Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Етістіктің жақ категориясы, оның түрлері мен жасалу жолдары



бет60/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Етістіктің жақ категориясы, оның түрлері мен жасалу жолдары
Тілімдегі төрт жалғаудың қосымшалары етістікке жалғанғанымен, олардың етістік жүйесіндегі қызметтері бірдей емес. Себебі кейбір етістіктерге осы төрт түрлі жалғау түгел жалғанады. Енді біреулері тек кейбір жалғауларда ғана қабылдайды. Жақ көрсеткіштерінің етістіктің жіктелуіне де қатысы бар. Сөйлемнің бастауышы жіктеу есімдіктерінен болған кезде, соған жақ жағынан да, сан жағынан да қиысып, баяндауыш болатын сөздердің бәріне жіктік жалғауы қосыла береді. Осы ерекшелігіне қарай жіктік жалғау баяндауыш жалғауы немесе предикаттық көрсеткіш делінеді. Етістіктің жіктік жалғаулары (жақ категориясы) бастауыш пен баяндауышты синтаксистік жолмен байланыстырады. Сондықтан қимыл, іс-әрекет иесімен (субъектімен) жақ, сан жағынан қиысып отырады. Жаралы жолдастарымнан біржола айрылғанымды да бідім. Етістіктің жіктік жалғауларын қабылдап, іс-әрекеттің қай жақтағы субъектіге тән екенін көрсетуін етістіктің жіктелуі дейміз.
Жіктік жалғаудың үш жағы, сондай-ақ, анайы, сыпайы түрі болады. І- сөйлеуші жақ, ІІ тыңдаушы... ІІІ бөгде жоқ және жіктік жалғауындағы қимыл-әрекеттің санына қарай (бір, екі, бірнеше адамның, нәрсенің) жекеше, көпше түрлері бар.
Тіліміздегі жіктік жалғаулары грамматикалық көрсеткіштеріне қарай 3-ке бөлінеді. 1. Толық түрі, 2. қысқа түрі. 3. Бұйрық рай жалғауы.
1. Жіктік жалғаулардың толық түрінің көрсеткіштері мыналар: І жақ жекешеде –мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін. Көпшеде –мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз.
ІІ жақ жекешесі –сың, -сің (анайы), -сыз, -сіз (сыпайы). Көпше –сыңдар, -сіңдер (анайы), -сыздар, -сіздер (сыпайы түрі)
ІІІ жақ декешесі де, көпшесі де –ты, -ті, -ды, -ді.
Алайда бұл үшінші жақ көрсеткішін етістіктердің бәрі бірдей қабылдай бермейді. Мәселен, -қан, -кен, -мақ, -мек, -қай, -кей, -у тұлғалы етістіктер мен жатыс септіктегі қимыл есімдері. Оқығанмын, (-сың, -сыз). Үшінші жақ жіктік жалғауы –а, -е, -й; -ып, -іп, -п формалы көсемшелерге ғана жалғанып айтылады. Жазамын (-сың, -сыз), -а-ды, келемін ... –ді; қараймын ...-ды, оқыппын, келіппін.
2. Жіктік жалғауының қысқа түрі.
Бұл түрінің көрсеткіштері мынадай: І жақ жекеше –м, көпше –қ, -к, ІІ жақ жекеше –ң (анайы) –ыңыз, -іңіз (сыпайы). Бұл түрдің үшінші жақ көрсеткіші жоқ. Жіктік жалғауларының қысқа түрі –са, -се шартты рай формаларынан және –ды, -ді, -ты, -ті тұлғалы жедел өткен шақ жұрнағынан кейін жалғанады, жаздым, -ң, -ңыз, -ды.
3. Жіктік жалғауларының бұйрық рай жалғаулары
Жіктік жалғауларының бұл түрі бұйрық тұлғаларына ғана жалғанады. Бұлардың жақ көрсеткіштері мынадай: І жақ жекеше –айын, -ейін, -йын, -йін. Көпшесі: -айық, -ейік, -йық, -йік: ІІ жақ жекеше: анайы түрінің көрсеткіші болмайды, сыпайы түрі –ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз; көпшесі: -ыңдар, іңдер, -ңдар, -ңдер; сыпайы –ыңыздар, -іңіздер, -ңыздар, -ңіздер, ІІІ жақта –сын, -сін жекешесі мен көпшесі бірдей. Осы жалғаулардың ІІІ жағының көрсеткіштеріне –шы, -ші, оқыңдаршы т.б.
Жіктік жалғауларындағы етістіктер шақтық, райлық мағыналарымен тығыз байланысты*. Қалып етістіктерінен басқа етістік түбірлеріне жіктік жалғаулары бірден жалғанбайды. Жіктік жалғаулары етістіктің мынадай формаларына қосылады.
1. Есімше формаларына: келгенмін, барғанбыз, айтарсыз т.б.
2. Көсемшеге: жазамын, айтыпсыз, қараймын, келемін.
3. –Ды, -ді, -ты, -ті жедел өткен шақ көрсеткішінен кейін: айттым, келдің, қайттыңыз, жәрдемдестіңіз.
4. Мақсатты келер шақтың –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағынан соң: көрмекпін, айтпақсыз, кетпексің т.б.
5. –са, -се жұрнағынан кейін: күлсең, оқысақ, көрсем.
6. –ғай, -гей жұрнағынан соң: барғайсың, келгейсің т.б.
7. Бұйрық рай формалары: айтпайын (-қ), айәтыңыз т.б.
8. Жатыс септіктегі –у тұлғасы қимыл есімнен соң: көмектесудеміз, бақылаудасыз т.б.
Жіктік жалғауын қосуға болмайтын етістік тұлғалары мыналар:
1. –ыс, -іс, -с, -у, -қы, -ғы, -кі, -гі тұлғалы қимыл есімдері: көрісімен, жүгірдің, естісімен, келдім, ойлану қажет, жазу керек, айтқым, оқығым келеді, есіткім келеді т.б.
2. –Қалы, -келі, -ғалы, -гелі тұлғалы көсемше: айтқалы келдім, есіткелі отырмын.
Етістіктің синтаксистік қызметі
Сөйлемдегі қолданылу орны мен лексикалық –грамматикалық сипатына қарай етістіктер сөйлемнің бес мүшесінің де қызметін атқара алады. Осылардың ішінде, әсіресе:
І. Баяндауыш қызметінде жиі жұмсалады. 1. Мен өте қуандым (Ғ.М.). 2. Абай әлі де кітап бетінде үңілуде (М.Ә.). 3. Осы кезде Қайырбек те, Михаил да сақылдап күліп жіберді (Ғ.Сл.) (күрделі баяндауыш).
ІІ. Есімше етістіктің тұйық түрі атау септігінің сұрағына жауап беріп, заттық мағынада қолданылғанда бастауыш бола алады. 1. Оны айтқан –Гүлқаныс (М.Ә.). 2. Барғаным жездем Болатбайдың үйі. 3. Оқу -өнер. 4. Солардың түрлі түспен құлпыруы Ботагөздің көңілін көлден тауға аударды (С.М.). 5. Өзінің осалдығын білген –ең құрметті кісі.
ІІІ. Есімшелер атау және ілік жалғауы тұлғасында келіп, сөйлемнің анықтауышы болады. 1. Жаңа ғана ыстанған сабаның исі мұрынды жарып тұр (С.М.). 2. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. 3. Оқығанның беті жарық, оқымағанның беті көн шарық (мақал).
ІҮ. Табыс септігіндегі туралы, жайында шылауы тұйық етістік пен есімшелер толықтауыш болады. 1. Мен одан сөзді тоқтауын талап еттім (С.М.). 2. Күніме қанша жұмыс істегеніңді білмейсіңдер де, қанша ақша алатындарыңды білесіңдер (Ғ.М.). 3. Жерді қопару туралы шешімге келді. 4. Екеуі совхозды суландыру жайынжа бірсыпыра кеңесті (Ғ.М.).
Ү. Көсемше етістік пен үшін шылауы тіркескен тұйық етістік баяндауышпен байланысып, пысықтауыш болып келеді. 1. Қасындағы жолдастарына оқтын-оқтын көз жүгіртіп, әрқайсысына бір үнсіз тесіле қарап қалды (Ғ.Сл.). 2. Құмы езілген бір жерде ол шұқырлап қаза бастады (С.М.). 3. Оспанқұл да қош деместен қасқа биенің басын шұлғытып аяңдап жөнеліп еді (М.Ә.). 4. Бірақ жемісті өмір сүру үшін асығайық (З.Ш.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет