Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті орындары Сабақтың максаты



Дата09.06.2016
өлшемі59 Kb.
#124178
түріСабақ
«Қазақ тілі10 сынып» электронды оқулық

Оспанова Ә Қ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

СҚО Тимирязев ауданы Дмитриевка орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті орындары
Сабақтың максаты :

  1. Білімділік: Қазақстанның көрікті орындары, өзен-көлдері жөнінде әңгіме жүргізу, Ақсу-Жабағлы қорығындағы «Қызыл кітапқа» енген түрлі өсімдектер, аңдар мен құстар туралы түсінік беру, берілген мөтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру, мәтін бойынша сұрақтарға толық жауап алу.

  2. Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздылық қасиеттерін қалыптастыру, ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіру,дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін арттыру.

  3. Тәрбиелік: қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру.

Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта, электрондық оқулық, тапсырмалар, мәтін, компьютер.
Сабақтың кезендері және құрылымы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Амандасу, түгелдеу, сабақ бастауға мүмкіндік жасау,үй тапсырмасын тексеру.)



ІІ. Жаңа тақырып:

Бүгінгі сабақта еліміздің көрікті орындарының баршылық екендігіне көз жеткізуіміз керек.



  • Балалар, тақтаға назар аударыңыздар.(электрондық оқулықты ашамын).

  • Сендер нелерді көрдіңдер?

  • -Иә дұрыс, біз электрондық оқулықтан еліміздің көрікті жерлерін көрдік. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның көрікті орындары».

Балалар интерактивтік тақтаға қарап, мәтінді оқып тыңдайды.

Интерактивтік тақтамен жұмыс.

Мұғалім берілген тірек сызбалар арқылы алдымен лексикалық такырыпты содан соң граммтикалық тақырыпты түсіндіреді.(ЭО)



  1. Лексикалық тақырып:

(кластер құру)

Ақсу-Жабағлы Тянь-Шань қылқан жапырақты

қорығы таулары ормандар

Медеу,Көлсай, кең байтақ

Шарын каньондары далалар

Балқаш көлі ну қарағайлы

ормандар

Қапшағай су

электр станциясы Бурабай көлі


Көптеген демалыс Көккөл

орындары сарқырамасы

Алтай,Алатау



таулары


III.Сөздік жұмысы :

  1. жаңа сөздер интерактивті тақтада жазылған

  2. жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру

  3. дұрыс айтуға дағдыландыру

  4. оқушылар дауыстап мұғалімнен кейін қайталайды

  5. оқушылар сөздерді тізбектеп оқиды.

Асты сызылған сөздермен сөйлем құрастыру.Интерактивті тақтадағы сөздердің қазақша нұсқасы өшіріледі.Оқушылар өшірілген сөздерді табуға тырысады.Содан соң ,керсінше, орысша сөздер өшіріледі.
көрікті- сарқырама-

қылқан- қорык-

жапырақ- алып-

байтақ дала- қызғалдақ-

жағажай-
Мәтін бойынша сұрақ-жауап


  1. Қазақстан жерлерінде көрікті орындар бар ма?

  2. Қазақстанның оңтүстігінде қандай қорық құрылған?

  3. Жетісу қандай аймақ?

  4. Биіктігі 40 метрге жететін сарқырама қалай аталады?

  5. Тянь-Шань тауларының баурайында қандай аңғарлар бар?

  6. Көлсай аңғарында қандай көл орналасқан?

  7. Көлсай қандай көл?

  8. Іле өзені неге бай?

  9. Іле өзені қай көлге құяды?

10)Іле бойына не салынған?

2.Электрондық оқулықта грамматикалық құрылымды көрсету.
Септік жалғауы.

Оқушылар дикторды тыңдайды.Тақырыптың жаңа сөздерін қолданып,грамматикалық құрылымға сөйлем құру.Жаңа грамматикалық құрылымға презентация жасау.

Электрондық оқулықта грамматикалық құрылымның ережесін,берілген мысалдарын тыңдайды,жаттығуларды жасайды.
Мысалы: Мысалы:

Жай септеу Тәуелді септеу

Атау септігі үй Атау септігі үй-ім

Ілік септігі үй-дің Ілік септігі үй-ім-нің

Барыс септігі үй-ге Барыс септігі үй-ім-е

Табыс септігі үй-ді Табыс септігі үй-ім-ді

Жатыс септігі үй-де Жатыс септігі үй-ім-де

Шығыс септігі үй-ден Шығыс септігі үй-ім-нен

Көмектес септігі үй-мен Көмектес септігі үй-ім-мен
Жаңа тақырыпты бекіту

Тапсырма № 1 . ЭО .6 модуль.

Сөздерді сәйкес септеу сандығына саламыз.



Жай септеу Тәуелді септеу

Жалғаулар: үйдің, ағамның, мектепке, апаммен, қалаға, досымда, терезеде,мұғалімнің, оқушымда, кітапқа, әкеммен, үйіммен.


5 модуль.Тапсырма № 5

Дұрыс Бұрыс ойыны

Сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.


  1. Қазақстанның жерінде көрікті орындар аз.

  2. Биік тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар,бұталы өсімдіктер бар.

  3. Атақты Бурабай көлі Алматы қаласында орналасқан.

  4. Қазақстанның солтүстігінде Ақсу-Жабағылы қорығы құрылған.

  5. Алтай тауының қойнауларында Медеу,Шарын,Көлсай каньондары бар.

  6. Көлсай-құмды жерде орналасқан көл.

  7. Іле-Жетісу өңіріндегі ірі өзендердің бірі.

  8. Атырау қаласы Каспий теңізі жағасында орналасқан.

  9. Іле өзені Каспий теңізіне барып құяды.

10)Іле балыққа кедей,лай өзен.

Үй тапсырмасы

Мәтінді мазмұндау. Ереже конспект.



Баға қою
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. «Қазақ тілі» электрондық оқулық 10 сынып.2008

  2. «Қазақ тілі» оқулығы 10 сынып Т.Артықова,А.Жақанбаева,М.Төлеуова.Алматы «Атамұра»2006


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет