«Бекітемін»
______________ ______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Барлау.Барлаудағы взвод.
-
Сабақтың мақсаты:
-
Уақыты: 45 мин.
-
Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
-
Өткізілетін күні:
-
Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.
-
Мотоатқыштар взводы тауда қандай учаскелерді қорғауы мүмкін?
-
Шолу қиын учаскелерді қалай бақылайды?
-
Өлі кеңістік дегеніміз не?
-
Шабуылдаушы қарсыласты жою қай жерден басталады?
-
Шөлді аймақтарда қандай жерлерді басып алу мақсатында ұрыс жүргізіледі?
-
Оқпаналар мен орлар қалай жабдықталады?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Қазіргі ұрыстардағы барлаудың рөлі
Барлау – кез-келген жағдайда әскерлердің ұрыс қимылдарынқамтамасыз етудің маңызды түрі болып табылады.Ол қарсылас, жергілікті жер және бөлімшелердің алдағы қимыл ауданының ауа райы туралы мәліметтерді табу,жинау,зерттеу іс-шараларының жиынтығынан тұрады.Ұрысты дайындау және табысты жүргізуге қажетті барлау мәліметтерін алу үшін оны барлық деңгейдегі командирлер мен штабтар ұйымдастырады.
Қарсыласты талқандау үшін ірбір командир оның күшті және әлсіз жақтарын,күштері мен құрамын,оның ниетін және т б білуі керек.Мұндай мәліметтерсіз жеңіске жету қиын.
Қазіргі заманғы ұрыс сипаты,жаппай жою құралдарын қолдану- барлау мәнін күрт көтерді,тиісінше өзі оған қойылатын талаптарды да күшейтті.
Взводты барлау жүргізугедайындау кезінде бүкіл қару жарақты мұқият тазалау,майлау, дәлдеу,қару жарақты,азық түлік пен медициналық заттарды қажетті мөлшерге дейін толықтыру жүргізіледі.Барлық ұрыс заттары мұқият,сенімді,ыңғайлыорналастырылп, бекітілуі керек.Ұрыс машиналары тексеріліп,техникалық жарамды,жанар-жағар май толық құйылған,байланыс құралдары көрсетілген жиілікке қойылған болуы керек.Түнде көру құралдары ,навигациялық аспаптар тексеріліп,жұмысқа даярланады.
Барлау міндеттері:
-
Қарсыластың жаппай жою құралдарын қолдану координаттарын анықтау/кез келген барлаушының бірінші міндеті/;
-
Берілген секторлар мен бақылау жолақтарында,барлау жолақтары мен бағыттарында көршілердің және өз бөлімшелерінің қимылын,қарсыласты және жергілікті жерді бақылауды жүргізу;
-
Қарсыластың ұрыстық ретіндегі ашық қапталдарын,түйіспелерін, аралықтарын және олардың берік қорғалмаған учаскелерін анықтау;
-
Қарсыласты табу,оның орналасу ауданын,күштерін,құралын,топтастығын,қимыл сипатын,ниетін,ұрыс қабілетін,бөлімдер мен бөлімшелердің нөмірленуін анықтау;
-
Басқару пункттерінің,байланыс тораптарының,радиотехникалық құралдарының,атыс құралдарының ,ианк,артиллерия,минаатар,танкіге қарсы құралдары мен қарудың басқа түрлерінің нақты орнын белгілеу;
-
Қорғаныс құрылыстары мен инженерлік-химиялық бөгеттерді барлау;
-
Жергілікті жер сипаты мен қорғаныштың қасиетін жер бедері, табиғи бөгеттер,жол,көпір, су тосқауылдарының жай күйін,алдағы ұрыс қимылдарының ауданын және бөлімшелердің ұрыс қимылдарына жергілікті жердің әсерін зерттеу;
-
Қарсыластың ұрысқа дайындық сапаларын және ұрыстық қолдану тиімділігін анықтау мақсатындаолардың қару жарағының жаңа үлгілерін қолға түсіру.
Взводтың барлау жүргізу тәсілдері
Бақылауды взвод командирі де ,мотоатқыш взводының барлық құрамы да жүргізеді.Жер үсті және әуе қарсыластарын бақылау үшін взводта және әр бөлімсде бақылаушы жауынгер тағайындалады.ЖҰМ-нан,танкіден,айнала бақылау жүргізіледі.Бақылау секторлары бақылау аспаптарының ,атыс саңылауларының және жеке құрамның орналасуына қарай тағайындалады.Бақылау кезінде алдымен жақын жатқан жерлер,содан соң алыс шептер қаралады.Бақылаушыда карта,сағат,компас,байланыс құралы және бақылаушы журналы болуы керек.
Торуылды ұрыстың барлық түрінде барлау жүргізудің бір әдісі ретінде барлау шолғыны және барлау шолғыны жіберген шолғын бөлімі сонымен бірге осыған арнайы берілген взвод қолданады.Жақсы ұйымдастырылған және дайындалған торуыл- қарсылас үшін тор іспеттес.Оған түсу оңай , шығу қиын.Барлаудың бұл әдісін көбіне танк бөлімшелері қолданады.торуыл қарсылас қимылының ықтимал бағыттарында ұрыстық ретке тез жазылуы қиын жерлерде ұйымдастырылады.
Орман, елді мекен шеті,қарсылас жағындағы бейіттер,көпірлерге, өткелдерге, темір жол станцияларына кіре берісте торуыл ұйымдастыру қолайсыз.Өйткені қарсылас мұндай аудандарға жақындағанда өте сақ болады,тұтқиылдан торуыл жасау мүмкіндігі азаяды.
Торуыл мақсаты – аз күштердің кенеттен атысы арқылы күші жағынан басым қарсыласты жою және тұтқынға алу,маңызды құжаттар, қару- жарақ,жабдықтар мен ұрыс техникасының үлгілерінқолға түсіру,сондай-ақ дүрбелең тудырып, қарсыластың ядролық шабуыл құралдарын жою.
Іздеуді барлау жүргізудің әдісі ретінде мотоатқыш немесе штаттық барлау взводы қолданады.Іздеуді жүргізуге белгілегне взвод әдетте бөгет құралдары бар саперлер бөлімімен күшейтіледі және артилериялық, минаатарлық атыс тармен сүйемелденеді.Іздеу қарсылас орналасқан тереңдікте де , алдыңғы шеп алдында көбінесе түнде немесе көрінуі шектеулі жағдайларда жүзеге асырылады.Іздеудегі взводты түнде басқаруды взвод клмандирі электр шамымен белгі беру,баулар көмегімен,дауыстап пәрмен беру арқылы жүзеге асырылады.
Тап беру – барлау әдістерінің бірі – ол көп жағынан іздеуге ұқсас,айырмашылығы- шолғын жібереген командирдің рұқсатымен барлау шолғынының барлау жүргізу барысында жүргізіледі.
в) Қорытынды бөлім – 7 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Барлау дегеніміз не ?
-
Барлаушының бірінші міндеті не?
-
Барлау жүргізу тәсілдерін ата ?
-
Бақылаушы жауынгерде не болуы керек?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Достарыңызбен бөлісу: |