық ахуал

«Жүректен жүрекке» тренингі.

Оқушылар ортаға шығып, қол ұстасып, бір-біріне жылы тілектер мен лебіздер білдіреді.

Мысалы:

-Мен саған бақыт тілеймін

-Көп рахмет.

Мақсаты:

Оқушылардың сабаққа деген жайлы психологиялық көзқарасын туғызу, өзара сыйластыққа, бірлікке шақыру

Тиімділігі:

Оқушыладың тілдік дағдыларын дамытады, бірлесіп жұмыс жасауына оң ықпалын тигізеді.

« Ой шақыру» әдісі.

сабақтың тақырыбы қалай деп ойлайсыздар?

Осы сұрақтар арқылы сабақ тақырыбын анықтап, оқушылармен бірлесіп сабақ мақсаттарын белгілейміз.

Мақсаты: «Ой шақыру» әдісі арқылы сабақ тақырыбын өз беттерімен анықтауға итермелеу, ойлау қабілеттерін шоғырландыру

Тиімділігі: оқушылар ізденеді, ойланады, тілдік дағыдыларын жетілдіреді


Әуен








Сабақтың ортасы
5 минут

Белсенді әдіс-тәсіл № 1

5 минут

10 минут.


2 минут


Тыңдалымалды дайындық.

  1. Сөздікпен жұмыс

«Шымылдық» әдісі

  1. Жаңа сөздерді екі рет дауыстап оқимын

  2. Оқушылар хормен және кейбіреуі жеке қайталайды

  3. Жұпта бір-біріне қайталап айтады

  4. «Шымылдыққа» сөздерді жасырып, оқушылардан сұраймын.

ІІІ.Жаңа тақырып. Сын есім. Заттың түр-түсін, сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөз табы сын есім деп аталады. Сын есім «қандай?», «қай?» де-ген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: үлкен — қандай? ойлы — қандай? Сын есім негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы: қара, таза, биік. Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз. Мысалы: кеш+кі, ауыл+дық.

Мағынасына қарай сын есім сапалық және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есім заттың түрін, түсін тікелей анықтап, негіз-гі түбір сын есімнен жасалады. Мысалы: көк (шөп), жақсы (адам). Зат есім, есімдік, етістік, үстеуге сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады. Оны қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: ауыл+дық (жер), өнер+лі (бала).

Сын есім зат есімнің алдынан келеді. Мысалы: биік шың, аласа тау, ақ қар.

Сын есім септелмейді, тәуелденбейді, көптелмейді. Сын есім септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдаса, зат есімге айналады. Мысалы: үлкенге — кімге? сын есім + ге (барыс септігінің жалғауы).

Сын есімге тән қосымшалар — шырай жұрнақтары. Олар: -лау/-леу, -дау/-деу, -тау/-теу, -рақ/-рек, -ырақ/-ірек.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС



1-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.

Қазақта «Ауылым — алтын бесігім» деген сөз бар. Әркімге өзінің туған жері — жерұйық. Біздің дүниеде жалғыз еліміз, жеріміз бар. Ол — Қазақ елі. Жалғыз Отанымыз — Қазақстан. Отаныңды сүю, Отаныңа де-ген сүйіспеншілік отбасыңнан, кіндік қаның тамған жерден, ұшқан алтын ұяңнан басталады. Менің де ұшқан ұям — дәл осы жер. Балалық шағы өткен жерін адам еш уақытта ұмытпайды. Ауыл — біздің табан тірер жеріміз, тұғырымыз. Ауыл — халық руханиятының алтын діңгегі.



Дескриптор 1. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтінге тақырып қой. Заттың түр-түсін, сапасын білдіретін сөздерді жазып, осы сөздерді қатыстырып 1-2 сөйлем жазыңыз. 3. Семантикалық картаны толтырыңыз. (мәтіннен жалғау қосылған сөздерді теріп жазып оларды түрлері бойынша семантикалық картаға орналастырыңыз).

Бағалау кртерийі

1.Мәтінді түсініп оқи алады.

2.Заттың түр-түсін, сапасын білдіретін сөздерді таба алады.

2.1.Сөздерге қатысты сұрақтар қоя біледі. 3.Жалғау ерекшелігіне сәйкес дұрыс жаза алады



Қалыптастырушы бағалау :

Қошемет,қолдау,бағыттау сөздері арқылы бағаланады: «Жарайсыңдар!», «Керемет», «Өте жақсы жауап бере білдіңдер!».



Үлестірмелі материалдар










Сабақтың соңы

Рефлексия

2 минут

Үй жұмысы



Саралау № 4

Сабақ мақсатына оралу

«Плюс,минус,қызықты» әдісі

Плюс

Минус

Қызықты










Мақсаты ; оқушы өзінің сабақтағы оқу жетістіктерін, сабақтан алған әсерлеріне кері байланыс алу, бағалауға дағдыландыру

Тиімділігі: өз бетінше оқушы сабаққа, өзінің оқуына кері байланыс беруге дағдыланады, ойлау қабілеттерін жетілдіреді.

Оқулық 21 бет. 4 тапсырма

Ашық және жабық сұрақтар құрастыру

Үлестірмелі парақтар







Саралау – Сіз қандай тәсіл мен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау критерийлеріне сәйкес өзіндік бағалау , өзара бағалау дескрипторлар бойынша жәй сабақ соңында « плюс,минус, қызықты» әдісі бойынша бағалауды жоспарладым. Бұл бағалау әдістері оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруге тиімді

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
денсаулықтарын сабақта сергіту сәті және доппен ойын арқылы сақтау, АКт сабақта 10 минут қоданылады.







Сабақ бойынша рефлексия
Саба қмақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?













Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет