Д. Бекназарова
Астана қаласы
№64 мектеп-лицей
\
Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың Орта Азиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері
8 сынып. Қазақстан тарихы
Халқымыздың тарихы-соғыстардың
әскери жеңістер мен жеңілістердің
ғана тарихы емес. Оның қашаннан
да жасампаздық сипаты бар.
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімдік: Тақырып бойынша оқушылар мәлімет алады, білімдерін бекітеді.
2. Дамытушылық: Оқушылардың материалды тұжырымдап аяқтап, жүйелі ойлау, өздігінен жұмыс істеу білу дағдыларын дамытады.
3. Тәрбиелік: Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ету
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивтік тақта, Жанқожа, Есет батыр суреттері. Карта. Схема. Кесте «Дұрыс – бұрыс» ойыны, «Сиқырлы сандықша» (сұрақтарымен).
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Ой қозғау, іздену, мәселені шешу.
Сабақтың әдісі: «Ойталқы», топтық жұмыс
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша әдісті қолдану
тақырыпқа байланысты тірек сигналдары,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
I. Қызығушылықты ояту. /2 минут/
Ой қозғап, әсер ету кезеңі. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Алдымызда қандай мереке жақындап келеді? Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер? Тәуелсіздік үшін болған көтерілістер туралы не білессіздер?
Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, жаңа сабаққа көшу
-
Отаршылдық езгіге қарсы қандай көтерілістерді білесіздер?
Оташылдыққа қарсы көтерілістер жайлы білімімізді «Дұрыс – бұрыс» ойыны арқылы тексерейік.
/7 минут/
Оқиғаның дұрыс, бұрыстығын анықтандар
|
|
дұрыс
|
бұрыс
|
1.Қазақтардың Е. Пугачев соғысына қатысу себебі –жерін қайтарып алу
|
+
+
|
|
2.Бұл көтеріліске қатысқан қазақ сұлтаны- Нұралы
|
Досалы
|
+
|
3.Сырым батыр көтерілісі -10 жылға созылды
|
14 жыл
|
+
|
4.Сырым батырдың руы - байбақты
|
+
|
|
5. 1Павелдің бұйрығымен Ішкі орда 1827 жылы құрылды
|
1801
|
|
6.1797 жылы Айшуақ хан сайланды
|
+
|
|
7.Бөкей ордасы Есіл мен тобыл аралығында болды
|
Еділ-Жайық
|
+
|
8.Ішкі ордада көтерілісті Кенесары бастады
|
Исатай мен Махамбет
|
+
|
9.Исатай көтерілісі Ақбұлақ шайқасында жеңілді
|
+
|
|
10. 1842-47 ж ж Бөкей ордасында көтерілісті басқарған-Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы
|
+
|
|
10.Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған-Амангелді батыр
|
Иман
|
+
|
11.Кенесары хандық соты енгізді
|
+
|
|
12.Кенесары көтерілісі 1937-47 жылдары болды
|
1837-47
|
+
|
13.Кенесары 1841 жылы хан болып сайланды
|
+
|
|
14.Кенесары қозғалысына 1844 жылы қарсы шыққан сұлтан-кіші жүз сұлтаны - Жантөреұлы
|
+
|
|
15.Кенесары сауда және аң шаруашылығына көп көңіл бөлді
|
егіншілік
|
+
|
Өткен тақырыпты жинақтай келе, жаңа сабаққа көшу
Ендеше, балалар, біз бүгінгі сабағымызда отаршылдық езгіге қарсы көтеріліс басшылары Жанқожа және Есет батыр жайлы болады. Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың патша үкіметіне және Ортаазиялық хандықтарға қарсы көтерілістері. Мақсаты: Көтерілістің себептерін, барысын, нәтижесін, тарихи маңызын ашып көрсету, алған білімді бекіту
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ресей әскері Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік - Шығыс арқылы ілгері жылжи түсуі, жерді тартып алуы, шектен тыс озбырлығы, Хиуа, Қоқан хандықтарының үнемі шабуылы қазақтардың көтеріліске шығуына себеп болды. Осындай көтерілістерге халықтың қалың бұхарасын бастап шыққан батырлар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы еді.
II.Мағынаны ажырату.
Білімді кеңейту, тақырыпты ашу /20 минут/
Әрекеттік кезені.
Тақырыпты топқа бөліп зерттеу тапсырылады. Сынып 5 топқа бөлінеді.
1- тапсырма.
- Мәтінмен жұмыс. Топ тапсырмалары
Осы берілген тапсырмалар бойынша тақырыпты ашыңыздар
1-топ: Сыр өңірі қазақтарының Орта Азия мемлекетіне қарсы күреске шығуының себептері неде деп ойлайсыңдар?
2- топ: Жанқожаның Хиуа, Қоқандықтарға қарсы күреске шығуының себебі неде?
3-топ: Сыр бойы қазақтарының патша үкіметіне қарсы күреске шығу себептері қандай?
4-топ: Жанқожа, Есет батырлардың патша үкіметіне қарсы күресі туралы әңгімелеңдер. Есет батырдың, Жанқожа батырдың образына кіре отырып, сол уақыттағы жағдайды ойнаңыздар?
5- топ: Халық көтерілістерінің жеңілу себептері мен салдарлары, тарихи маңызы
Оқулықтың берілген тақырыбын оқып, материалдың ең негізгісін түйіндеп жұмыс дәптеріне жазады және әр топ өз жобаларын қорғайды. /Қорғауға әр топқа 4 минут уақыт беріледі. Қорғау көрнекілік, схема, слайд ретінде болуы мүмкін/
Мұғалім толықтырады
III. Ойтолғаныс. Білімді толықтыру, ортаға салу.
/Әр топқа-2 минут/
«Сиқырлы қобдиша» ойыны. Проблемалы сұрақтарға жауап беру.
Қобдишадан әр топ басшылары сұрақтарды алып, 1 минуттан кейін жауап береді /Өз тобымен ақылдасуына болады/
1. Топқа тапсырма:
Датамен жұмыс. Тақтаға даталарды жазу және қысқаша қандай оқиға болғанын айту.
3. ТОПҚА ТАПСЫРМА:
Картамен жұмыс.
1. Көтеріліс аудандарын көрсету
2. Орта Азия мемлекеттерінің шекараларын көрсету, астаналарын жазу, жаулап алған уақыттарын жазу
3. Райым бекінісінің құрылған уақытын жазу
3. 4 - ТОПҚА ТАПСЫРМА:
Венн диаграммасы.
Салыстырмалы талдау кестесін ватман қағазға толтыру.
Топтан 2 оқушы шығып айту. Жанқожа батыр көтерлісімен Есет батыр көтерілісін салыстыру. /Берілетін уақыт 2- минут/.
ТОПҚА ТАПСЫРМА:
1. Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілістерінің жеңілу себептері неде деп ойлайсыңдар? Қандай салдары болды?
Сіздің ойыңызша көтерілістердің жеңуі мүмкін бе еді? Мүмкін еді деген көзқарасты ұстансаңыз өз пікіріңізді дәлелдеңіз
2. Көтеріліс түбі жеңіліске ұшыраушы еді деген көзқарасын ұстанатындар өз пікірін дәлелдеу
|
Ұқсас белгілері
|
Ерекше белгілері
|
Көтерілістің алғы-шарттары
|
|
|
Көтерілістің мақсаты, сипаты, қозғаушы күші
|
|
|
Көтерілістің барысы
|
|
|
Көтерілістің жеңілуі мен маңызы
|
|
|
|
|
|
-Оқыта үйрету ойыны «Даналық ағаш» /4 минут/
Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақтан біз не білдік? Сабақтағы ең негізгі мәселе не деп ойлайсыз? Неліктен олай ойлайсыз? Негізгі мәселені бір сөзбен айқындап, сол сөзді тақтаға жазу. Осы сұрақтар төңірегінде әр оқушы бір сөйлеммен өз пікірін жапсырма қағазға жазып, даналық ағашына барып іледі
Бағалау парағына баға қою.
Үй тапсырмасы:
1. Жанқожа, Есет батыр туралы қосымша мәліметтер жазып келу.
Құжат материалын талдау.
2. 165 беттегі кестені толтыру
Тақырыптық сұрақтар
-
Сыр бой қазақтарының 19 ғасырдың 50 жылдарындағы азаттық күресті басқарған: Ж. Нұрмаханбетұлы
-
Жанқожа бастаған күрестің жаншылған жылы: 1860 жыл
-
1855 жылы шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш: сұлтан Жантөрин
-
1858 жылы қырғыз-қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген
жер: Пішпек түбі
-
Ж Нұрмұхамедұлы Бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл: 1843 ж
-
19 ғ. 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған: Есет батыр
-
1858 ж наурызда басталған Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі: Әулие ата маңында болды
-
Есет бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан: Арыстан Жантөре ұлы
-
Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылы болған көтерілісті басты: Қазақ феодалдары мен ымыраға келу арқылы
-
1858 жылы Қоқан билігіне қарсы болған көтерілісті ң нәтижесі: Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғы шарт жасады
-
Қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен жасаған ымыра: Қоқан ханы ішінара жеңілдіктер жасады
-
Қазіргі Қазалы қаласының 19 ғасырдағы атауы-Райым
-
1856-57 жылдардағы Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс тірегі болған қала-Жаңақала
Қосымша материалдар
ЕСЕТ БАТЫР
Есет батыр Көтібарұлы (1807-1888) - халықтың әйгілі батырларының бірі. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген.
1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды.
Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды. 1853-1854 жылдары Есет батырдың басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды. 1853 жылы осы көтерілісті басуға сұлтан Арыстан Жантөрин, екі казак отряды мен 200 жігітті бастаған сұлтан Таукин, Орал бекінісінен майор Михайлов пен 600 жігітті бастаған сұлтан Е.Қасымов аттанды. Патша әкімшілігінің бұл жоспарынан хабардар болған Есет батыр Көтібарұлы шекті ауылдарын Үстіртке жіберіп, өзі 800 жігітпен жазалаушы отрядтарды күтіп қалды. Жақсы қаруланған жазалаушы отрядтардың көтерілісшілерге қарсы бұл жорықтары нәтижесіз болды. Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен көтерілісті басу келесі көктемге қалдырылды. Есет батыр Көтібарұлы 1853-1854 жылдың қысын Үлкен Борсықта өткізді. 1854 жылы көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінің алдына: қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасау туралы талаптарын қойды. 1855 жылы Орынбор генерал-губернаторы Кіші жүздің бір топ билеуші сұлтандарына көтерілісті басып, Есет батырды қолға түсіруге қатаң тапсырма береді. Маусымның аяғында тапсырманы орындау үшін 900 адамдық отрядпен, өзіне бекітілген екі зеңбірегі бар казак жүздігі және дистанция бастықтарымен бірге Арыстан Жантөрин жорыққа аттанып, Ор бекінісінен 140 шақырым жер шамасындағы Елек өзенінің жоғарғы сағасындағы Суықсу шатқалына келіп бекінеді. Сұлтан ордасы мен көтерілісшілер арасында бірнеше күн бойы келіссөз жүргізіліп, екі жақ нақты шешімге келе алмайды. Осыдан кейін Есет батыр өз адамдарымен кеңесіп, сұлтан ордасына шабуыл жасауды ойластырады. 1855 жылы шілдеде көтерілісшілер сұлтан ордасын тұтқиылдан шабуылдап, А.Жантөрин бастаған он шақты би-старшындарын өлтіріп, казак отрядын талқандайды. Бұл оқиғаға мазасызданған Орынбор әкімшілігі көтерілісшілерді басуға тағы да жазалаушы отрядтар жіберіп, олар қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратты. 1856 жылы қыркүйекте әскери дала сотының үкімімен А.Есмамбетов, Қ.Қарин және Е.Айнақұловтар атылды. 1857 жылы Ерназар Кенжалин, Бекет Серкебаев, тағы басқа 18 адам Сібірге жер аударылды. 1858 жылы қыркүйекте Бородин басқарған жазалаушы отряд көтерілісті біржолата басты. Есет батыр көтерілістен бас тартқан соң, оған кешірім жарияланды. 1859 жылы тамызда бір топ сұлтан, билермен бірге Санкт-Петерборға жіберіліп, 24 тамызда патша Александр ІІ-нің қабылдауында болды. 1861 жылы Есет Көтібарұлы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалды. 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болып бекітілді. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды. 1879 жылы ол қызметтен босатылды.
Есет Көтібарұлы жөнінде деректерді ХІХ ғасырда өзінің көзі тірісінде онымен кездескен жиһангерлер, тарихшылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері жазып кеткен.
1856-1861 жылдары Ресей сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің директоры болған Е.Ковалевский Хиуа сапары кезінде Есет Көтібарұлымен кездескенін былайша суреттейді: «Арал маңындағы Кіші жүз қазақтарының кейбір топтарынан құрылған отаршылдыққа қарсы қозғалысты басқаруынан бұрын Есетті сайын дала торабынан кездестірдім. Есет Геркулес сияқты атлетикалық дене бітімді, сұлу келбетті және ерлік іс-әрекеттері кез-келген еуропалықты таңғалдыратындай және бұл қасиеттері өз отандастарына да қатты әсерін тигізген». ХІХ ғасырдағы қазақ даласын еуропалықтарға алғаш рет таныстырған поляктың демократ-революционері, суретші Бронислав Залесский 1865 жылы Парижде француз тілінде шығарған «Қазақ сахарасына саяхат» деген кітабында былай деп жазған: «Мен бір күнімді Есет Көтібаров есімді қырғызбен өткіздім. Ол осы замандағы қазақ даласына танымал ерекше тұлға... ол көсем болып қалды... және қазының міндетін атқарды». Б.Залесский осы сапарында қара қарындашпен Есеттің қырынан отырған суретін салып алған. Есет сол заманда Еуропада, Ресейде суретке түсірілген, ол суреттері кезінде газет-журналдарда жарық көрген санаулы адамдардың бірі болды.
Ресейде табылған ақпарат құралдарында Кіші жүзде Есет батырдың аты 40-шы жылдарда өлтірілген отандасы Кенесарының немесе Кавказдағы Шамильдің атындай қаһарлы болғандығы және оның ұзын бойлы, селдір қара сақалды, мұртты, оның жүзінен қайырымдылық пен сергектік, тұнық әрі сабырлы көздерінен терең ақылдылық, салмақпен айтқан әңгімелерінен оның қазақ болмысын терең білетіндігі және кең парасаттылығы байқалатындығы жазылған. Соңғы жылдары табылған тағы бір дерек шығыстанушы С.Өтенияз Ұлыбританияның Лондон ұлттық кітапханасының сирек кітаптар қорынан 1865 жылы ағылшын тілінде жарық көрген қазақ даласы жайлы кітаптың көшірмесін алып келген. Осы кітаптың 33-беті Есет батырға арналған. Онда Есеттің сегіз ұлының үлкені - Назардың да суреті басылған екен. Тарихи деректер бойынша, Орынбор генерал-губернаторы Назар Есетұлын немере ағасы Бекет Серкебайұлымен бірге Орынбор түрмесіне қамайды. Кейін Бекетті Сібірге жер аударады да, Назарды Есеттің қаһарынан сескеніп, босатып жібереді. Осы кітапта Есет батыр бастаған көтеріліс толық жазылады.
Есет Көтібарұлының барлық әулеті ел қорғауға араласып, аттары тарихта қалған. Әкесі Көтібардың ерлігі өз алдына бір төбе немере ағасы Арыстан батыр Тінәліұлы, інілері Бекет Серкебайұлы, Ерназар Кенжалыұлы да тарихта қалған жандар. Арыстан, Көтібар, Есет есімдері «Айман-Шолпан» жырына арқау болған. Есеттің арғы атасы Қалдыбай батыр еліміздің оңтүстігіндегі Сайрам шабылына қатысып, сүйегі Түркістанда қалған. Есеттің арғы тегі Алтын Орда мен Ноғайлы ұлысының әміршісі болған, атақты «ел қамын жеген «ер Едігеге» барып тіреледі.
Есет батыр Көтібарұлы 1888 жылы қартайған шағында дүние салды. Ол туып-өскен Шалқар ауданындағы Шолақжидеде жерленген. Басына төрт күмбезді кесене тұрғызылған.
Өркениет тарихын тереңнен тартатын халқымыздың бойындағы қамал бұзар батырлық пен ерлік дәстүрі – ел мен жер тұтастығын сақтаудың басты кепілінің бірі. Демек, ерен ерлікті жырлау арқылы елдікке шақыру дала ақындары мен жыршы-жырауларының асыл парызы, абзал мұраты саналса керек. Осы қағидалы жолға Ерімбет шайыр да берік ұстанымды болды. Бұған ақынның “Орта жүз Қобыланды өткен, ер Жәнібек”, “Қазанбай Құттыбайдың толғауында” жаужүрек батырлығы Сырым, Есет Көтібарұлы, Кенесары, Наурызбаймен қатар аталатын Жанқожаның ерлігін дәріптеуі нақты мысал. Сол толғауда:
Жанқожа мәлім еді үш алашқа,
Тұлпардай дүбірі шыққан қара қасқа.
Табаны қара жерден жалпақ еді,
Егесте екі талай айнымасқа, – дей келіп, енді бір шамырқанған тұсында:
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774, қазіргі Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Арықбұлақ ауылы - 1860, Қызылқұм) - батыр. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.
Осындай зорлық – зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмда жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын, Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.
1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді.
1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.
Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. 1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпеді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В. Обручевпен жолығып сөйлескен Жанқожа оны мен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады.
Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады.
1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.
Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді.
Жанқожа батыр — 19 ғасырдың орта шеніндегі Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан отаршылдығына қарсы күресін суреттейтін жыр. Айтушысы — Мысабай жырау, ол Қазалы маңындағы Қаракөл елді мекенінде тұрған. Жинаушысы – И. В. Аничков. Ол Санкт-Петербург универсететі шығыстану факультетінің түлегі, Сырдария губерниясының әр түрлі аймақтарында сот қызметін атқарған, Орынбор, Түркістан ғылым қоғамдарының белді мүшесі болған. Аничков жырды 1893 жылы қағазға түсіріп, кейіннен «Қазан уневерситетінің археология, тарих, этнография қоғамының хабаршысында» жарияланған. Шығармада Сырдың төменгі ағысындағы қазақтардың Хиуа хандығына, әсіресе, Бабажан сартқа қарсы күресі жырланады. Жанрлық тұрғыдан келгенде бұл тарихи жыр.Онда Кенесары, Төлек, Арынғазы, Есет, Бекет, Бабажан, т.б. тарихи тұлғалар мен Үргеніш, Бұхара, Райым секілді жер-су атаулары көптеп кездеседі. Жекелеген ру аттары да көрініс тапқан. «Жанқожа батыр» жырының көлемі шағын, 161 жол. Тілі көркем:Қазаққа сарт та қылды үлкендікті,
Көркемдік Жәкең барда еш кемділті,
Қаласын Бабажанның бұзып алып,
Қазаққа алып берді бір теңдікті- деген жолдар он бір буынды өлшемге құрылған.Мысабай жыраудан жазылған осы жыр үлгісін Сәкен Сефуллин « Жаңа әдебиет» журналының 1926 жылғы 5- санында араб әрпімен жарияланған.«Жанқожа жайлы өлең» деп аталған жырдың осы үлгісі Талғат Қоңыратбаевтың « Ертедегі ескерткіштер » ( 1996 ) атты зерттеуінде қайта басылған. Қазақстанның орта ғылыми кітапханасында « Жанқожа батыр » жырының бірнеше үлгісі сақталған. Олар « Жанқожа батыр », « Жанқожаның тарихи », « Жанқожа батыр мен Бабажан сарт ». Айтушылары – Мысабай, О. Сұлтанов, Л. Шаңғытбаев. Бұл нұсқаулардың біреуі қара сөзбен, өзгелері өлеңмен жазылған. Жинаушылары – М. Ахметов, Баймұхамбетов, С. Бөлекпаев, К. Көрегенов, Қалижанов, Қ. Сұлтанов, Н. Қарабатыров.т.б.
Жанқожа батыр ауылы – Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы ауыл, Арыңбалық ауылдың әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы-Қазалы қаласынан солтүстікке қарай 12 километр жерде, Сырдария жайылмасының қамыс, құрақ басым өскен шалғынды сортан топырақты шөлдік белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1,7 мың адам (1999). 1962-1997 жылы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы Қаракөл кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Жанқожа батыр ауылында және округіне қарасты Шәкен, Шиелі, Шалқұм аудандарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Округте 4 мектеп, бала-бақша, кітапқана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшір-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолымен қатынасады.
Достарыңызбен бөлісу: |