Жалпақ жапырақтардың ерекшеліктері (қылқан жапырақтылардан айырмашылығы)



бет1/5
Дата05.10.2023
өлшемі29.34 Kb.
#479883
  1   2   3   4   5
7.1 лекция


Дәріс №.7.1. Қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты ормандары. Қылқан жапырақты ормандар аймағы. Тундралар.

Жалпақ жапырақты немесе жазғы жасыл ормандар Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде біркелкі зона түзе алмайды жән Еуропада, Азияда және Солтүстік Америкада ортақ аумақтық әлсізденген континенталдық алып жатыр. Мұндай типтегі орман-ареалдарында климат салқын, жауын-шашын біркелкі тараған. Қыс мезгілінің климаты континенталдығының дәрежесіне байланысты аязсыз болуы мүмкін немесе қуатты қарлы қабатта тұрақты аязды болады.


Жалпақ жапырақты орманның солтүстік шекарада таралуы, салқын кезеңнің ұзақтылығыменжәне жазғы жылудың жетіспеушілігмен анықталады. Оңтүстік шекарада негізгі лимиттеуші фактор ылғалдылық болып табылады.
Өсімдігі. Жалпақ жапырақтардың ерекшеліктері (қылқан жапырақтылардан айырмашылығы):
1. Ағаштар үш ярустан тұрады:яруста- емен,шамшат, қызылқайың (Еуропада), жөке ағашы, үйеңкі (Еуропаның шығыс бөлігінде); екінші яруста- алма және алмұрт, үшінші яруста- бұталар өседі;
2. Тамырсабақты, жуашықты, түйнекті өсімдіктер өте көп;
3. Астық тұқымдастардың жапырақ тақталары жалпақ болады;
4. Ерте көктемде гүлдейтін түрлері өте көп;
5.Мүк жабындылары кездеспейді, эфемерлер дамыған;
6. Ағаштар мен бұталар көп өседі;
7. Орманда: ағаш шырмауық (барқыт), улы шырмауық, жүзім сияқты лиандар өте көп;
8. Жапырақтары қысқа қарай түседі де , осыған байланысты күзде және көктемде орманда екі түрлі құбылыс байқалады. Батыстан шығысқа қарай орманнның түрлік құрамы да өзгереді.
Батыс Еуропада ормандар шамшат, қызылқайың және үйеңкіден тұрады. Таулы аймақтарда олармен Еуропа май қарағайы, тисс, қарағай , шырша (Карпатта, Батыс Украинада, Молдавияда) аралас өседі. Бұта өсімдіктерден кең тарағандары; құлпынай ағашы, мәңні көгеріп тұратын сүйір жапырақ, ұшқат. Шөптесін өсімдіктердің басыдары:бояушөп, бөденешөп, тісшөп, айдаршөп, папоротник. Шамшаттты ормандар Қырым мен Кавказда белгілі бір биік белдеуде кездеседі.
Еуропаның шығыс бөлігінде еменді ормандар тараған, олар Еділ өзеніне дейін азайып, ойдым-ойдым болып келеді. Біздің емендіктер теңізден қатпарлы еменнен және жапырақты үйеңкілер және шетен ағаштардан тұрады. Шөптесін өсімдіктерден адыраспан, бояушөп, қоңыраубастар, інжугүл және ерте көктемдегі эфемероидтардан: бәйшешектер, сарыжелайлар, айдаршөп, өсімдіктер кездеседі.
Ортадан шығысқа қарай жапырақты ормандарды негізінен қайың мен теректер құрайды. Ормандар тұтас жоғары ағашты, төменгі ағашты , қатты кесіліп тасталған қабаттармен сипатталады. Көптеген жалпақ жапырақты жыныстар тамырлы және түбірлі бұталар береді. Орманның моно-, олиго-, полидоминантты түрлері бар. Лиан аз мөлшерде кездеседі, бірақ кейбір аймақтарда (Шығыс Азия, Солтүстік Америка атлантикалық орманның оңтүстік бөлігі) кеңінен таралған. Шөп қабаттар экологиялық жағдайға байланысты әртүрлі көпжылдық түрлерден пайда болады.
Еуропалық жалпақ жапырақты орманадар флоралық түрде ең кедей және құрылымның байланысы бойынша өте қарапайым. Түпкі ормандар мүлдем сақталмаған. Негізгі орман құрушылар- емен, шетен, талшын түрлері өте шектеулі.
Азия орманының ерекшелігі ағаштың, бұтаның және шөптің керемет бай түрлерімен сипатталады, олардың кейбір бөлігі ежелгі түрлерге жатады. Еуропалық ормандармен салыстырғанда, оларда лиан және қырыққұлақ эпифиттердің рөлі жоғары.
Солтүстік Америкада жалпақ жапырақты ормандар континенттінің шығыс бөлігінде ғана таралған. Шығыс Азия және Солтүстік Америка ормандардың арасында белгілі бір ұқсастықтар бар. Ағаштардың доминанттылғында емен, үйеңкі, шетен, шегіршін, шынар, жаңғақ,қызғалдақ ағаш түрлері және т.б. жатады. Ормандар жоғары дәрежеде Аппалачтың оңтүстік –батыстау бөктерінде және өзен жағалауларында таралған.
Жануарлар дүниесі. Жылы ылғалды жаз және қарлы қабатты қысымен жануарлардың маусымдық белсенділік динамикасымен көзге түседі. Қысқа таман пойкилотермді жануарлар анабиоз күйінде түседі. Галойотермді жануарлардың бірі(құстар мен сүтқоректілер) жылы аймақтарға қоныс аударады, басқалары ұйқыға кіріседі, кейбіреулері ғана жыл бойғы белсенділігін сақтайды. Жалпақ жапырақты ормандар экожүйесіндегі қоректену тізбегі суретте берілген.
Ағашты және бұталы тау жыныстардың түсуі қатты қабатты қалпына келтіреді. Омыртқалылардың арасында фитофагар аз тараған. Жер беті қабаттарында ұсақ шыбын-шіркейлер тіршілік етеді. Еуразиялық ормандардасұр тышқандар, орманды және сары тамақ тышқандар. Солтүстік Америкалық жалпақ жапырақты ормандарда сыртқы түрі тышқандарға ұқсас ақ аяқты аламндар тіршілік етеді.
Еуразияда және СолтүстікАмерикада асыл тұқымды бұғылар кеңінен тараған. Олар мекендердің әртүрлі бөліктерінде марал, шығысазиялық бұғы(Cervus elaphus xanthopygus, изюбрь), вапити деген аттар белгілі.
Батыс Еуропалық секторда бұғыға кермарал қосылады, ал Қиыр Шығыста – теңбіл бұғылар кездеседі. Бұғымен салыстырғанда қабандар тек қана жер бетілік емес , сонымен қатар , жерастылық өсімдіктерінің бөліктерімен, яғни қазып, тұмсығымен төсеуді немесе жапырақтың беткі қабатын ысру арқылы қоректенеді. Құрт-құмырсқа жейтін құстар қоректі ағаштардың арасынан табады. Еуразия ормандарында сайрақтар мен сары шымшықтар мекен етеді.
Жыртқыш аңдар жергілікті және ағаш қабаттарына бөлінеді. Жергілікті қабатқа мынадай жыртқыштар- түлкі, қасқыр, аю және аққалақ, ал ағаш қабатына сілеусін, жабайы орман мысығы жатады.
Жапырақты ормандардың жануарлар дүниесі қылқан жапырақты ормандарға қарағанда, әлдеқайда бай. Ағаштардың әртүрлі ярусты болып келуі,құстардың ұя салуына қолайлы жағдай туғызады. Топырақтары кейбір жерлерде мүлдем тоңбайды,сондықтан топырақта омыртқасыздар көптеп тіршілік етеді.Қоректік заттар, әсіресе шырынды тамырсабақты өсімдіктердің көп болуына байланысты. Кемірушілерден: тышқандар, қарақас тышқан, жертесерлер, көртышқандар; жыртқыштардан: түлкі, сусар,борсықтар; құстардан: мысықторғай,жорғаторғай, емен тұмсықтар, жасыл тоқылдақ; қос мекенділерден: орман бақасы кездеседі.(39-сурет)
Кавказдың еменді және еменді – қызылқайыңды ормандарын жабайы мысық, кәдімгі және тау сусарлары, жабайы шошқа,елік мекен етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет