Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет37/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Сын есімнің шырайлары
Заттың белгісі я сипаты (түсі, түрі, сипаты, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т.б.) біркелкі болмай, реңк жағынан әртүрлі дәрежеде болатынын, демек сипатының я белгісінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім тұлғалары шырай деп аталады.
Шырай тұлғалары мен түрлері анықтауда әлі де бірқалыптылық жоқ. Осы мәселелерді арнайы зерттеушілердің әр түрлі көзқарастары мен пікірлері бар.
І. Ғ.Мұсабаев қазақ тілінде 5 түрлі шырай бар деп топшылайды.
1. Салыстырмалы шырай (қызыл-ырақ, жақсы-рақ т.б.).
2. Бәсең шырай (жақындау, кішілеу, сұрлау т.б.).
3. Шағын шырай (көкшіл, бозғылт, сарғыш т.б.).
4. Күшейтпеді шырай (қып-қызыл, сап-сары т.б.).
5. Үдетпелі шырай (аса жақсы, өте биік т.б.).
«Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары», Алматы, 1951, 36-65-беттер.
ІІ. Ж.Шәкенов те 5 түрлі шырай бар деп есептейді.
1. Жай шырай (бастапқы қалпында тұрған сапалық сындардың бәрі).
2. Салыстырмалы шырай (терең-ірек, жарық-ырақ, алыс-ырақ).
3. Бәсең шырай (ұшқалақ-тау, сүйір-леу).
4. Күшейтпелі шырай (қап-қара, мөп-мөлдір).
5. Таңдаулы шырай (өте жақсы, тым биік, аса сұлу).
Ж.Шәкенов «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы». Алматы, 1961, 22-28/-беттер.
ІІІ. Ғ.Мұсабаев, С.Исаев. Шырай категориясын 4-ке бөледі.
1. Салыстырмалы шырай (терең-ірек, жарық-ырақ, алыс-ырақ).
2. Бәсең, я шағын шырай (жұмсақтау, сарғыш, ақшыл т.б.).
3. Күшейтпелі шырай (біп-биік, қып-қысқа).
4. Асырмалы шырай (аса, өте үлкен).
Бұрынғы жіктеуінен айырмашылығы шырайдың шағын түрін бәсең деген түріне қосып, екеуін бір шырай деп есептеген. «Қазақ тілінің грамматикасы», І. Морфология, Алматы, 1967, 85-90-беттер.
ІҮ. Орта мектеп оқулығында Ғ.Әбухановтың 1967 жылғы «Қазақ тілі» атты еңбегінде қазақ тіліндегі шырайдың жай, салыстырмалы, күшейтпелі деген 3 түрі көрсетілген. Н.Сауранбаев та сын есімнің шырайларын өзара мағына жағынан үшке бөледі.
1. Салыстырмалы шырай сыне есімге –ырақ, -ірек, -рақ, -рек жұрнағының жақын, ұзын, кең...
2. Таңдаулы шырай сын есімнің алдынан өте, аса, тіпті, орасан, сықылды үстеу сөздері үстеліп не сол сын есімнің басқа буынында П дыбысы қосылудан жасалған қосақ буын тіркеліп жасалады.
3. Шағын шырай –лау//леу, -ғылт//ғылтым, -сымақ. Жеңілдеу, дөңестеу, сұрғылт, ауырсымақ т.б. «Қазақ тілі» педучилищеге арналған. 1953, 96-97-беттер.
Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаевтар салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай деп 2-ге бөледі. «Қазақ тілі», алматы, 1964, 113-114-беттер.
Бұл жіктеулерде белгілі формалар, олардың мағыналары еске алынған. Дегенмен, терминологияны біріңғайластыру мен шырайлардың мағыналарын, формаларын топтастыру да әр түрлілік бар. Мәселен, шырайдың 2, 3, 4, 5 түрін көрсету: үдетпелі-таңдаулы-асырмалы-күшейтпелі деп шырайдың бір түріне үш термин қолдану т.б. Енді осы сияқтыларды бір ізге түсіру қажеттігі туып отыр.
Жоғарыдағы пікірлерді жинақтау келгенде тіліміздегі сын есімнің мынадай 4 түрлі шырайы бар.
1. Салыстырмалы шырай
2. Бәсең, я шағын шырай
3. Күшейтпелі шырай
4. Асырмалы шырай
Заттың жай ғана түсін я сапасын білдіретін сын есімнің басқа шырай формаларын жасауға негіз болатын атау түрі екені мәлім. Сапалық сын есімдер осы атауға жатады. Ақ қағаз, қара, үлкен, биік, жақсы т.б. Бұлардың бәрінен өзге шырай формалары жасала алады: ақшыл, ақтау, ағырақ, тым ақ, қаралау, қап-қара, тым қара т.б.
1. Салыстырмалы шырай
Бір заттың сынын я сапасын екінші заттың бір тектес белгісімен салыстырып, сол белгілердің бір-бірінен кем, я артық екенін білдіретін сын есімнің туынды тұлғасы салыстырмалы шырай болады. Бұл шырақ –ырақ//-ірек, -рақ//рек жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: қызылырақ, көкірек, жақсырақ, кішірек т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет