Тұңғыш президент күніне арналған Қазақстан тарихынан сыныптан тыс сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
| |
Жалпы мақсаты:
|
Тәуелсіздік, егемендіктің мәнін білу. Президенттің атқаратын негізгі қызметін түсіндіре алу.
|
Оқу нәтижеcі:
|
Демократиялық қағидаларды біледі, салыстырып, қорытынды жасай алады.
|
Түйінді идеялар:
|
Тәуелсіз ел, Президент, Мемлекеттік тіл, ББҰ.
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
|
мұғалім немен айналысады.
|
оқушылар немен айналысады.
|
1.Сабақты ұйымдастыру кезеңі:қаты-сушыларды түгелдеп,сергіту сәтін өткіземін.
2.Топқа бөлу: Броундық қозғалыс арқылы қатысушы-ларды топқа бөлем.
|
1.Сергіту сәтін орындайды. 1 мин. (АКТ).
Сабаққа көңілді,жағымды әсермен кіріседі.
2. Топқа бөлінеді. 2 мин. (Оқытуды басқару және көшбасшылық).
Әр топ өз көшбасшыларын тағайындайды.
Сабақ барысы:
А). ЖАСЫРЫЛҒАН СӨЗДІ ТАП. Қазақстан республикасының құрылуы,Тәуелсіздік күні жайлы білетіндерін еске түсіреді. №1
Әр топтан екі қатысушы шығып орындайды. Қатысушының басына осы бөлім бойынша бір сөз корона тәрізді етіліп кигізіледі. Қатысушы ол сөзді білмейді.Сол топтың қатысушылары жасырын сөзді айтпай осы бөлім бойынша жасырын сөзді ашатын сөздерді айтады. Ал ортадағы қатысушы жасырын сөзді 30 секунт ішінде табады.
1-топқа: КСРО, 16 желтоқсан
2-топқа: Колбин, 1985 жыл
Ә). АВТОР ОРЫНДЫҒЫ. Президенттің қандай қызметтер атқаратынын өздері рөлге еніп жауап береді. Әр топтан бір оқушыдан шығып, автор орындығына отырып ПРЕЗИДЕНТ болып сұрақтарға жауап береді.
1-топтың президентіне: 1) Сізді президент етіп кім сайлады?
2) Сіз кімнің мүддесін қолдау үшін жұмыс істейсіз?
3) Қазақстанның әнұраны шет елде қандай жағдайда шырқалады?
2-топтың президентіне: 1) Конституция бойынша сіздің қандай құқықтарыңыз бар?
2) Сіз кімнің келісімімен премьер министрді тағайындайсыз?
3) Сіз оқушылардың 1 жылда оқитын уақытының ұзақтығына
қалай қарайсыз? Қысқарту керек емес пе?
Б). СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ. Қазақстан халқы жайлы Сөзжұмбақ шешеді.
1.Қ.Р-ның мемлекеттік тәуелсіздігі қай айда жарияланды?
2.Қандай мемлекеттің орнына 15 дербес егемен мемлекет пайда болды?
3.Қ.Р-сы мемлекетінің сайланып қойылатын басшысы.
4.Қ.Р-ның тұңғыш президенті.
5.Еліміздегі халықтың 63,6 % -ын құрайтын халық.
6.Ешкімге бағынышты емес,жеке дара егемен мемлекет.
7. «Президент халық мүддесін қолдау үшін халық атынан әрекет етеді» деп қайда жазылған?
8.Еліміздің мемлекеттік тілі.
9.Әлемдегі ең беделді ұйымдардың бірі БҰҰ-ның штаб-пәтері орналасқан қала.
В) Қазақстанның табиғаты:
1-топқа:
Төбесінен бірден төрт ел – Қазақстан, Ресей, Қытай, Монғолия көрінетін тау жүйесі қалай аталады?
Алтайдағы Белуха
2-топқа:
Аты да, мінезі де бұзық өзен қайда?
Тентек өзені.
Г)Тарихқа терең бойлау:
1-топқа.
Скифтердің ешбір қазансыз ет асып, сорпасын ішетінін, қой мен жылқының етін өз қарнына салып, қамыстан бу шығатын түтік жасап, жерге көміп, үстіне от жағып пісіретінін жазған кім?
Герадот.
2-топқа.
Александр Дюма XIX ғ ортасында Орынбор өлкесін аралап жүріп, бір үйді көргенде таңқалып күнделігіне: «Бұл үй архитектураның биік шыңы»,- деп жазыпты.Дюманы таңқалдырған қандай архитектуралық нысан?
Қазақтың киіз үйі.
Д) «Сен білесің бе?» Шарты: 1+2-3=? есебінің жауабын тауып, мәнін ашу;
1.Қай жылы еліміз тәуелсіздік алды? (1991ж)
2.ҚР тұңғыш конституциясы қашан қабылданды?(1993ж 28 қаңтар)
3.ҚР екінші Конституциясы қашан қабылданды?(1995ж 30 тамыз)
1991+1993-1995=1989
1989 жылы 22 қыркүйекте қандай оқиға болды?
2-топқа:
1.Астананың символы бәйтеректің биіктігі неше метр?(97м)
2.Тұңғыш президент күні қай күн?(1 желтоқсан)
3.Н.Ә.Назарбаевтың туған күні(6 шілде)
97+1-6=92
1992 жылы 4 маусымда қандай оқиға болды?
|
Дереккөздер және жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек – сызбалар, оқулық, камера, фотоаппарат, флипчарт, стикер, қосымша оқулықтар, сәйкестендіру тесті, сөзжұмбақ, әлемнің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы.
|
Кейінгі оқу:
|
Өтілген материалдарды есте сақтау.
|
Сабақты бағалау:
|
“Жақсаруға қол жеткізудегі ең ықпалды қару – кері байланыс”.
Екі жұлдыз,бір тілек;Кері байланыс. Қатысушылардың сабақтан алған әсері. 1 мин.
|
Сабақ бойынша өзгертулер:
|
Атаусөздермен (терминдер) жұмыс.
1-топқа:
1.КСРО – Кеңестік Социолистік Республикалар Одағы.
2.КОНСТИТУЦИЯ – еліміздің ең жоғарғы негізгі заңы.
2-топқа:
1.ДЕКЛАРАЦИЯ – Белгілі бір жағдай баяндалатын құжаттың жалпы атауы.
2.БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы. Әлемнің ең үлкен саяси ұйымы.
|
Қазақстан тарихы пәні бойынша сыныптан тыс сабақ:
"Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет"
Пән мұғалімі: Абужусипов Ж.О.
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |