«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және
Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу. 2 фаза» жобасының техника-экономикалық негіздемесіне
АННОТАЦИЯ
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау. II фаза» (бұдан әрі – САРАТС-2) жобасы бірінші кезең жобасының жалғасы болып табылады және Көксарай суреттегіші мен жобаның бірінші фазасының шеңберінде салынған және қалпына келтірілген гидротехникалық имараттармен бірге Сырдария өзенінің алабында су ресурстарын тиімді пайдалануды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның жергілікті бөлімшелерінің ұйымдастыру мүмкіндігін күшейтуді қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыруға сәйкес негіз болған нормативтік құқықтық актілер, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары:
-
1994 жылдың 11 қаңтарда Нүкіс қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мақұлдаған Арал теңізі алқабының және Арал өңірінің болашақта әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып экологиялық жағдайын жақсартудың нақты іс-әрекеттерінің бағдарламасы.
-
2005 жылдың 29 шілдесінде Республикалық бюджет комиссиясының хаттамалық шешімі.
-
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің грант қаражаты және Дүниежүзілік қайта жаңарту және Даму Банкінің болашақтағы заемымен байланысты қаражат бөлу туралы өтінім (19.09.2005ж. № 13-1-1/54-И хаты);
-
2006 жылғы 6 қазандағы № 195 САРАТС-2 жобасын әзірлеуге грант бөлу туралы Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік қайта жаңарту және Даму Банкінің (бұдан әрі – ХҚДБ) арасындағы келісім – хатына қол қою туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы.
Жобаның негізгі мақсаттары:
-
Арал өңірінің және сонда тұратын халықтардың экологиялық және әлеуметтік–экономикалық жағдайларын жақсарту,
-
Сырдария өзенінің арнасының су өткізу қабілетін кеңейту,
-
Елді мекендерді, ирригация жүйелері мен инфрақұрылымдарды су тасқыны кезінде су басу қауіпінен сақтау,
-
Гидротехникалық құрылыстардың сенімділігін қамтамасыз ету.
САРАТС-2 жобасының ТЭН-сін дайындауға 1 500 мың АҚШ доллары бөлінді, оның ішінде ХҚДБ грант түрінде – 800 мың АҚШ доллары және республика бюджетінен қосымша қаржыландыру қаражаты 700 мың АҚШ доллар.
2006 жылдың 24 қарашада Комитет және Компания ассоциациясы арасындағы кеңестік қызмет көрсету келісімшарты бойынша Euroconsult –MottMacDonald (Нидерланды), DHI Water & Environment (Дания), Jacobs-Babtie (Ұлыбритания) және «Казгипроводхоз институты» ӨК жобаның ТЭН әзірлеу орындалды.
Белгігенген тәртіп бойынша Комитет 2008–2010 жылдары жобаның ТЭН-сіне Қызылорда облысының мемлекеттік органдарының, министрліктер мен ведомоствалардан экономикалық сараптамадан басқа келісулер мен сараптамалардың оң қорытындыларын алған болатын.
Сондай-ақ ТЭН-ге 2009 жылғы 4 қыркүйекте № 01-419/19 «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды.
ТЭН бойынша құны 29,189 млрд.теңгені құрайды.
2009 жылғы 12 наурызда Қызылорда қаласында САРАТС-2 жобаның ТЭН қоғамдық тыңдауға ұсынылды. Жергілікті мамандар мен қоғам өкілдері негізінен САРАТС-2 жобасын жүзеге асырылуын мақұлдап, Сарышығанақ шығанағында құрылыстар кешенін салу және қосымша Арал теңізінің солтүстік бөлігін қайта жаңартудың басқа да мүмкін нұсқаларын қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар қатысушылар Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйелерін қалпына келтіру, Тереңөзек маңында көпір салу және Тастақ учаскесіндегі балық өсіру тоғанын кеңейту объектілерін САРАТС-2 жобасына енгізуді ұсынды.
Жобаның бірінші фазасын іске асыру аясында «Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйелерін қалпына келтіру» ТЭН-сін және «Қамыстыбас балық питомнигінің Тастақ учаскесінің балық өсіру тоғандарын кеңейтудің» ТЭН-ін дайындады. Бұл ТЭН-не белгіленген тәртіп бойынша, экономикалық сараптамадан басқа сараптамалардың қорытындылары алынды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 мамырдағы №11-5/005-1760 мәжіліс хаттамасының шешімімен Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігіне басқа да мүдделі мемлекеттік мекемелерімен және ұйымдармен бірлесе отырып жаңа тәсілдерді зерттеу үшін жұмысшы тобын құрып САРАТС-2 жобасын жүзеге асырудың талқыланған және келісілген ұсынысын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну тапсырылды.
Қызылорда облысының әкімі 2010 жылдың 2 маусымдағы
№ 11-6/1656 Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдаған хатымен Сарышығанақ шығанағына құрылыстары кешені бойынша соңғы шешімді қабылдағанға дейін САРАТС-2 жобасының экономикалақ сараптамадан өткізуді тоқтата тұру туралы хабарласты.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырмасымен
2012 жылғы 33 маусымдағы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Дүниежүзілік Банктің, Қызылорда облысының әкімдігі мен жобалаушы ұйым өкілдерінің қатысуымен САРАТС-2 жобасын іске асыру мәселесі бойынша кезекті жиналыс өтті.
САРАТС-2 жобасының іске асыруды жеделдету мақсатында жобаны іске асырудың екі кезеңдік тәсілін қолдану туралы шешім қабылданды. Осы шешімге Қазақстан Республикасы Үкіметі қолдау көрсетті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 қазандағы № 11-5/И-927 мәжіліс хаттамасының шешімімен САРАТС-2 жобасының құрамы жоба ішінде қайта қаралған және САРАТС-2 жобасын іске асырудың екі кезеңдік тәсілімен пайдалану туралы шешім қабылданды.
Жобаның бірінші кезеңіне енгізілген:
1. Қызылорда су торабының сол жағалаудағы шлюз-реттеуішін қалпына келтіру;
2. Қызылорда облысының Қазалы және Қармақшы аудандарындағы су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерін салу;
3. Қорғанша және Тұтымбет учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету;
4. Қызылорда облысы Қазалы ауданының Бірлік ауылы маңында автомобиль көпірін салу;
5. Қамыстыбас пен Ақшатау көлдер жүйелерін қалпына келтіру;
6. Қызылорда облысы Арал ауданының Қамыстыбас балық өсіру Тастақ учаскесіндегі өсіру тоғандарын кеңейту және қайта жаңарту.
Сонымен бірге САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңін іске асыру кезінде төмендегі кіші жобалар бойынша ТЭН дайындау жоспарлануда:
1. Арал теңізінің солтүстік бөлігін қайта жаңарту (екідеңгейлі немесе бірдеңгейлі нұсқа);
2. Сырдария өзені бассейнінің қазақстан бөлігінде су ресурстарын басқарудың жұмыс орталығын салу және жабдықтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің аталған мәжіліс хаттамасын оырындау мақсатында Комитет «Казгипроводхоз институты» ӨК жобалау ұйымымен бірлесіп САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңінің кіші жобаларының ТЭН түзетілген болатын.
2012-2014 жылдары аралығында САРАТС-2 түзетілген ТЭН-ге Қызылорда облысының мемлекеттік органдардың, министірліктер мен ведомствалардың келісімдері мен сараптамаларының оң қорытындысы алынды.
Сондай-ақ 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 15 экономикалық сараптаманың оң қорытындысы алынды және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 33-ПИР бұйрығымен бекітілген.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі САРАТС-2 жобасын іске асыруды қаржыландыруға Дүниежүзілік Банктен заем қаражатын тарту туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта Дүниежүзілік Банкпен САРАТС-2 жобасының кіші жобаларының ТЭН-не жобаны бағалау бойынша қажетті жұмыстар өткізілуде.
Кіші жобалардың қысқаша сипаттамасы:
1. Қызылорда су торабының сол жағалаудағы магистралдық каналының шлюз-реттеуіші
Кіші жобаның мақсаты:
-
аумағы 63,2 мың га сурармалы жерлерді тұрақты сумен қамтамасыз ету;
-
аумағы 250 мың га болатын жайылымдар мен шабындық жерлерді суландыру.
Кәсіпорынның қуаты:
а) қарастырылатын кезеңге жалпы болдырмау шығыны – 78 575,08 млн. теңге;
б) құрылыс құны – 1 344,34 млн.теңге.
Жұмыстың негізгі түрлері:
-
шлюз-реттеуіш пен су бұратын каналдың зақымданған темір-бетонды құрылымдарды жөндеу;
-
жаңа автомобиль көпірін салу және каналды қаптау;
-
рисберманың бұзылған ағаш шпунт қабырғаларын темірге ауыстыру және автореттеуіштің деңгейі датчигінің арна құдығын орнату;
-
қайықпен өтетін габиондармен бекітілген субекеті арнасын және бас су тастағыштан 1 км орналасқан диспетчер компьютеріне мәліметтер беретін деңгей датчигін орнататын жағалау құдығын салу;
-
астыңғы және жоғарғы тұстамалар мен олардың көтергіштерін жаңаға, сонымен бірге электротехникалық қондырғылар мен кабель бойын түгел ауыстыру;
-
басқару мен су есебін автоматтандыру және т.б.
2. Су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттері
Кіші жобаның мақсаты:
Шардара суқоймасынан жіберілетін, Көксарай суреттегішімен реттелмейтін, сирек қайталатын жылдардың қысқы аса үлкен су мөлшерлерінен, сонымен қатар, Сырдария арнасында мұз тұрып қалған жағдайда су басудан қорғау:
-
5 мыңнан аса халық тұратын Қазалы ауданының Бекарыстанби, Түктібаев және Өркендеу елді мекендері, Қармақшы ауданының Жанажол, Акжар елді мекендері;
-
теміржол мен автомобиль жолдарының кейбір учаскелері;
-
суармалы жерлер, жер суландыру мен коллекторлық-дренаждық жүйелері.
Кәсіпорынның қуаты:
а) қарастырылатын кезеңге жалпы болдырмау шығыны – 52 018,04 млн. теңге;
б) құрылыстың құны – 1 624,77 млн. теңге.
Бөгеттердің негізгі параметрлері:
-
бөгеттердің жалпы ұзындығы - 50 км, оның ішінде Қармақшы ауданы – 21 км, Қазалы ауданы – 29 км;
-
беткейлерді салу: жоғарғы 1:3 и төменгі 1:2,5;
-
үстіңгі бөктер ені – 4,5 м;
-
әрбір 2 км сайын көліктер айырыласатын орындар ені 7 м, ұзындығы 150 м;
-
елді мекендер, қысқы қоныс және автомобиль жолдары қарсысына бөгеттен түсетін орындар;
-
есептік су деңгейінен бөгеттің үстіңгі бөктер 1,0 м биік;
-
материал – нығыздалған жергілікті топырақ.
3. Сырдария өзенінің арнасын түзету
Кіші жобаның мақсаты:
-
қысқы жоғары су мөлшері өткен кезде 10 мыңнан аса халқы бар Таң, Ақсу және Жалағаш елді мекендерін су басудан және Сырдария өзенінің жағасын су шаюдан қорғау;
-
автомобиль жолдарын, суармалы жерлер, жер суландыру және коллектор-дренаж жүйелерін су басудан қорғау.
Кәсіпорынның қуаты:
а) қарастырылатын кезеңге жалпы болдырмау шығыны – 66 810,42 млн. теңге;
б) құрылыстың құны – 995,98 млн. теңге.
Негізгі параметрлері:
-
шұңқырдың (ордың) тереңдігі 1,26-дан 8,32 м аралығында өзгереді;
-
200-ден 750 м3/с су мөлшеріне сәйкес пилоттық ордың гидравликалық еңкіші 0.00029-ға тең.
4. Қазалы ауданының Бірлік ауылы маңында автомобиль көпірі
Кіші жобаның мақсаты:
-
Сырдария өзенінің екі жағалауында орналасқан ауылдар мен шаруашылық нысандар арасында жыл бойы қалыпты сенімді автотранспорттық байланысты қамтамасыз ету;
-
транзитті авторанспортқа қолайлы жағдай жасау;
-
қалқымалы көпірді жою арқылы Сырдария өзені арнасының су өткізу мүмкіндігін жақсарту.
Кәсіпорынның қуаты:
а) қарастырылатын кезеңге көпірді салудан жалпы пайда – 14 559,81 млн. теңге;
б) құрылыстың құны – 3 332,76 млн. теңге.
Негізгі параметрлері:
-
көпірдің ұзындығы – 264,7 м;
-
көпірге кіре беріс, топырақ төсемінің ені 12 м, жол төсемінің ені 8 м жергілікті материалдан;
-
жолды ұйымдастыру (қоршаудың металл брусы, жол белгілері және жүргінші жолының белгілері);
-
автомобиль жолының III техникалық санатына тиісті транспорттық құрылыстың есептік күші А11 және НК-80;
-
2030 жылғы есептік үдемелі қарқындылық -
1104 авт./тәулік;
-
көпірдің шектік көлемі 2.05.03-84* ҚР ҚНжЕ 1.20* тармағына сәйкес.
-
Арал ауданында Қамыстыбас пен Ақшатау көлдерінің жүйелері
Кіші жобаның мақсаты:
-
Сырдария өзенінің сағасындағы Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін қалпына келтіру;
-
жалпы ауданы 40,45 мың га. көл-сазды жүйелерді сумен қамтамасыз ету, оның ішінде көлдер – 33,979 мың га және саздар – 6,48 мың га;
-
аймақта тұратын халықтың әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық өмір сүру жағдайын жақсарту.
Кәсіпорынның қуаты:
а) балық аулау – 2829,3 тонна/жылына;
б) ондатра терісін әзірлеу – 56,6 мың тері/жылына;
и) шөп әзірлеу – 7380 тонна/жылына;
г) суды тұтыну көлемі – 529,9 млн.м3;
д) құрылыстың құны – 8 414,24 млн. теңге.
Негізгі параметрлері:
-
су өткізу қабілеті - 800 м3/с Аманөткел-2 су торабы;
-
су өткізу қабілеті – 5-40 м3/с және жалпы ұзындығы
26,75 км суландыру арналары (каналдар) – 8 дана;
-
есептік мөлшері 5-40 м3/с суөткізгіштер – 9 дана;
-
жалпы ұзындығы 13,3 км есептік мөлшері 10-15 м3/с сутастағыш каналдар иамраттары – 2 дана;
-
жалпы ұзындығы 14,9 км қорғаныс бөгеттері;
-
құбыр көпірлер – 4 дана;
-
пайдалану қызметінің ғимараты – 2 дана;
-
сыртқы электр энергиясымен қамтамасыз ету (ұзындығы 17,27 км 10 кВ электр тарату жүйесі) және байланыс құралдары;
-
жалпы ұзындығы 37 км пайдалану жолдары;
-
Райым өзегіндегі көпір – 1 дана.
-
Арал ауданында Қамыстыбас балық питомнигі Тастақ учаскесіндегі балық өсіру тоғандарын кеңейту
Кіші жобаның мақсаты:
-
Арал теңізінің Солтүстік бөлігінің, атырау көлдерінің және Сырдария өзенінің балық өнімділігін тездетіп қалпына келтіру;
-
балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік жасау;
-
жергілікті халыққа жаңа жұмыс орындарын ашу.
Кәсіпорын қуаты:
а) тоғандардың жалпы алаңы – 158,7 га;
б) балық отырғызу материалын өндіру көлемі:
- сеголеткалар – 2,48 млн. дана;
- екі жылдықтар – 1,62 млн. дана;
в) суды тұтыну көлемі - 4,198 млн. м3 жылына;
г) құрылыс құны – 4 191, 49 млн. теңге
Негізгі параметрлері:
-
өткізгіш қабілеті 1 м3/с және барынша қысымы 4,5 м су алғыш имараты;
-
өткізгіш қабілеті 1 м3/с және барынша қысымы 4,5 м балық қорғауыш құрылыс;
-
ұзындығы 1 670 м канал-ор;
-
өнімділігі 0,86 м3/с және барынша қысымы 56 м насос стансасы;
-
су беретін жүйе (ұзындығы 3,15 км, диаметрі 500-600 мм құбыр мен құдықтар – 9 дана);
-
ұзындығы 8,93 км, диаметрі 100-500 мм таратушы жүйе;
-
жалпы көлем ауданы 158,7 га тоғандар -118 дана;
-
ұзындығы 29,97 км балық тастағыш - құрғату жүйесі;
-
ұзындығы 11,1 және 2,12 км тастағыш және тау жақ каналдарына сәйкес;
-
әрқайсысы 20 данадан құламалар мен өткелдер;
-
өнімділігі 10 млн данаға дейін инкубация цехы
САРАТС-2 жобасын іске асырудан күтілетін нәтижелер:
1. 63,2 мың га. алаңға суармалы жерлерді орнықты сумен қамтуды және 250 мың га. алаңға жайылымдар мен шөп шалғындарды суландыруды қамтамасыз ету.
2. Сырдария өзенінің арнасында мұзды бөгелуінде, сирек қайталануы жылдарында Көксарай су-реттегішінде реттелуді қамтамасыз етпейтін Шардары су қоймасынан кезеңді қысқы жоғарғы су жіберуден қорғау:
-
Қазалы ауданының Бекарыстанби, Түктібаев пен Өркендеу, қармақшы ауданының Жаңажол, Ақжар 5 мыңнан аса халық санымен елді мекендер, Таң, Ақсу және Жалағаш 10 мыңнан аса халық санымен елді мекендер;
-
темір және автомобиль жолдарының жекелеген учаскелері;
-
суармалы алаңдар, ирригациялық және коллекторлық-дренаждық желілер.
3. Сырдария өзенінің екі жақ жағалауында орналасқан халық пен шаруашылық нысандарының тұрақты жыл бойғы сенімді автокөліктік байланысын қамтамасыз ету, транзиттік автокөлік үшін қолайлы жағдай және қалқымалы құламаларды жою арқылы Сырдария өзені арнасының өткізу қабілетін жақсарту.
4. Сырдария өзенінің төменгі жағында Қамыстыбас және Ақшатау көлдерінің жүйесін қалпына келтіру, 40,45 мың га. жалпы алаңға сулы көл-балшықты жүйелерін сумен қамтамасыз ету, соның ішінде көлдер – 33,979 мың га және балшық – 6,48 мың га.
5. Сырдария өзені мен атырау көлдері, Солтүстік Арал теңізінің балық өнімділігін қалпына келтіруді жеделдету, балық шаруашылығын дамыту мүмкіндігін құру және жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құру.
САРАТС-2 жобасының түйіндемесі
1. Жалпы, барлық ішкі жобалар өзара байланысты, және Көксарай суреттігіш мен САРАТС-1 жобасы щеңберінде салынған және қалпына келтірілген гидротехникалық ғимараттармен бірге Сырдария өзенінің алқабында су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Көксарай суреттігішімен реттелмейтін сирек қайталатын қысқы және көктемгі сутасқының жоғарғы су мөлшері, сонымен бірге Сырдария өзенінде мұз тұрғанда елді мекендер мен халықшаруашылығы нысандары субасудан қорғалады.
2. Солтүстік Арал теңізін қайта құру туралы шешім ешкімге бағынышты емес кеңесшілермен дайындалған аталған ТЭН нәтижелерін сұрыптау және салыстыру, сонымен бірге жан-жақты талқылау арқылы қабылданады.
3. Жобаның барлық компоненттерін жүзеге асыру Арал өңірінде әлеуметтік –экономикалық және экологиялық жағдайларды, сонымен қатар аймақтың халқының өмір сүруін жақсартуға ықпалын тигізеді.
-
Қосымша 2
ЖОБАНЫҢ 1 КЕЗЕҢІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН БАҒАСЫ
|
Атауы
|
Бағасы,
млн. тенге
|
|
Қызылорда су торабының Сол жағалаудағы магистралдық каналы шлюз-реттеуіші
|
1 344,34
|
|
Сырдария өзенінің арнасын түзету
|
995,98
|
|
Су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттері
|
1 624,77
|
|
Бірлік ауылы маңындағы автомобиль көпірі
|
3 320,76
|
|
Арал ауданында Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесі
|
8 414,20
|
|
Арал ауданында Тастақ учаскесіндегі балық өсіру тоғандарын кеңейту
|
4 191,49
|
|
Жиынтығы
|
20 387,93
|
|
Кеңестік қызметтер мен техникалық көмек
|
|
|
Жобаның екінші кезеңі ішкі жобаның ТЭН-сін әзірлеу
|
307,40
|
|
Жобаны басқару
|
1 669,6
|
|
Гидробекетті салу/қайта жабдықтау
|
164,59
|
Математикалық моделді енгізу
|
150,8
|
Барлығы
|
22 208,34
|
|
Қосымша 1
Қосымша 3
САРАТС-2 ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
№ р/с
|
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
Өлшем саны
|
1
|
Суармалы жерлерді тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету
|
мың. га
|
62,4
|
2
|
Елді мекендерді су тасқынынан қорғау
|
мың.адам
|
30
|
3
|
Суармалы жерлерді су тасқынынан қорғау
|
мың. га
|
5,4
|
4
|
Автомобиль және темір жол, каналдар мен кәріз жұйелерін кейбір учаскелерін су басудан қорғау
|
|
|
5
|
Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйелерін қалпына келтіру:
- балық аулау
- ондатр терілерін дайындау
- шөп дайындау
|
мың. га
тонна/жыл
мың тері/жыл
тонна/жыл
|
34
2829,3
56,6
7380
|
6
|
Қамыстыбас балық питомнигі Тастақ учаскесінің балық өсіру тоғандарының аумағын кеңейту
|
га
|
158,7
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |