Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет45/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

2. Сілтеу есімдіктері.
Сілтеу есімдігіне: бұл, осы, ол, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әне, міне, түу деген сөздер жатады. Бұл есімдіктердің барлығы мағына жағынан сілтеу, нұсқау, көрсету секілді ишараттарды білдіретін, қайсы? қай? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер. Алайда сілтеу есімдіктерінің мағынасы барлығында бір дәрежеде бола бермейді. Мәселен, осы, бұл, мына, осынау, міне есімдіктері жақындағы затқа, я құбылысқа нұсқау үшін қолданылады да, ол, сол, ана, сонау, түу етістіктері алысырақтағы нұсқау үшін жұмсалады.Сілтеу есімдігі аттрибутивтік күйде тұрғанда септелмейді де, көптелмейді де, тәуелденбейді де. Олар заттық ұғым беріп субстантивтенгенде ғана аталған жалғауларды қабылдайды. Бірақ бұлардың септелуі жіктелу есімдіктеріне ұқсас.
Бұл, ол, сол есімдіктеріне көптік жалғауы жалғанғанда, соңғы л дыбысы түсіп қалады. Бұл, бұлар, олар, солар. Осы үш есімдікке тәуелдік жалғауы жалғанғанда түбірлегі л дыбысы н болып алмасады бұл -бұным. Қазіргі қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктерінен біршама жаңа сөздер екі тәсіл арқылы да жасалады.
1. Морфологиялық тәсіл. Әне-ки, міне-ки, бұл-мұнша, осы-осынша, сол-соншама, бұл-мұнда, сол-сонда, осы-нда, ол-онда, әнеугі, түнеугі, сондай, сондағы.
2. Синтаксистік тәсіл. Сөздердің қосарлануы мен бірігуі арқылы жасалады.
а) ана-ғұрлым, сона-ғұрлым (үстеу), бұл, анау, түнеу есімдіктері күн сөзімен бірігуі арқылы- бүгін, әнеугүні, түнеугүні, осы сияқты, ол-өйткені, сол-сондықтан шылау сөздері жасалған.
ә) ол, бұл есімдіктерінің қосарлануы арқылы ол-пұл және анау-мынау қос сөзі жасалған.
3. Сұрау есімдіктері.
Сұрау есімдіктері заттар мен құбылыстардың атын, санын, сынын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын т.б. білу мақсатында айтылады. Олар әрқашан өздерінің сұрау талабына үйлес берілген жауап сөздер арқала анықталып түсіндіріледі.
Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қанша? қай? қайдан? қалай? қайсы? қандай? қашан? қайсы? қандай? нешеу? нешінші? Бұларға берілген жауап сөздер әр түрлі сөз таптары болып келе береді. Мысалы: Қай жігітсіңдер? Жүкші жігіттерміз. Қанша сом- 20 сом. Осыған орай сұрау есімдіктерінің грамматикалық формалары мен синтаксистік қызметтері сол жауап боларлық сөздерінің қасиеттеріне байланысты ғана белгіленеді. Мәселен: кім? не? сұрау есімдіктері зат есімдерше түрленіп, солардай қызмет атқаратын болса қай? қандай? есімдіктері- сын есім; қалай? қайда? қайдан? қашан? сөздері- үстеулер. Қанша? қеше? қешінші? қаншасыншы? сөздері- сан есімдер сияқты морфологиялық түрлену формаларын қабылдап, синтаксистік қызметтері де ыңғайлас болып келеді.
Сұрау есімдіктерінің контексте атқаратын қызметіне қарай кейде өзінің сұраулық мәнінен алшақтап, заттар мен құбылыстар, амал, мекен, мезгіл т.б. ұғымдар дәрежесінде қолданылатын кездері де болады. Ондайда бұл есімдіктерге жауап болатын сөздер қажет етілмейді. Мысалы: Қызыққан кісің кім, оны да мына Жиренше танытты (М.Ә.). Не дерін, не істерін білмей қағазына үңіле түсті (С.Е.). деген сөйлемдегі кім сұрау есімдігі қай адам деген заттық ұғымда, не сөздері жалпылама заттық ұғымда жұмсалып тұр.
Есімдіктің бұл түрі шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемдердің жасалу жүйесінде жиі кездеседі. Сұрау есімдіктерінің кейбіреуінен сөз тудырушы формалар арқылы біраз жаңа сөздер жасалған. Бұған не? қай? сұрау есімдіктерінен жасалған неше? қанша? қашан? қандай? қалай? сөздері жатады. Бұлардан басқа да жаңа сөздер тудыратын қосымшалар бар. Ол қосымшалар сұраудың қай сөзге қосылуына байланысты түрлі формада жалғанып отырады. Мысалы: неліктен? қайдағы? нешінші? қайтіп? нешеу? қалайша? т.б. сұрау есімдіктерінен қосымшалар арқылы жасалған жоғарыдағы жаңа сөздер сұрау есімдігінің өз ішінде қалып отырады. Ал бұларға жауап болатын сөздер мағыналары мен синтаксистік қызметтеріне қарай әр түрлі сөз таптары болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет