Дайындық бөлімі
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, Сабақтың тақырыбымен
таныстыру, барысы туралы айтып өту.
Бұрылу жаттығулары.
ІІ. Жалпы қыздырыну жаттығулары.
ІІІ.Арнайы дайындық жаттығулары.
ІҮ. Үй тапсырмасын тексеру.
|
2 мин
3-4рет
3 мин
3 мин
5 мин
|
Спорттық форманың
сақталуына назар салу.
Қауіпсіздік техникасын
ескеру
|
Негізгі бөлімі
|
І. Оқушыларға асық ойындарын үйрету.
1. Шеңбер ойыны. Шеңбер ойынында шеңбер сызығы сызылады. Ортасына әр ойыншының бір-бірден асығы тігіледі. Ойыншылар сақасын иіру арқылы кім ойынды бастайтынын анықтайды. Ойыншылар ортадағы асықты атып шыға-рып алуға тырысады.
2. Ханталапай. Ханталапай ойынында қанша асықтан тігуіне ойыншылар өздері келіседі. Ойын сақаларын иіру арқылы басталады. Ойынды бастаған ойыншы асықтарды уысына ұстап шашады. Алшы тұрған асықты алшыға, шік тұрған асықты шікке, бүкті-бүкке тигізу арқылы асқтарды жинап алады.
ІІ. Асық ойындарын ережесімен таныстыру және ойнату.
|
2 мин
5 мин
5 мин
15 мин
|
Асық ойндарымен таныстырып өту.
Ойынға пайдаланылатын асықтар егелмеген, қорғасын құйылмаған сым оралмаған болуы керек.
Ойыншылар қодарымен шеріп тигізуі керек.
Бір асық «хан» сайланады ханға тигізбеу керек.
Ойынды қадағалап тұру.
|
Қорытынды бөлімі
|
І. Сабақты қорытындылау.
ІІ. Қателікке бой алдырған оқушыларға
Қателіктерді келешекте болдырмау үшін үйге қосымша жаттығулар түрлерін тапсыру.
ІІІ.Белсенді оқушыларды атау, олардың жетістіктерін үлгі ету. Бағалау.
ІҮ. Үйге тапсырма. Өтілген жаттығулар түрлерін қайталау.
Ү. Денені тиыштық күйге келтіру жаттығулары.
ҮІ. Күнделікке баға қою. Қоштасу.
|
1 мин
1 мин
30 сек
1 мин
30 сек
1 мин
|
Оқушылармен жеке жұмыс.
Қателіктерді болашақта болдырмауға тырысу
керекті және оны
қандай жаттығулар арқылы жоюға болатындығын түсіндіру.
|