Дүние жүзілік дағдарыстан аман шығу үшін мемлекеттегі жүріп жатқан жобаларды жалғастырып, халықтың әл ауқатын төмендетпей, ел экономикасын тұралатпай, барлық маңызды бағыттар бойынша тиісті іс-шараларды қарқынды жүргізуге шақырды.
Шарықты ауылдық округі әкімдігі 2015 жылы халыққа 2052 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті, бұның ішінде 126 мал басы жөніндегі анықтама, 548 ветеринарлық анықтама, 1630 ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіруге сәйкес ветеринарлық паспорттар.
Ауылдық округі әкімдігіне 2015 жылға 13 миллион 903 мың тенге қарастырылған болса, оның 12 миллион 940 мың теңгесі тікелей әкімдік аппаратын ұстауға, 963 мың теңге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы бөлініп Теректі елді мекенінің Қазыбек Би көшесіне көше жарығы бағандарын орнатуға жұмсалды, қаражат толық игерілді. Бүгінгі таңда құжаттары рәсімделіп қосуға байланысты жұмыстар жасалуда.
Шарықты ауылдық округінде 4 мектеп, 1ФАП, 3 кітапхана, 1 АТС,1 мешіт, 1 пошта, 1 мал сою алаңы халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қоса 39 шаруа қожалықтары, 13- кәсіпкер жұмыс жасауда.
«Алтайполиметаллы» ЖШС-гінің басшыларының көрсеткен көмектері арқасында ауыл іші жолдары және Егіндібұлақ – Теректі тас жолы уақытылы қардан аршылып жол үнемі болып тұрады. 12 жетоқсан күні кейінгі талаптарға сай салынған үлкен спорттық кешен ашылып, жақын маңдағы елді мкендердің ұстаздары мен аудан аралық жүзуден жарыстар ұйымдастырылды. Ауылдық округте екі участкелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. Участкелік полиция инспекторлары ауылдық округ әкімі аппаратымен бірлесіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс шаралар өткізіп тұрады.
2015 жылы округ бойынша 17 нәресте дүниеге келді. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Осы сала бойынша наурыз айында Шөптікөл елді мекенінің тұрғыны 1968 жылы туылған Жұмадилова Гүлжахан деген азаматша ауырып, Егіндібұлақ селосының жедел жәрдем бөлімінің дәргерлерімен бірлесіп науқас, қиындықпен болсада дер кезінде Қарқаралыға емханаға жеткізілді.
VI. Білім саласы Бұл сала бойынша да көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Мектеп бойынша оқушы саны 131. Шағын орталықта 57 бүлдіршін тәрбие алуда. Педагог мұғалімдердің саны 29, сапа құрамы - 39%. Жоғары санатты - 2 мұғалім, І санатты -8, ІІ санатты – 9, санаты жоқ мұғалімдердің саны-8, деңгейлік оқудан өткен – 2 мұғалім, 3 мұғалім декреттік демалыста. 2015 оқу жылына 1 жас мұғалім дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша келді, мектеп ішінде 5 мұғалім жас мамандар қатарында. 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап мектеп жаңа технология бойынша курстан өтіп, сол бойынша жұмыстар жүргізеді. 2014-2015 оқу жылында ҰБТ-дан 4 оқушы 78% сапамен өтті, 2014 жылмен салыстырғанда мектебіміз 18 орыннан 8 орынға көтерілді. Биылғы оқу жылында 11 сынып жоқ. Мектепте барлығы 40
компьютер бар, 3 оқушыға 1 компютерден келеді. 5 жаңа модификациялық кабинеттер бар (физика, орыс тілі, мультимедия, биология, химия). «Алтайполиметаллы» ЖШС-гі мектеп ғимаратының барлық жылу жүйесін жаңадан ауыстырып беріп, 60 балаға тегін тамақ беруде. Мектеп ғимаратының жылу жүйесінің температурасы талапқа сай, жылы. Қысқа арнап 400 тонна көмір түсті және осы мекеме мектептің 4 от жағушыларына 50 мыңнан үстеме жалақы төлеп отыр.
VII.Егін шаруашылығысаласы Биылғы жылы округ бойынша 830га. жерге «Желтау», «Зинар» шаруа қожалықтары дәнді дақыл сеуіп 535 тонна, орташа есеппен 7 центнерден өнім алды, оның ішінде 530 га. жерге бидай, 300 га. жерге арпа дақылы.
VIII. Шағын және орта бизнес саласы Бұл салада біршама жұмыстар атқарылды. 2015 жыл басынан бастап 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы бөліміне Теректі елді мекенінен несие алып кәсіпкерлікпен айналысамын деген 3 азамат өз өтініштерін беріп құжаттарын тапсырды. Кәсіппен айналысып жүрген дүкен иелеріне дүкендерін заңдастыру жөнінде ескерту жасалынды. Отбасын асырау мақсатында халыққа қызмет көрсетіп отырған монша иелеріне пайдаланып отырған моншалардың санитарлық талапқа сай болуын және кәсіпкер болып тіркеліп, заңды түрде жұмыс жасалуы сұралды. 2015 жылы конкурсқа қойылған жерлерге құжаттарын тапсырып, жеңіске жетіп жаңадан 8 шаруақожалықтары ашылды. «Нұрдәулет», «АТАС», «Мағжан», «Ислам», «Нұртас», «Қоғалы», «Нұрайбек», «Сұңқар» шаруа қожалықтары.
IХ. Мал шаруашылығы саласы Округ бойынша 5394 ірі қара, жылқы 1357 бас, 5719 бас қой, 2418 бас ешкі, 2560 құс бар. Округтегі барлық меншік түріндегі ауылшаруашылығы малдары мал дәрігерінің ауырудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заң талаптарына сәйкес, жоспарлы түрде жүргізіледі. 2015 жылы барлық мал түліктері сібір жарасына, ірі қара, ұсақ малдар бруцеллез, туберкулез, жылқы малдары маңқаға қарсы егіліп, тексерістен өткізілген, бруцеллез ауыруына анықталған малдар уақтында жойылып актілер жасалған. 2015 жылғы мал түліктерінен туған төлдер бірдейлендіріліп компьютерлік дерек қорына енгізілді, тиісті
қаражат толығымен жиналып, есеп шотқа салынды. Ауыл тұрғындарымен шаруа қожалықтары жылдың әр мезгілінде, «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне ұйымшылдықпен қатысып, өз өнімдерін қала жұртшылығына саудалайды. Округ бойынша экспортқа 59 – мал тапсырылды. «Серік», «Өркен» шаруа қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап барлығы 80 бас аналық ірі қара, 4 бұқа сатып алса, «Темирлан» шаруақожалығы 22 бас аналық бие және 2 айғыр сатып алды.
«Серік», «Арнаш», «Желтау» шаруақожалықтары МТЗ-892/2 тракторларын қосалқы бөлшектерімен бірге несиеге алды.
Ағымдағы жылы істелетін жұмыстар.
1. Әлеуметтік – мәдени саланы дамыту:
1.1. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен кәсіпкерлікпен айналысып жұмыс істеймін деген адамдарға несие алуларына көмек жасап жаңадан жұмыс орнындарын ашуға, өзін-өзі қамтыған адамдардың және жұмыссыздардың тұрақты жұмыспен қамтылуына жұмыс жасау.
1.2. «Қазақстан 2050» бағдарламасында көрсетілген «Басты міндет-кедейшіліктің өсуіне жол бермеу» мақсатында округ бойынша кедейшілік деңгейін қазіргі 0,83 %-дан азайту.
1.3. Азық – түлік бағасын өсірмеу үшін жеке кәсіпкерлермен меморандумға отырып үнемі қадағалап отыру.
1.4. Көші-қон мәселесін анализ жасап, бақылауға алу, атқарылатын жұмыстар бойынша жоспар құру.
1.5. 2016 жылға орта мектеппен бірігіп, мәдени-спорттық іс шаралар жоспарын жасау.
1.6. Жаңадан ашылған спорт кешенінің мүмкіндігін толық пайдалану, аудандық және обылыстық деңгейде жарыстар ұйымдастыру.
1.7. Мешіт үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді ауыл тұрғындары мен ұйымдастыру.
1.8. Қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру, ақсақалдар алқасы, ардагерлер және әйелдер кеңесі, жастар тәрбиесі, қоғамдық тәртіп, мәдени – көпшілік шараларды өткізуде учаскелік полиция қызметкерімен бірігіп ұйымдастыру.
2. Көгалдандыру, тазалық жұмыстары
2.1.Шөптікөл, Қызылшілік, Айыр елді мекендерінің күл-қоқыс қалдықтарын шығаруды ұйымдастыру, мекемелердің алдына ағаш көшеттерін егуді ұйымдасырып сембіліктер мен ауылды күл қоқыстан тазалауды ұйымдастыру.
2.2. Көшені жарықтандыру және қосымша жарықтандыру жұмыстарын дамыту.
2.3. Ауылымыздағы «Жеңіс» саябағына қолдаушылар арқылы жөндеу жұмыстарын жасау.
3. «Қазақстан 2050 бағдарламасы»
3.1. «Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу» мақсатында 3 шаруа қожалығын, 1 дүкен, 1 наубайхана, 1 жанар – жағар май станциясы, 1 дөңгелек және көлік жөндеу шеберханасын және 1 үлкен монша ашуға жағдай жасау сонымен қоса тойхана ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізіп іске қосу.
3.2. Дүкендерінің жер құжаттарын заңдастыру және тіркету, аулаларын абаттандыру.
3.3. Ұялы байланыс жүйесінің сапасын арттыруға жұмыс жасау.
4. Білім беру саласы
4.1. «Қазақстан - 2050» жаңа бағытын ескере отырып ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеу бағытында оқушылардың терең білім алып орта мектепті толық аяқтап шығуына, мамандықты дұрыс таңдау оның ішінде ауылшаруашылық және тау кен мамандықтарын таңдауына үгіт – насихат, тәрбие жұмыстарын жүргізу, ұлттық біріңғай тестіге дайындықты күшейту.
4.2. Орта мектепке Интернет жүйесін қосуға жұмыс жасау.
4.3. Айыр елді мекеніндегі бастауыш мектебіне ағымдағы жөндеу жүмыстарын жүргізуді қолға алу.
5.Денсаулық саласы.
5.1 ФАП-мекемесіне жөндеу жұмыстарын жасап, мамандардың сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету, ана мен бала өлімін болдыртпауға жұмыстар жасау.
6 Байланыс саласы
6.1. Байланыс жүйесін жаңартып, сандық АТС орнатуды аяқтау.
7. Ауыл шаруашылығысаласы
7.1. «Қазақстан - 2050» бағдарламасының алтыншы міндетінде қаралған фермерлік пен шағын және орта бизнесті» жүзеге асыру бағытында жұмыстар жасау.
7.2. Шағын бизнес субьектілеріне кредит алу бойынша жағдай жасауға жұмыс жасалады. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша мал алу, бірдейлендіру, жаңа инновациялық жобалар, ауылға инвестиция тарту, мал басын асылдандыру, егін шаруашылығын дамыту, көп жылдық шөп егу, малдарын шаруа қожалықтарына тіркемей отырғандарды тіркету, жалға алған жерлерін тиімді пайдаланбай жүрген шаруашылықтардың бос жатқан жерлерін мемлекетке қайтару секілді жұмыстар жоспарлануда.
7.3. Қызылшілік, Айыр, Шөптікөл елді мекендерінде ауыл тұрғындарын ұйымдастырып, мал сою пункттерін салу, бұл мәселе бойынша округтан 4 өтініш тіркеліп, тиісті құзыретті органдарға өтініш тіркеліп қатынастар жолданды.
7.4. Ветеринарлық, бірдейлендіру жұмыстарын жылдық жоспар бойынша уақытында толығымен орындалуын қадағалау.
7.5. Елдімекендерде мал бағынын ұйымдастыру.
8 Салық саласы:
8.1. «Қазақстан - 2050» бағдарламасында «Жұмыс берушілер жұмысқа белсене тартып, оларды еңбек ақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажет» деп көрсетілгендей шаруа қожалықтарымен шағын кәсіпкерлердің еңбек ақы алуын, салық мекемесіне тіркелуін үнемі қадағалау.