Сабақтың тақырыбы Бұқаралық ақпарат құралдары. Себеп бағыныңқы сабақтас



бет1/2
Дата25.02.2024
өлшемі0.73 Mb.
#493142
түріСабақ
  1   2
9-сынып Қазақ тілі Бұқаралық ақпарат құралдары 21.02


Тексерілді Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Пән атауы: қазақ тілі



Бөлім:

Бұқаралық ақпарат құралдары.Синтаксис

Педагогтің аты-жөні:

Темирбекова К.А.

Күні:

21.02.24ж

Сынып:

9

Сабақтың тақырыбы

Бұқаралық ақпарат құралдары.Себеп бағыныңқы сабақтас.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау

Сабақтың мақсаттары

Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

  • мәтіннің мақсатын анықтайды;

  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

  • құрмалас сөйлемдерді ажырата алады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут


Оқушыларға бөлім атауына сай суреттер көрсетіледі. Суреттерге қарай отырып, оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Әңгімелесу, сұрақ-жауап жұмыстары жүргізіледі.





  • Суреттерде не бейнеленген?

  • Суреттер туралы не айта аласыз?

Сабақтың оқу мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге талқыланады.

МД слайд

Сабақтың ортасы

15 минут



15 минут

Тыңдалым алдындағы тапсырма

  • Бұқаралық ақпарат құралдарының қандай түрлері бар?

  • БАҚ-тың қолданушылары кімдер?

  • БАҚ біздің өмірімізге қалай әсер етеді?

  • Сіз және сіздің жақындарыңыз қандай ақпарат құралдарын жиі пайдаланасыздар? Неге?

Тыңдалым тапсырмасы
«Қазақ журналистикасының әлсіз тұстары неде?» тақырыбында аудио мәтін тыңдалады.
1-тапсырма
Мәтінді тыңдай отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Қазақ журналистикасы нені талап етуде?
2.БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен семинарда қандай сұрақтар талқыланды?
3.«Егемен Қазақстан» газеті редакторының журналистерге айтқан талабын жазыңыз.
«Журналистерге біріншіден, ___екіншіден, ____үшіншіден, _____ қажет»
4.Журналистер асығыстық танытып, қандай кемшіліктерге бой алдырады?
2-тапсырма
Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
А. журналистерге ақыл-кеңес беру
В. қазақ журналистикасын дамыту жолдары
С. сұхбат алуды үйрету
(жауаптарын слайд арқылы не ауызша тексеруге болады)
Тыңдалымнан кейінгі жұмыс
Себеп бағыныңқы сабақтас— бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің болу-болмауының себебін білдіріп, басыңқы компоненті сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін сабақтас сөйлем.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет