Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер



Дата07.11.2022
өлшемі169.82 Kb.
#464172
түріСабақ
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер

Оқу мақсаттары

  • 10.2.1.1 - Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану;
  • 10.2.1.2 - этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну

  • «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын түсінеді.
  • Талдау

  • -Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістердің кезеңдерін белгілейді, түсіндіре алады.
  • -Қазақ халының қалыптасуына әсер еткен факторларды мәдени, тілдік, шаруашылық, саяси тұрғыда талдайды.
  • Рефлексия

  • «Қазақ халқының қалыптасуында қандай кезең шешуші рөл атқарды?» 150-200 сөз.

«Этнос»

  • «Этнос»
  • «Этногенез»
  • «Антропогенез»

Зерттеу сұрақтары:

  • 1.Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер қалай жүрді?
  • 2. Қазақстандағы этникалық процестерді қандай кезеңдерге бөліп қарастырамыз?
  • 3.Қазақстан аумағындағы этностардың қалыптасуына қандай факторлар әсер етті?
  • 4. Қазақ халқы қалай қалыптасты?

Этностың өмірлік циклін ұсыну:

  • 1. территорияны анықтау;
  • 2. территорияда бір немесе бірнеше этностардың өмір сүруі;
  • 3. белгілі бір этностың пайда болуы туралы аңыз-дастандардың орын алуы;
  • 4. этностың күшейе бастауы;
  • 5. этностың шарықтау кезеңі;
  • 6. этнос дамуының бәсеңденуі;
  • 7. тұрақтылық.

Тапсырма

  • Қазақ халқының қалыптасу үрдісін этностың өмірлік циклі негізде көрсету. Топтар өздерінің жұмыс нәтижелерін басқа топтардың жұмыстарымен салыстырады, айырмашылықтарын талдайды.

Талқылау сұрақтары:

  • Халықтың қалыптасуына қанша уақыт керек?
  • Қазақ халқының қалыптасу үдерісі қандай кезеңдерге бөлінеді?
  • Бұл кезеңде қандай тайпалар/ мемлекеттер өмір сүрді?
  • Бұл тайпалар/ мемлекеттер қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?

Тапсырма:

  • Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы. Қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр кезеңі аралығындағы антропологиялық ерекшеліктерін салыстырады, ұқсастықтар мен байланысты анықтайды.
  • Қазақ халқының мәдени факторлар бойынша қалыптасуы. Қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр кезеңі аралығындағы салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мұраға қалған мәдениеттің ортақтастығын анықтайды.
  • Қазақ халқының шаруашылық фактор бойынша қалыптасуы. Қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр кезеңі аралығындағы әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығын анықтайды.
  • Тілдік деректер бойынша қалыптасуы. Қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр кезеңі аралығындағы ортақ тілдік ерекшелікті анықтайды. Әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы
  • Саяси ерекшеліктер бойынша қалыптасуы Саяси және аумақтық кеңістіктің ортақтығын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет