1-сыныпқа «Денешынықтыру» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспарлау Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағат, оқу жылында 99 сағатты құрайды. Мектеп меңгерушісі:
Күні: Сынып: 1
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Қауіпсіздік ережесі. Дене тәрбиесі дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Жаңа сабақты түсіндіру Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Тақырып бойынша жинақталған ресурстармен танысу. СЕРГІТУ СӘТІ. Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ұлттық ойындар:
Күш сынаспақ Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Тауық күрес. Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады.